Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01706 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP) в ABU
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ тілінде оқытпайтын барлық типтегі және түрдегі орта білім беру ұйымдарында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті маман-педагог даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Alikhan Bokeikhan University
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары
Қазақ фольклоры және оны оқыту негіздері
Тұрақты даму және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Балалардың жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері
Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі және оқыту негіздері
Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
Экономикалық-құқықтық білім негіздері
-
2 Оқу жылы
Әлем әдебиеті және оқыту жүйесі
Оқу сауаттылығы және оқыту негіздері
Қазақ тілінің лексикологиясы және оқыту негіздері
Ежелгі мен хандық дәуір әдебиеті және оқыту жүйесі
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті және оқыту жүйесі
Оқытудың әдісі мен технологиялары
Көркем шығарманы герменевтикалық талдау
Тілдік кеңістік және қазақ тілі экологиясы
Қазақ тілінің сөзжасамы және оқыту негіздері
Қазақ тілі емлесі мен тыныс белгілері
Аталым теориясы және мәтін құру негіздері
-
3 Оқу жылы
Педагогикалық зерттеулер
Бағалау және дамыту
Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы
Инклюзивті білім беру ортасы
Қазақ тілінің морфологиясы және оқыту негіздері
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті және оқыту жүйесі
Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ үлгілерін жасау негіздері
Академиялық сауаттылық негіздері
Қазақ әдебиетін оқыту теориясы мен технологиясы
Қазақ тілінің синтаксисі және оқыту негіздерi
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Аналитикалық ойлауды дамытады, ғылыми-зерттеу қызметінде дағдыларды меңгереді; ғылыми деректерді өңдеу бойынша сапалы жұмыс жүргізеді; ғылыми қызметті іске асыруда субъективтілік пен жауапкершілікті арттырады; өзіндік көзқарасы қалыптасады.
- Біртұтас жүйе және адам ретінде қоғам туралы, қазіргі қоғамдағы рухани процестердің рөлі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, адамға және табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсері, негізгі ұғымдары туралы біледі.
- Педагогикалық үдерісте білім беру және тәрбиелік міндеттерді, оқытудың түрлерін, формаларын және әдістерін біледі, алған білімдері негізінде білім беру үдерісін басқарудың әдістері мен құралдарын, принциптері мен аңдылықтарын меңгереді. Инклюзивті, жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптары мен үйден оқыту жағдайында оқушыларды инклюзивті оқыту үлгісін қолдану жұмыстарын ұйымдастыруды, жоспарлауды және шешім қабылдауды үйренеді.
- Педагогикалық психологияның негізгі ұғымдары мен терминдерін меңгеріп, психологиялық-педагогикалық білімді практика жүзінде қолданудың негізгі салаларын біледі, оқу және тәрбие үдерісіндегі адамның танымдық және жеке даму заңдылықтарын, фактілер мен құбылыстарды талдайды.
- Әр түрлі деңгейдегі білім беру ортасын жобалау, сараптау және түзету мәселелерін шешуге кешенді тәсілді қолданады, адамның когнитивті және тұлғалық даму процесінің бөлігі ретінде үздіксіз оқыту тұжырымдамасын түсінеді және іс жүзінде қолданады, сонымен қатар жеке, қоғамдық және желілік деңгейлерде қарым-қатынас пен өзара әрекеттесудің негізгі тұжырымдамалары мен теорияларын қолданады.
- Адам тұжырымдамалары мен олардың оқуды түсінудегі және білім беру үдерісін жобалаудағы маңызын, оқыту теориялары мен олардың оқуды түсінудегі және білім беру үдерісін жобалаудағы маңызын ажыратады; жан-жақты оқыту үдерісіне қолайлы оқыту теориялары мен педагогикалық үлгілерді қолданады.
- Әр білім алушылардың бастапқы кезеңдерін, олардың оқу әлеуеті мен нақты қолдау қажеттіліктерін тани алады, өз білім алушыларына нақты қолдау, жетекшілік ету, оқыту және бағалауға қатысты жеке қажеттіліктерін қарастыра алады.
- Оқу мен оқытудың инновациялық стратегияларын, сонымен қатар жасанды интеллектіні, сондай-ақ пән бойынша ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді сабақ/сабақ жоспарлары, оқу және сыныптан тыс іс-шаралар негізінде білім беру үдерісін және/немесе сыныптан тыс іс-шараларды жобалау, өткізу және бағалау әдістері мен құралдарын қолданады; эксперименттердің нәтижелерін және/немесе жиналған деректерді талдап, қорытынды жасайды.
- Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі мен дыбыстық құрылымы, заңдылықтары, ішкі ерекшеліктері туралы теориялық ұғымдарды түсіндіреді; фонетикалық терминология мен транскрипцияны қолданады; кешенді фонетикалық талдау әдістерін қолданады; тіл фонетикасын теория мен практикада оқытады.
- Қазақ әдеби тілінің лексикалық-фразеологиялық жүйесін, негізгі категорияларын түсіндіреді; лексикалық және фразеологиялық бірліктердегі парадигматикалық, синтагматикалық байланысты, лексикалық бірліктердің арақатынасын түсінеді.
- Мәнмәтіндегі сөздерді мәтіннің мағынасына қарай талдайды; сөзжасамның ғылыми-теориялық негіздерін түсіндіреді; сөзжасамдық талдау жүйесін және сөз тудырушы жұрнақтарды түсіндіреді; қазақ тілі морфологиясының ғылыми теориясын түсіндіреді; сөзді түрлендіру жүйесі туралы құзыреттілікке негізделген білімге ие.
- Қазақ тілінің синтаксис теориясы мен синтаксистік құрылымын түсіндіреді; синтаксистік ұғым бірліктерін ажыратады; қазіргі қазақ әдеби тілінің нормаларына сәйкес сөйлем құрастырады; сөз тіркестеріне, сөйлем түрлеріне жан-жақты талдау жүргізеді.
- Шешендік өнер мен логикалық ойлауды қолданады; ұлттық құндылықтарды, қазақ ауыз әдебиетінің тарихын, фольклортану мен фольклортанулық зерттеулерді түсіндіреді; көне түркі әдебиетіне ортақ әдеби және мәдени ескерткіштерге сипаттама береді; ақындар мен айтушылар поэзиясын түсініп, пікір айтады.
- Қазақ әдебиетіндегі негізгі әдеби мотивтерді сипаттайды; жазба әдебиеттің қалыптасуы мен дамуын түсіндіреді; тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті қайраткерлерінің мұрасын меңгереді; прозаға, поэзияға және драматургияға, сатира жанрындағы жаңашыл ізденістерге, жаңашыл әдебиеттану мен әдеби сынға қатысты шығармаларды ұсынады.
- Дүние жүзі әдебиеті тарихының қалыптасуы, дамуы, тенденциялары мен концепцияларын түсінеді; қазақ және әлем әдебиетін салыстырады; автор мен кейіпкер арасындағы байланысты түсіндіреді; әдеби гендер мен тип, әдеби мектептер, әртүрлі ағымдар мен стильдер туралы негізгі түсініктерді меңгереді; пәндік ұғымдарды, ережелерді, теориялық талдау әдістерін түсіндіреді.
- Мәтінге тілдік, логикалық талдау жүргізеді; оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіреді; мәтіннің негізгі идеясы мен мазмұнын анықтайды; жалпы тілдік құзыреттілігін және тыныс белгілері мен емле ережелерін білуін көрсетеді; орфографиялық талдау жүргізеді.
Ұқсас БББ
6B01706 Қазақ тілі мен әдебиеті-ағылшын тілі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
6B01706 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B01706 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B01706 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
Қазақстан-Американдық еркін университеті