Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01416 Көркем білім, графика және жобалау в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Философия, ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістері, академиялық жазу дағдылары, сондай-ақ ғылым, жоғары білім және еңбек нарығының интеграциясын қамтамасыз етуге ұмтылу саласындағы терең білімді көрсету;
  • Мәдени мұраны зерттеудің әртүрлі арт-стратегияларын және студенттік ортада әлеуметтік құндылықтарды ілгерілетуді, арт-педагогиканың пәнаралық салалары контекстінде жаңа жағдайларда мәселелерді шешу;
  • Студенттердің жас және психофизикалық ерекшеліктеріне сәйкес көркемдік білім беруді жобалаудың жаңа тәсілдерін, сондай-ақ өз тәжірибесі мен әріптестердің тәжірибесінің рефлексиясын талдау, бағалау және синтездеу;
  • Білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, көркемдік білім беру саласында оқушыларды оқыту мен дамытудың бағдарламаларын, әдістемесін әзірлеу және мемлекеттік және шет тілдерінде мамандар мен басқа да маман ортасында сауатты презентация жасау;
  • Білім алушыларды таңдалған кәсіптің құндылықтарымен таныстыру, сонымен қатар жаңа білім алу және арт-педагогикамен байланысты кез келген салада өз бетінше оқуды жалғастыра отырып, ғылыми зерттеулер мен шығармашылық жобаларда бакалавриат бойынша білім алушыларының ынтасы мен белсенділігін арттыру стратегияларын іске асыру;
  • Кәсіби және жеке өзін-өзі тәрбиелеуді жүзеге асыру, көркем білім беру саласында және онымен байланысты гуманитарлық салаларда одан әрі білім беру маршруттары мен кәсіби мансаптарын жобалау;
  • Қосымша білім беру және арнайы көркем білім берудің әртүрлі деңгейлік бағдарламалары бойынша білім алушылардың қызметін ұйымдастыру, жетістіктерін диагностикалау және бағалаудың инновациялары мен заманауи әдістемелері мен технологияларын оқу процесіне экстраполяциялау;
  • Білім беру ортасын қалыптастыру және оқытылатын пәндердің мазмұнын, студенттерге бағытталған оқыту мен бағалау принциптерін жетілдіре отырып, формальды және бейресми контексте көркем білім беру саласындағы инновациялық білім беру саясатының міндеттерін іске асыруда кәсіби білім мен дағдыларды пайдалану.
Top