Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01723 Қытай тілі мұғалімі в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікті меңгереді, өз бетінше оқуды дамытады; педагогикалық және қоғамдық қызмет аясында кәсіби қатынастар орнатады және қолдайды; кәсіби қызмет шеңберінде денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған әдістер мен құралдарды қолданады.
  • Қазақ халқының тарихының негізгі кезеңдерін, оның мемлекеттілігі мен өркениетінің эволюциясын сипаттайды; ғылыми зерттеу әдістерін, аналитикалық тәсілді және академиялық жазу дағдыларын меңгереді; ғылыми және педагогикалық қызметте академиялық адалдық қағидаттарын сақтайды.
  • Жеке және кәсіби дамуына мақсат қояды; ақпаратты сыни тұрғыдан ойлайды және талдайды; өзінің әлеуметтік, этикалық және ғылыми құндылықтарын бағалайды; оқыту әдістерін қазіргі білім беру практикасының талаптарына сәйкес бейімдейді.
  • Оқыту мен ұлттық тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, соның ішінде инклюзивті білім беру жағдайларын түсінеді; оқушылардың әртүрлі қабілеттерін ескере отырып, олардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етеді.
  • Білім берудегі заманауи теориялық тұжырымдамаларды сыни тұрғыда таңдайды және түсіндіреді; кәсіби даму мен білім беру үдерісін жетілдіру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және жасанды интеллект құралдарын пайдаланады.
  • Қытай тілін оқыту үдерісінде туындайтын құбылыстар мен үдерістер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды талдайды және жинақтайды.
  • Қытай тілін орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын меңгереді, белгілі бір тілдік материал негізінде тіл мен әдебиеттің өзара әрекет жасауына талдау жүргізе алады;
  • Тілдік құзыреттілікті дамыту үшін IT-технологияларды қолданады; қытай тілінде жаратылыстану пәндерін оқытуда CLIL әдістемесін пайдаланады; оқушылардың аналитикалық және сыни ойлауын мәдениетаралық құзыреттілікті дамыту арқылы қалыптастырады.
  • Педагогика және оқыту әдістемесі саласындағы оқу-тәжірибелік және кәсіби міндеттерді шешеді; қазіргі педагогикалық технологияларды қолдана отырып, оқу қызметін ұйымдастырады.
  • Ғылыми зерттеу мен академиялық жазудың инновациялық әдістерін қолданады; кәсіби міндеттерді академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып шешуге заманауи тәсілдерді пайдаланады.
  • Білім алушыларды өзін-өзі бағалауды және лингвистикалық толеранттылықты қалыптастыруға ынталандырады, тілдік материалды өз бетінше талдай алу қабілетін көрсетеді, тілдік білімді сертификаттау талаптарына сәйкес тілдік дағдылардың белгілі бір деңгейін игереді;
  • Қытай тілін үйренуде, оның тарихын, этимологиясын, лексикологиясын, стилистикалық ерекшелігін және басқа факторлары тұрғысынан оқу-практикалық және кәсіби мәселелерді шешу үшін теориялық білімді меңгереді және қолданады;
Top