Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02209 Шығыстану в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау және кәсіби қызметте пайдалану.
  • Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру, педагогикалық менеджмент және жас ерекшелік психологиясын білу.
  • Шығыс елдердегі әлеуметтік-мәдени, саяси-экономикалық үдерістерді талдау және кәсіби қызметтегі проблемалық міндеттерді анықтау және оларды табысты шешу.
  • Шығыс тілдері мен шығыстануға қатысты пәндерді оқыту дағдыларын меңгеру және шығыс тілдерінде кәсіби және ғылыми қарым-қатынасты жүзеге асыру, академиялық және кәсіби қатынастар үшін заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) оқыту технологиялары қолдану.
  • Ғылыми біліктілік жұмысы тақырыбына байланысты статистикалық зерттеулер жүргізе білу, саяси процестерді талдау, жаңалықтар ағынын бақылау және геосаяси үрдістерді анықтау үшін жасанды интеллектіні қолдану; түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік желілерде өзекті мақалалар жариялау, ғылыми зерттеулер әдіснамасын білу.
  • Оқытылатын елдің дамуының жалпы мәселелері туралы зерттеу жүргізіп, Шығыс елдеріндегі интеграциялық үдерістерді болжауға бағытталған ақпаратты жүйелей білу.
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеу және шығыс елдеріндегі үдерістерді талдай, даму тенденцияларына болжам жасай білу.
  • Шығыс елдеріндегі түрлі мәселелер туралы ғылыми талдауды, есептерді, ақпараттық анықтамаларды құрастыра білу.
  • Ғылыми мәтіндерді кәсіби саладағы коммуникация құралдары мен ғылыми-зерттеу нәтижелері негізінде қарастыра білу.
Top