Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01515 География в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Географияны оқыту саласында білікті, әртүрлі кәсіби және өмірлік жағдаяттарды шеше алатын, кәсіби қызметті жүзеге асыруда жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие педагог кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M015 География педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Географиялық орта құрылымы және даму заңдылықтары
Шет тілі (кәсіби)
Жердің дамуы және географиялық заңдылықтар
Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы
Географиялық зерттеулердің теориясы мен практикасы
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Ғылым тарихы мен философиясы
Географиядағы ғаламдану үрдістері
Географиядағы статистикалық әдістер
Географиялық білім беру мазмұнын жобалау және инновациялық технологиялар
Табиғи-техногендік жүйелердің геоэкологиялық процестерінің даму тенденциялары
Геоэкология және табиғатты пайдалану негіздері
Қазіргі әлемдік ғаламдану
Тұрақты дамудың географиялық аспектілері
Жобаларды басқару
Профессии
Оқыту нәтижелері
- білім алушылардың бірлескен және жеке оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыруды жобалайды және олардың іске асырылуын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді даярлайды;
- жаңа идеяларды тудырады және географиялық білім беруді дамытудың қазіргі заманғы үрдістерін сыни бағалайды;
- географиямен байланысты пәнаралық салалар шеңберінде білімді қолданады, жаңа немесе таныс емес жағдаяттарда мәселелерді шешеді;
- географиялық ақпаратты талдайды және мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде сәйкесінше тұжырымдар мен қорытындыларды сауатты тұжырымдайды;
- географиялық білім берудің мақсат-міндеттеріне жауап беретін педагогикалық технологиялар мен техникалық құралдарды таңдайды және оларды географияны оқытуда қолданады;
- зерттеу және практикалық міндеттерді шешу үшін білімді болжау және жоспарлау мен синтездеу әдістерін практикада қолданады;
- білімді кіріктіреді, этикалық және ақпарат негізінде әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып пайымдау жасай алады;
- кәсіби-педагогикалық қызметте зерттеудің жаңа әдістерін меңгереді, географиялық ғылым жетістіктерін шығармашылықпен қолданады және ҒЗЖ нәтижелерін қорытындылай алады;
- педагогикалық үрдістің барлық қатысушыларының рухани-зияткерлік әлеуетін дамытуға арналған жасампаз, шығармашылық бастамалар үшін қоғамдық мекемелермен «білім алушы-педагог-отбасы» жүйесінде өзара әрекет жасайды;
- заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргізеді, сондай-ақ білім беру үдерісінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланады;
- жобалық басқарудың ерекшеліктерін меңгереді және білім беру жүйелерін басқарудағы жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын зерделейді.