Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01719 Шетел тілі: екі шетел тілі (негізгі ағылшын тілі) в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру жүйесінде ғылыми-зерттеуді және педагогикалық қызметті жүзеге асыра алатын, шетел тілін оқыту әдістемесі саласында іргелі және қолданбалы білімге ие, шетел тілдерін оқытуда кәсіби іскерлік пен дағдыны меңгерген, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті педагогика магистрлерін даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M019 Шет тілдері педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Шет тілі (кәсіби)
Зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау
Риторика және шешендік өнер негіздері
Шетел тілдерін оқытудағы мәдениетаралық коммуникация
Қазіргі шетелдегі және қазақстандағы шет тілде білім берудің тарихы
Медиасауаттылық
Шеттілдік білім берудің заманауи әдіснамасы
Лингвистикалық зерттеулердің әдіснамасы
Шет тілдерін оқытудағы әдебиет
Шетел тілдері мұғалімінің кәсіби өсуін бағалау
Ғылым тарихы мен философиясы
Көп мәдениетті тілдік тұлғаны қалыптастыру
Екінші шетел тілінің практикалық курсы (В2 бастапқы деңгейі)
Басқару психологиясы
Екінші шетел тілінің практикалық курсы (В2 жалғастыру деңгейі)
Жоғары мектептің педагогикасы
Шетел тілдерін оқытудағы STEM
Шетел тілдерін оқытудағы CLIL
Жоғары білім берудегі шет тілдерін оқытудағы бағалау критерийлері
Шетел тілдерін оқытудағы аударма мәселелері
Социолингвистика
Шетел тілін оқытудың инновациялық әдістері
-
2 Оқу жылы
Шет тілдерін оқытудағы қашықтық технологиялар және ЖИ
Арнайы-кәсіби ағылшын тілі (С1 деңгейі)
Академиялық ағылшын тілі
Екінші шетел тілінің практикалық курсы (В2 жетік деңгейі).
Шетел әдебиеттану
Контрастивтік лингвистика
Шет тілдерін оқытудағы мультимедиялық технологиялары
Кәсіби мәселелерді шешудегі прагматика
Ағылшын тілінің жетік деңгейі
Шетел тілдерін оқытудағы психолингвистика
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Заманауи ғылым дамуы кезеңінде зерттеліп отырған негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық, оның ішінде пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдап, олардың нәтижелерін кәсіби қызметте қолдану.
- Кәсіби-педагогикалық міндеттерді тиімді шешу және педагогикалық мамандықтың әдістемелік жүйесін жобалау; педагогикалық үдерісте басқарудың негізгі тәсілдерін жүзеге асыру жолдарын меңгеру; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (ЖООКББҰ) корпоративтік басқару жүйесіне қатысу және мүдделі тараптармен (стейкхолдерлермен) өзара бірлісіп жұмыс атқару.
- Кәсіби оқыту саласында педагогикалық және коммуникативтік міндеттерді атқару үшін қажет шетел тіліндегі коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру.
- Ғылыми зерттеулер жүргізуде лингвистикалық зерттеу әдістерін қолдану; тілдік білім беру саласындағы заманауи үрдістерді талдап, біріктіру; білім алушы жастарды құндылықтар жүйесіне, мәдениетке және мінез-құлық үлгілеріне бейімдеу арқылы әлеуметтендіру.
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру және ғылыми зерттеулерді өз қалауымен жүргізу; зерттеудің заманауи әдістерін қолдану; білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік ету.
- Шетел тілдерін оқыту үдерісінде көркем әдебиет мәтіндері мен аударманың алуан түрлерін қолдану; әдебиет теориясы мен аударма теориясы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу; көркем шығармалар арқылы білім алушыларды құндылықтар жүйесіне баулу; тәрбиелік үдерісті жүзеге асыру үшін отандық және шетел әдебиетін тиімді пайдалану.
- Оқыту үдерісін қазіргі заманғы білім беру технологияларын қолдану арқылы жобалау; оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру; білім алушылардың шетел тілінде сөйлеу әрекетінің дағдыларын қалыптастыру; оқу үдерісін білім алушылардың жекелеген ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымдастыру.
- Оқу үдерісін озық әдістемелерді, мультимедиялық, қашықтықтан оқыту технологияларын және жасанды интеллект (ЖИ) бағдарламаларын қолдану арқылы жүзеге асыру; тәрбие жұмысы пен сынып жетекшілігі қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану.
- Мектеп пен жоғары оқу орындарындағы (ЖОО) шетел тілін оқыту жүйесіндегі бағалау құралдары мен өлшемдерін ажырата білу; білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау және бақылау барысында бағалаудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін, түрлері мен формаларын қолдану.