7R01107 Кардиология (ересектер, балалар) в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Денсаулық сақтау саласына дербес кәсіби қызметке қабілетті және әмбебап білікті дәрігер кардиолог мамандарын тереңдетіп даярлау.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 210
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R001 Кардиология ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Жүктілердегі кардиопатология
Пәнді оқу кезінде резиденттерде жүктілерде дамитын жүрек жеткіліксіздігігі мен ырғақ бұзылыстарын ертерек диагностикалауды және тиімді басқаруды үйренеді. Жүктілерде анықталған кардиопатологияны басқа да денсаулық сақтау мамандарымен (гинеколог, репрадуктолог, реаниматолог, педиатр, неонатолог және т.б.) тиімді өзара әрекеттесу қабілеті қалыптасады. Резиденттер жүктілерде анықталған кардиопатологияларға мамандандырылған тиімді емді тағайындап, этикалық қағидаларды сақтай отырып, жүктілерге қауіпсіз және білікті медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Стационардағы кардиология
Осы пәнді игеру кезінде резиденттерде тәуліктік және күндізгі стационар де ем алатын кардиологиялық патологиясы бар науқастың жағдайын барабар бағалау, сондай-ақ деректер базасындағы ақпараттар мен алдын-ала алынған лабораторлы-инструменталды зерттеулер нәтижелерін талдауға негізделе отырып, мамандандырылған көмек көрсету қабілеті қалыптасады. Білімгерлер стационарлық ем барысындағы тағайындауларына баға беріп, одан әрі өзін-өзі жетілдіру арқылы білімі мен дағдыларындағы кемшіліктерді жоя алады. Сонымен қатар, резидент стационарлық медициналық көмектің жоғары деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету үшін ең тиімді әдістерді қолдана заманауи ем бере алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 80
-
Балалардағы туа және жүре пайда болған жүрек ақаулары
Пәнді игеру кезінде ақпараттық деректер базасында тиімді іздеу жүргізу нәтижелеріне сүйене отырып, туа және жүре пайда болған жүрек ақаулары бар балаларға кардиологиялық көмек көрсету үшін тиісті мамандармен (балалар кардиохирургы, педиатр, неонатолог) өзара әрекеттесу дағдылары қалыптасады. Резиденттер кәсіби міндеттерді орындауға және этикалық қағидаттарды сақтауға бейімділігін көрсетеді. Сондай-ақ, медициналық көмектің жоғары деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету үшін ең тиімді әдістерді қолдана алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ғылыми зерттеу дағдылары
Пәнді оқу кезінде резидент кардиологиялық патологиясы бар науқасқа емдеу, алдын алу және оңалту мақсатында білімді жан-жақты ғылыми дерек көздерінен жинап, шығармашылық және кәсіби ойлауды дамытуға дағдыларын меңгереді. Ғылыми ізденіс бағытталған өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастырады. Резиденттер кәсіби міндеттерді орындауға және этикалық қағидаттарды сақтауға бейімділігін көрсетеді. Медициналық көмектің жоғары деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету үшін дәлелдік медицина принциптерін қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Балалардағы жүректің функциональды бұзылыстары
Пәнді оқу кезінде резидент балалардағы жүректің функциональды бұзылыстары анықталған патологияларының себебін үйрету, жүректің функциональды бұзылыстарының жіктелуі, ажыратпалы диагнозын қоюға, ұстама кезінде күттірмейтін жәрдем көрсету және жүректің функциональды бұзылыстары кезіндегі дәрілерді таңдау машықтарын жетілдіреді. Резиденттер кәсіби міндеттерді орындауға және этикалық қағидаттарды сақтауға бейілділігін көрсетеді. Сондай-ақ, медициналық көмектің жоғары деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету үшін ең тиімді әдістерді қолдана алады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Инвазивті емес кардиоваскулярлық визуализация
Пәнді оқу барысында резидент жүректің инвазивті емес диагностикасында жүректің қызметі мен қанмен қамтамасыз ету туралы тереңдетілген білім алады. Резиденттер кәсіби міндеттерді орындауға және этикалық қағидаттарды сақтауға бейінділігін көрсетеді. Сондай-ақ, медициналық көмектің жоғары деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету үшін ең тиімді әдістерді қолдана алады – әсіресе эхокардиографиялық зерттеулер, тәуліктік холтерлік бақылау, ЭКГ және т.б.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 32
-
Қарқынды кардиология
Пәнді оқу кезінде резиденттерде кардиологиядағы қарқынды іс-шараларға мұқтаж науқастарға медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қауіптерді бағалау және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалану қабілеті қалыптасады. Резиденттер ауыр жағдайдағы науқастарға күтім жасау, қажетті зерттеулерді және оңтайлы емдеу әдістерін тағайындау дағдыларын жетілдіре отырып, өмір бойы үздіксіз жеке және кәсіби өсуді қолдау үшін қажетті қасиеттерді көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 22
-
Амбулаторлы-емханалық кардиология
Пәнді меңгеру кезінде клиникалық диагноз қою және емдеуді тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша амбулаторияларда және емханаларда кардиологиялық науқасқа жетекшілік ету дағдылары жетілдіріледі. Резиденттер консультативтік-диагностикалық бөлімшеде амбулаториялық және емханадағы кардиологиялық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін ең тиімді әдістерді қолдану арқылы кәсіби және этикалық ұстанымдарын көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 32
-
Жүрек электрофизиологиясы
Пәнді оқу кезінде резиденттерде электрофизиологиялық іс-шараларға мұқтаж науқастарға медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қауіптерді бағалау және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалану қабілеті қалыптасады. Резиденттер ауыр жағдайдағы науқастарға күтім жасау, қажетті зерттеулерді және оңтайлы емдеу әдістерін тағайындау дағдыларын жетілдіре отырып, өмір бойы үздіксіз жеке және кәсіби өсуді қолдау үшін қажетті қасиеттерді көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 20
-
Интервенциялық кардиология
Пәнді оқу кезінде резидент жүректің ишемиялық ауруымен, жедел миокард инфарктімен, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің асқынуы кезіндегі интервенциялық шаралармен, жедел коронарлы синдромдағы ангиографиялық көмек көрсетумен (ЖКС алгоритмі бойынша), интервенциядағы дәрі-дәрмекпен емдеуге, резистентті артериялық гипертензияны радио жиілікті аблациялау арқылы емдеуді үйренеді. Интервенциялық ангиографиялық операцияларды: коронарография, стенттеу, ангиопластика жүргізуге, жасауға машықтанады. Медициналық көмек барысында тәуекелдерді бағалап, тиімді әдістерді пайдалануға үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 14
Профессии
Оқыту нәтижелері
- кардиологияда клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде оның тиімділігін бағалауға қабілетті;
- пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның қоршаған ортасымен, Денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай отырып, әрбір нақты жағдайда өзара қарым-қатынас нысандарын дұрыс таңдаумен қатар пациентпен әңгімелесу кезінде анамнездің қыр-сырын және ауру ағымының ерекшеліктерін әдептілікпен анықтай алады;
- жүрек аурулары бар науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті;
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде Кардиология мамандығы бойынша құқықтық және ұйымдық шеңберлер аясында әрекет ете отырып, төтенше жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсетуге және ұлт денсаулығын нығайту саясатын іске асыру үшін кәсіпқой топтар құрамында жұмыс жасауға қабілетті;
- тиісті зерттеу сұрақтарын тұжырымдай отырып, кәсіби әдебиеттерді сыни тұрғыдан бағалайды, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық мәліметтер базасын тиімді пайдалана отырып, зерттеу тобының жұмысына қатыса алады.
- өз бетінше білім алумен қатар және кәсіби топтың басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастар мен конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамытудың басқа да түрлеріне белсенді түрде қатысуға қабілетті;