Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті в Шымкент университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Тұлғааралық және мәдениаралық коммуникация жасай алатын, қазақ тілі мен әдебиетін өзге ұлт өкілдеріне үйретудің ғылыми-әдістемелік мәселелерін жан-жақты меңгерген, бәсекеге қабілетті, кәсіби білікті қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Шымкент университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Қазақ диалектологиясы
Тіл біліміне кіріспе
Қазақ тілінің фонетика және лексикологиясын оқыту әдістемесі
Латын графикасына көшу мәселелері
Ежелгі дәуір әдебиетінің тарихы
Қарахан дәуір әдебиеті
Халық ауыз әдебиеті
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері
-
2 Оқу жылы
Экономика және құқық
Әдебиеттануға кіріспе
Қазақ тілінің лексикологиясы және оны оқыту әдістемесі
Педагогика
Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық
Сөздік құрамды зерттеу
Жасанды интеллект
Білім берудегі менеджмент
Қазақ тілінің морфологиясы және оны оқыту әдістемесі
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Бағалаудың кретериалды технологиялары
Морфология практикумы
-
3 Оқу жылы
Қазақ тіліндегі оқытпайтын мектептердегі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Әдеби тіл нормалары
Салыстырмалы грамматика
Көркем әдебиет стилистикасы
Тұрақты даму мақсаттары: (инклюзивті білім беру, тұрақты даму, сыбайлас жемқорлық, ғылыми зерттеу, тіршілік қауіпсіздігі мен экология).
Қазақ-орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
Стилистика
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілін оқыту әдістемесі
Сөздіктің түрлері
Түркітануға кіріспе
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
Тіл білімінің тарихы
Қазіргі қазақ тілінің фразеологиясы
Практикалық қазақ тілі
Бодандық дәуіріндегі әдебиеті
Аударма теориясы мен әдістемесі
Сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет
Қазақ-орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
-
4 Оқу жылы
Қазақ кеңестік өнердің дамуы
Қазақ тілінің синтаксисі және оны оқыту әдістемесі
ХІХ-ХХ ғасыр басындағы әдебиеті
Кеңес дәуіріндегі әдебиет
Тәуелсіз қазақ әдебиеті
Қазақ тілін жаңа технология бойынша оқыту
Қайта өрлеу дəуіріндегі əдебиет
Абайтану
Көркем мәтінді лингвистикалық талдау
Қазіргі әдеби процесс
Шəкəрімтану
Орхон Енисей жазулары
Тәуелсіз жылдардағы қазақ әдебиеті
Шетел әдебиетінің тарихы
Қазіргі қазақ әдебиеті
Көркемдік сөз жəне стилистика
Мәтін синтаксисі
Жалпы тіл білімі
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми және философиялық таным әдістерімен табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда түсінеді. Философия негіздерін білу арқылы қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған шындыққа баға береді. Мифологиялық, діни, ғылыми дүниетанымның мазмұнын, ерекшеліктерін интерпретациялайды. Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын, өзіндік ерекшелігін терең түсінеді.
- Экономика және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу бойынша білімдерін көрсетеді, жеке адам мен қоғамның экономикалық қызметіндегі этикалық нормалар мен моральдық құндылықтардың мәнін түсінеді. Қаржылық және бизнесті жоспарлау және ұйымдастырудағы бастапқы дағдыларын қалыптастырады, қоғамның экономикалық өміріндегі көзқарастарын дамытады
- Қазақстанның қазіргі заманғы оқиғаларының себептері мен салдарын талдау үшін тарихи сипаттау әдістері мен тәсілдерін қолданады. Оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын үйренеді. Пәнді оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды, цифрлық білім ресурстарын пайдаланады. Дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік, кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтын ұстанады.
- Тұлғааралық, мәдениетаралық, өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша, жазбаша түрде қарым-қатынас жасайды. Грамматикалық білімдер жүйесін, белгілі бір тілде тиісті ниет білдірудің прагматикалық құралдарын жеткілікті көлемде түсінеді. Әлеуметтік, этикалық, ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды,түсіндіруді жүзеге асырады.
- Тұрақты даму мақсатындағы жаһандық әріптестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру, инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды психологиялық-педагогикалық мәселелерін түсіну, ғылымның біртұтастығы идеясын түсіндіру үшін адам өмірінде болып жатқан құбылыстар мен процестер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды жалпылау және талдау.
- зерттеудің нәтижелерін жинақтай білу; әдебиет саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету; кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолдану; дәлелдерді қалыптастыру және оқытылатын саладағы мәселелерді шешу; этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыру;
- Әлеуметтік-саяси кластерді зерттеуге арналған ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолданды. Ғылымдардағы білімді интеграциялық процестердің қазіргі заманғы өнімі ретінде синтездейді. Зерттеудің нәтижелерін жинақтайды. Жаңа білімді, ғылыми зерттеулердің әдістерін, академиялық хаттарын оқытылатын салада қолданады.
- Педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттерін, күтілетін нәтижелерін оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Өзінің моральдық, азаматтық ұстанымын дамытады. Тіл білімінің теориялық негіздерін, жазба әдеби тілдің тарихи даму кезеңдерін, стильдерін меңгереді. Оқытылатын салада оқу-практикалық, кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық, практикалық білімді қолданады
- Этикалық, ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинайды. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа технологиялары бойынша оқытудың озық әдістемелік тәсілдерін меңгереді. Білімдерін практикада қолданады. Тіл білімінің теориялық және практикалық негіздерін меңгереді. Тіл білімі ғылымындағы концепция, теория мен бағыттарға, құбылыстар мен үдерістерге сыни тұрғыдан талдау жасайды. Тіл білімінің теориялық негіздерін, жазба әдеби тілдің тарихи даму кезеңдерін, стильдерін, латын графикасына негізделген әліпбиді меңгереді.
- Осы ғылымдардағы білімді интеграциялық процестердің қазіргі заманғы өнімі ретінде синтездейді. Нақты ғылымды, сондай-ақ бүкіл әлеуметтік-саяси кластерді зерттеуге арналған ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолданады. Талдаудың әдіснамасын таңдайды. Әдебиеттану ғылымының теориясы мен қазақ әдебиеті тарихының даму кезеңдерін жетік меңгереді. Фольклорлық үлгілер мен көркем шығарманы талдау арқылы шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді. Тіл білімі, ұлттық, әлем әдебиеті саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Ұқсас БББ
6B01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Шымкент университеті
6B01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)