Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01725 Шетел тілі: екі шетел тілі в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты - білім беру ұйымдарының аймақтағы және еңбек нарығында қажетті шет тілін меңгерудің ұлттық тұжырымдамасын шығармашылық түрде жүзеге асыруға құзыретті, білікті, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті ағылшын, қытай, корей және араб тілдері мұғалімдерінің жаңа буынын дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шетел тілі және Дүниежүзі тарихы
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Ағылышн тілі фонетикасы мен грамматикасы
Ағылшын тілінің коммуникативті грамматикасы
Тіл біліміне кіріспе
Екінші шетел тілі (А1)
Экология және тұрақты даму
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Мәдениетаралық қарым-қатынас мәнмәтініндегі базалық шетел тілі (В1)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
-
2 Оқу жылы
Екінші шетел тілі (А2)
Педагогика
Ағылшын тілінің тәжірибелік курсы
Экономика және кәсіпкерлік
Жазбаша және ауызша сөйлеу практикасы
Қаржылық сауаттылық негіздері
Құқық негіздері
Ағылшын тілі және академиялық дайындық
Екінші шетел тілінің теориялық фонетикасы
Іскерлік ағылшын тілі
Инклюзивті білім беру
Елтану (қытай, корей, араб, түрік)
Базалық негізгі шетел тілінің тәжірибелік курсы (В2деңгейі)
Айтылым мен тыңдалым практикумы (қытай, корей, араб, түрік)
Академиялық жазу моделі
Екінші шетел тілінің коммуникативті грамматикасы
Ауызша аударма негіздері
Елтану (ҰлыБритания, АҚШ)
Ғылым, технология, инженерия және математикаға арналған ағылшын тілі
-
3 Оқу жылы
Шеттілдік білім берудің әдістемесі
Тіл теориясы
Арнайы кәсіби шетел тілі
Екінші шетел тілінің практикалық грамматикасы
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
Мәдениетаралық қарым-қатынас практикумы (қытай, корей, араб, түрік)
Кәсіби бағытталған шетел тілі
Жазбаша аударма практикасы
Екінші шетел тілі В1
Пәндік-тілдік интегративтік оқыту
Шетел тілін арнайы мақсатта оқыту (С1)
Ағылшын тілінің теориялық грамматикасы
Аударма теориясы мен практикасы
Мамандандырылған ағылшын тілі
Конструктивтік оқыту әдістемесі
Екінші шетел тілінің теориялық грамматикасы
Ағылшын тілін ЖИ қолданысыменкәсіби бағытта оқыту (жаратылыстану мәтіндері)
Ағылшын тілін техникалық бағытта оқыту
-
4 Оқу жылы
Шетел тілін оқыту іс-әрекетіндегі зерттеулер
Ағылшын және қазақ/орыс тілдерінің салыстырмалы типологиясы
Ағылшын тілі лексикологиясы
Екінші шетел тілі баспасөзінің тілі
Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
Екінші шетел тілінде сөйлеу және жазу дағдыларын дамыту
Оқу және жазу дағдыларын дамыту
Ауызша сөйлеу практикасы
Көркем мәтінді талдау
Англия және Америка әдебиеті
Шетел тілін арнайы мақсатта оқыту (С2)
Ағылшын тілінің стилистикасы
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Зерттеу дағдыларын меңгерген. Кәсіби мақсаттар үшін әртүрлі дереккөздерді салыстыра алады. Түпнұсқамен жұмыс істеуді, қажетті деректерді бағалауды біледі. Алынған ақпаратты өзіндік зерттеулер жүргізу үшін пайдалана алады.
- Жаһандық көпмәдениетті әлемде өмір сүруге қабілетті тұлғаны қалыптастыру әдістерін қолдануды біледі. Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтары мен патриоттық сенімдерін қалыптастырады. Тіл үйрету тәжірибесінде және ғылыми-зерттеу қызметінде дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістерін қолдана алады. Кәсіби қызметке байланысты мәселелерді шешу үшін жаңа шығармашылық идеяларды ұсынады; жанжалды жағдайларды алдын алуға және бейбіт жолмен шешуге қабілетті.
- Алынған ақпаратқа анлиз жасайды және жаңа ақпаратты өз бетінше синтездейді; кәсіби қарым-қатынаста ауызша мәлімдеме жасау үшін лексикалық және грамматикалық құралдарды дұрыс пайдаланады; анық, дәлелді және логикалық ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасайды; шетел тілінің ережелерін сақтайды.
- Өз мамандығының әлеуметтік маңызын біліп, түсінеді, болашақ кәсіби қызметін орындауға ынтасы жоғары; шетелдік ақпаратты өңдейді және оны кәсіби қызметте қолданады, сонымен қатар оқу, зерттеу және кәсіби мәселелерді шешу үшін пайдаланады.
- Мектепте шет тілін оқытудың заманауи әдістемелік жүйелері мен бағдарламаларын сыни тұрғыдан талдайды. Озық педагогикалық технологияларды шығармашылықпен пайдаланады. Шет тілін оқытуды дамытудың негізгі бағыттары мен принциптерін біледі. Қазіргі жалпы білім беретін мектепте шет тілін оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздерін сипаттайды.
- Қалыптастырушы бағалауды және бағалаудың баламалы түрлерін қолдана алады; әдістемелік принциптерді ескере отырып, әрбір сабақты жоспарлайды және ұйымдастырады. Интегративті оқыту әдісі бойынша бақылау парағы негізінде өз сабағына өзіндік талдау жасай алады. Пән мен тілді интегративті оқыту үшін сапалы материалдарды, көрнекі құралдарды және түпнұсқа мәтіндерді әзірлейді және тағайындайды.
- Шет тіліндегі мәтіндерді түсіндіріп, түсінеді және әртүрлі дереккөздерден ақпарат алады. Жазудың графикалық, пунктуациялық және орфографиялық сауаттылығын меңгереді. Мәтіндерге, ақпараттарға өз ойын білдіре отырып түсіндерме бере алады. Мәдениетаралық коммуникацияны, оқытылатын тілде кәсіби қарым-қатынас дағдыларын меңгерген.
- Адам ағзасының өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтарын, жеке дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі дене мүшелерінің қызмет ету ерекшеліктерін меңгерген. Педагогикалық іс-әрекетте дене дамуын анықтау әдістерін қолданады, алған білімдерін мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде қолданады.
- Академиялық және іскерлік тақырыптарды талқылайды, сөйлеу әрекетінің барлық типтерін - оқу, тыңдау, ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеттерін жүзеге асыра алады. Шет тілінің грамматикасын, фонетикасын, лексикасын меңгерген. Шет тілдік қарым-қатынас дағдыларын меңгерген, кәсіби қызметте және мәдениетаралық ортада коммуникативтік құзыреттіліктерді қолдана алады.
- Жаратылыстану мәтіндерімен ағылшын тілінде еркін жұмыс істей алады, кәсіби терминдерді қолданып, оқу тиімділігін арттыру үшін ЖИ құралдарын қолдана біледі. Сонымен қатар, сыни ойлау және ғылыми ақпаратпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамытады.