7M07242 Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы және құрастыруы в Қазақ технология және бизнес университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты ББ мақсаты заманауи өндірістің қажеттіліктеріне және сән индустриясының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру мекемелерінің инновациялық дамуының жаһандық перспективаларына сәйкес кәсіби және жеке құзыреттіліктері бар тігін бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы саласында жоғары білікті магистрлерді даярлау болып табылады.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M114 Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 7M072 Өндірістік және өңдеу салалары
Пәндер
-
Костюмді жүйелік жобалау әдістемесі
Пәннің мақсаты тігін бұйымын жобалауда конструкциясының дене бітімде алдын ала сапалы қонымдылығын қарастыратын болжау әдісін меңгеруге бағытталған. Нәтижесінде білім алушы жобалаудың барлық элементтерінің үрдістерін жүйелі пайдалануды және олардың арасындағы заңдылықтарды костюмді жобалау үшін қажет конструктивті шешімдер дұрыс есепке алу тәсілдерін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
курстың мақсаты болашақ магистрдің мәдениетаралық, кәсіптік және ғылыми қызметінде шет тілін коммуникация құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін шет тіліндегі білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттіліктерді игеру және жетілдіру болып табылады. Пәнді оқу еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жоғары мектептің педагогикасы
пәннің мақсаты ғылыми ізденістің негізгі білімі мен дағдыларын қалыптастыруды, оларды жан-жақты дамыған, әлеуметтік белсенді, шығармашылық ойлайтын тұлғаны қалыптастырудың қажетті негізі ретінде нақты педагогикалық қызметте практикалық қолдануды қамтиды. Пәннің мазмұны жоғары мектеп педагогикасы саласында педагогикалық құзыреттілікті қалыптастыруға, жоғары мектеп педагогикасын ғылыми білім саласы ретінде дамыту туралы жүйелі түсінік қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Болашақ маталар және нанотехнология
Пәннің мақсаты болашақ тоқыма материалдарының ассортиментін қалыптастырудың негізгі бағыттарын және медициналық, тұрмыстық, техникалық және ақпараттық мақсаттағы «ақылды тоқыма бұйымдарын» өндіру әдістерін қарастыруға бағытталған. Тоқыма материалдарындағы жаңа тенденциялар біліміне сүйене отырып, магистранттар «ақылды» талшықты наноматериалдардың қасиеттерін және сән индустриясы үшін тұтынушылардың талаптарын талдап, нейрондық желілер мен компьютерлік жүйелерді пайдалана отырып, «ақылды киім» дизайнын жобалау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сән индустриясының материалдарындағы инновациялар
Пәннің мақсаты киім мен тоқыма сапасын оңтайландыратын, өмірдің әртүрлі салаларында жайлы және киім арқылы қауіпсіз ортаны құрайтын жақсартылған өнім мен функционалдылығы жоғары тоқыма материалдарындағы инновацияларды қарастыруға бағытталған. Молекулярлық деңгейде тоқыма материалдарының табиғатын өзгертуге мүмкіндік берген нанотехнологиялар мен биометрияны қолдану арқылы әзірленген материалдар ауқымы туралы білімгерлер тігін бұйымын дайындауда оңтайлы әдістерді қолдану дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Костюмдегі инженерлік концепциялар
Пәннің мақсаты инженерлік тұжырымдама аясында костюм дизайнын дамыту мәселесін зерттеуге бағытталған. Нәтижесінде білім алушы ғылыми әдістері мен принциптерін білімнің әртүрлі салаларының зерттеу дағдыларын костюм дизайнында қолдана алады, типлогиялық және жеке контексте маңызды әлеуметтік-психологиялық құбылыс болып табылатын теория мен тәжірибені сән мен стильде дұрыс пайдалану мақсатында меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Пәннің мақсаты басқа үдерістеріндегі және оның психологиялық механизмдеріндегі адам факторының ролі туралы тұтас идеяларды құруға, басқару үдерісіне теориялық және әдіснамалық тәсілдерді жүйелеуге, ұйымдағы адамды басқару мәселесінің жүйелік көзқарасын дамытуға бағытталған. Пәннің мазмұны болашақ мамандарды негізгі кәсіби даярлау жүйесінде маңызды заманауи ұйымда басшылықты тиімді басқарудың психологиялық құралдарын жасауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылым тарихы мен философиясы
пәнді зерттеудің мақсаты ғылымды философиялық тұрғыдан түсіну, теориялық және практикалық кәсіби қызметте алған білімдері мен дағдыларын одан әрі қолдана отырып, оның даму кезеңдерінің нақты және дүниетанымдық мазмұнын түсіну. Курсты зерттеу ғылымда оның дамуының қазіргі кезеңінде туындайтын негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді талдауға және ғылымның тарихи даму тенденциялары туралы түсінік алуға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
АЖЖ қолдану арқылы жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын заманауи жобалау
Пәннің мақсаты ақпараттық технологиялардың рөлін және тұтынушының өлшемдік сипаттамасы мен оның дене бітімінің ерекшеліктері, киімді өлшеусіз жобалау мүмкіндігі туралы ғылыми негізделген ақпарат негізінде киімді атаулы автоматтандырылған жобалаудың заманауи ғылыми тәсілдерін үйретеді. Автоматтандырылған жобалау жүйелерінде киімді көркемдік жобалау саласындағы ғылыми жетістіктерді талдау негізінде, білім алушылар бұйымдардың таңдаулы конструктивті шешімдерін автоматтандырылған жүйеде орындауды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ұйымдастыру, жоспарлау және ғылыми зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты курсты оқи отырып, білім алушы ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарын дайындайды. Білім алушы тұжырымдалған міндеттерді шешудің әдістемесі мен құралдарын таңдай отырып, жоспарланған зерттеулер тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты жинайды және жүйелейді. Қолданбалы бағдарламалардың стандартты пакеттерін қоса алғанда, қолда бар зерттеу құралдарын пайдалана отырып, олардың параметрлерін талдау және оңтайландыру мақсатында объектілер мен үрдістерді модельдеуді меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты жоғары оқу орындарында қолданылатын оқу-әдістемелік материалды, магистратура бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандартын, мамандық бойынша үлгілік, жұмыс жоспарларының мазмұнын игеруге бағытталған және ЖОО-дағы пәннің түрлеріне қарай, оқу жұмысының нысандары мен әдістерін сондай-ақ әдебиеттермен жұмыс істеу әдістерін пайдалануды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өлшем сәйкестік киімді жобалаудың теориялық және әдістемелік негіздері
Пәннің мақсаты халықтың өлшемдік типологиясын дайындауға және өлшемдік стандарттарды құруға, өлшемдері пропорционалды киімді жобалауға және қолданыстағы мемлекетаралық өлшемдік стандарттарды Қазақстан Республикасы үшін тігін бұйымдарын өнеркәсіптік өндірудің қажеттіліктеріне бейімдеу үрдісіне ғылыми және практикалық тәсілдерді қолдануды үйретеді. Посткеңестік елдерінің тәжірибесін зерттей отырып, білім алушылар тұтынушыларды барынша қанағаттандыра алатын жоғары сапалы пропорционалды киім мен өндірушінің мүдделерін ескеретін дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын жобалауды автоматтандыру
Пәннің мақсаты теориялық мәселелерді және компьютерлік графиканы зерттеуге бағытталған. Модельдердің көркемдік шешімдерін жасау, негізгі және модельдік конструкцияларды дайындау, сызбаларды жобалау, лекалалардың градациялық сызбаларын алу және лекалалардың орналасу схемаларын қалыптастыру үшін, өнеркәсіптегі тігін бұйымдарын автоматтандырылған жобалаудың ішкі жүйелері үйренеді. Курс нәтижесінде киімді үш өлшемді автоматтандырылған жобалау жүйелерін меңгеріп шығады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Киімді жобалаудағы компьютерлік технологиялар
Пәннің мақсаты тігін конструкцияларын, үлгілерін жасауға және талдауға, киім үлгілерін визуализациялауға арналған негізгі бағдарламалық құралдарды зерттеуді қамтиды. Үлгілеу үрдісін үйренуге баса назар аударылады, соның ішінде сандық пішім жасау, дизайн мен материалдарды өзгерте алуға. Пәнді оқу барысында алған білімдерін білімгерлер тігін индустриясында компьютерлік технологияларды тиімді пайдаланып, тігін бұйымдарын жобалауда шығармашылық көзқарастын дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Киімді эргономикалық жобалау
Пәннің мақсаты негізгі эргономикалық талаптарды қарастырып тігін бұйымын жобалау барысында есепке алуға бағытталған, мұнда бұйымға форма беруде эргономика негізі ретінде қарастырылады, әр түрлі материалдардан жобалар орындалады. Курс нәтижесінде білім алушы жүйелерге және «адам-костюм-орта» жүйесінде қойылатын негізгі эргономикалық талаптарды, динамикалық әсерлерді анықтайтын эргономикалық зерттеу әдісін таңдай отырып, нақты мақсаттағы киімді жобалаудың эргономикалық схемасын құруды орындай алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тоқыма өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу технологиялары
Пәннің мақсаты тоқыма өндірісінің қалдықтарын, пайдаланылған киімдерді жаңа тоқыма өнімдеріне тиімді өңдеуге мүмкіндік беретін әдістерді зерттеуге бағытталған. Оқыту нәтижесінде білім алушы тоқыма бұйымдарын қайта өңдеудің тиімді және экологиялық қауіпсіз әдістерін үйренеді, құнды ресурстарын сақтау, экологиялық зиянды азайта отырып қайта өңделген киімнен алынған материалдар мен талшықтардың жаңа түрлерін дамыту жолын қарастырып, қалдықтарды қайта өңдеу технологияларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Арнайы киімді жобалау әдістері
Пәннің мақсаты жобалау әдістерінің курсын оқи отырып, білім алушы арнайы киімді жобалау туралы негізгі мәліметтерді, жобалау кезеңдерін және арнайы киім түрінің оңтайлы нұсқасын таңдауды зерттейді. Әдістерді зерттей отырып, ол арнайы киімдерді жобалаудың ұтымды әдісіне дұрыс таңдай алады. Өз идеялары мен жобаларын негіздеу және қорғау мақсатында ғылыми және техникалық ақпаратты таңдау әдістерін қолдануды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көп ассортиментті коллекцияларды жобалау технологиясы
Пәннің мақсаты жаппай өндірілген киімдерді жобалаудың заманауи тәсілдерін, композицияны қалыптастыру үрдістерін, модельдердің түс шешімін, эскиздердің стильдік мәнін, көп ассортиментті коллекцияларды жобалаудың ерекшеліктері мен дайындау кезеңдерін меңгереді. Көп ассортиментті өнеркәсіптік коллекцияларды жобалау бойынша зерттеулерді талдау негізінде магистрант тұтынушылардың нысаналы тобының талаптарына байланысты қажетті қасиеттер кешеніне ие бола алатын киім коллекцияларын жобалау дағдыларына ие болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жасанды интелект көмегімен тігін бұйымын адрестік жобалау
Пән мақсаты бұйымнын жобалауда жасанды интеллектті қолдану арқылы тұтынушының сыртқы келбетін объективті бағалай отырып,дара автоматтандырылған жобалау үрдісін игеруге бағытталған. Нәтижесінде, білім алушы сыртқы келбетінің ерекшеліктері мен пішіндер құрылысының ерекшеліктері негізінде және бұйымдардың өмірлік циклін ескере отырып, эскиздерді бейімдей отырып, таңдаулы киім үлгілерін таңдауды біледі, сапа көрсеткіштерін болжау әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпорынның ассортимент саясаты
Пәннің мақсаты тұтынушылардың белгілі бір типологиялық топтарына, киімге қойылатын әртүрлі талаптарды барынша ескеретін, тауарлардың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін, тауарлардың нарықтық атрибутикасына байланысты шешімдер қабылдайтын көп варианттылық қағидаты негізінде өнеркәсіптік коллекциялардың ассортименттік матрицасының ұтымды құрылымын қалыптастыру мәселелерін үйретеді. Нәтижесінде магистрант жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына ассортимент матрицасын қалыптастыра алатын білімге ие болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Цифрлық тігін кәсіпорындарын жобалау
Пәннің мақсаты цифрландырудың үш кезеңін меңгеруге бағытталған: бағдарламалық басқарумен жабдықты енгізе отырып, өндірістік үрдісті автоматтандыру; ЧПУ станоктары мен роботокешендерді бірыңғай жабық digital-system біріктіру, өндірістік үрдісті дайындаудан бастап өнімді дүкенге жеткізуге дейін толық бақылауды жолға қою; басқару тізбегін «цифрға» толық аудару. Нәтижесінде магистрант өндірістік желіні баптау және «жылдам сән» тұжырымдамасы бойынша техникалық негізделген міндеттерді шешуді үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын дайындаудағы инновациялық технологиялар
Пәннің мақсаты жеңіл өнеркәсіптегі инновацияның негізгі ұғымдарын, терминдері мен анықтамаларын, оларды жіктеуді, инновациялық үрдістің модельдерін, инновациялық қызметтің жалпы жағдайларын, инновацияларды құру және енгізу үрдісін, инновациялық идеяларды, инновациялық технологияларды іздеудің жолдары мен әдістерін және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы технологиялық үрдістерді модернизациялауды меңгереді. Бұл пән тігін өндірісіне инновациялық технологияларды енгізу дағдыларын қалыптастыруды үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби қызметтегі тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін шет тілінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасауға қабілетті.
- Ғылым мен әлемдік философиялық ойдың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін білуді көрсетеді; өзінің ғылыми жұмысының кәсіби және әлеуметтік қажеттілігін түсіну
- Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негіздерін, білім алушы жастарды оқыту және әлеуметтендіру кезінде кәсіптік білім мен дағдыларды білуді қолданады.
- Қазіргі ұйымдарда негізгі басқару функцияларын жүзеге асыруға бағытталған басқарушылық қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық, экономикалық әдістерін қолдануға қабілетті
- АЖЖ-да заманауи компьютерлік жүйелерді пайдалана отырып, материалдар пакетін және конструктивтік-технологиялық ерекшеліктерін ескере отырып үлгілерді әзірлейді.
- Материалдар пакетінің қасиеттерін және конструкторлық–технологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, АЖЖ-де заманауи компьютерлік жүйелерді пайдалану негізінде киім үлгілерін дайындайды
- Инновациялық материалдардың әртүрлі ассортиментіндегі киімдерді дайындау үшін ақпараттық технологиялар мен автоматтандырылған жобалау жүйелерін пайдаланады
- Жаңа өзгермелі жағдайларда, аралас өнеркәсіп салаларында талдамалық және басқарушылық міндеттерді шешу үшін тігін саласының бұйымдарын жобалау пәндерін меңгеру шеңберінде алынған білімді біріктіреді
- Тоқыма өндірісі мен киімнің қалдықтарын орталықтан жинау, сақтау және сұрыптау бойынша техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды жоспарлай отырып, тоқыма бұйымдарын өңдеудің тиімді және экологиялық қауіпсіз әдістерін қолданады
- Дамыту үшін зерттелген теориялық және эксперименттік нәтижелерді қолданады костюм дизайны, және сән психологиясы туралы білім сәнді киім жасау.
- Костюмнің параметрлерін жүйелі талдау құрылымын қалыптастыру және отырғызуды бағалауда кәсіби тәсілдерді қолданады.
- Деректерді талдау және киім үлгілерін дербестендіруді жасау үшін ЖИ қолданады