6B08272 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мал шаруашылығының күрделі интеграцияланған міндеттерін шешуге, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда ұзақ мерзімді саясат жүргізуге қабілетті, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру саласының еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B078 Мал шаруашылығы
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 6B082 Мал шаруашылығы
Пәндер
-
Зоология негіздері
Пәннің мақсаты: Жануарлардың алуан түрлілігін, құрылыс ерекшеліктерін, тіршілік әрекеттерін, ортаға бейімделуін, таралу заңдылықтарын зерттеу, олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және оның табиғаттағы қорын сақтау болып табылады, жануарлардың аулан түрлілігін, дамуын, шығу тегін, органикалық дүниенің эволюциясын, заңдылықтарын зерттейді, жануарлардың физиологиясы, биохимиясы, морфологиясы, олардың әртүрлі факторларға төзімділігі және қоршаған ортада таралу заңдылықтарын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандыққа кіріспе
Пәннің мақсаты: Мал шаруашылығының негізгі бағыттары, ерекшеліктері мен дамуы туралы түсінік беру. Пән барысында білім алушылар мамандықтың маңызын, кәсіби дағдылар мен құзыреттіліктерді қалыптастыруды, сондай-ақ болашақта мал шаруашылығы саласында еңбек ету үшін қажетті білім мен дағдыларды алуды мақсат етеді. Сонымен қатар, мамандықтың өзектілігі мен қоғамдағы рөлін түсіндіруді көздейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жемшөп өндірісінің негіздерімен ботаника
Пәннің мақсаты: Ауыл шаруашылығы өндірісінде жемшөп өндірісінің технологияларын және ботаника саласын игереді, ботаника негіздері, агрономия негіздері және жем-шөп дайындау технологиясын қамтиды. Мал азығын өндіру ауыл-шаруашылығының маңызды саласы ретінде бірқатар сабақтас пәндерге: өсімдік шаруашылығы, топырақтану, зоотехния, экологияға негізделеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Биохимия
Пәннің мақсаты: Тірі затты құрайтын заттардың химиялық құрамы мен қасиеттері, олардың алмасу реакциялары, химиялық процестердің физиологиялық функцияларға ауысу заңдылықтары және адам ағзасындағы оларды реттеу механизмдері туралы түсінік қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ауыл шаруашылығы малдарының анатомиясы және гистологиясы
Пәннің мақсаты: Жануарлар ағзасының барлық деңгейлеріндегі құрылысы мен дамуының жалпы биологиялық заңдылықтары: клеткалар, ұлпалар, мүшелер, ағзалар жүйесі мен аппараттары орындалатын функциямен өзара байланысын қарастырады, функционалдық және экологиялық факторлардың, сондай-ақ түрлік, жас және тұқымдық тиістілігінің жануарлар ағзасының анатомиялық ерекшеліктеріне әсерін анықтаужолдарын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Гендік инженерия
Пәннің мақсаты: Тұқым қуалайтын генетикалық аурулардың пайда болу гипотезасын тұжырымдайды, орындалатын жұмыстарды жоспарлайды, алынған және жасалған мәндерді ұсынады. Бактериялардан бастап өсімдіктер мен жануарларға дейінгі көптеген организмдер академиялық, медициналық, ауылшаруашылық және өндірістік мақсаттар үшін генетикалық түрлендірілген және ол рекомбинантты РНҚ мен ДНҚ алудың, организмнен гендерді алудың әдістері мен технологияларының кешенін зерттеуді қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ауыл шаруашылық малдарының биологиялық негіздері
Пәннің мақсаты: Ауыл шаруашылығы малдарының жем-шөптерін зиянкестер мен аурулардан сақтау барысында фитосанитарлық шаралар жүргізу, мәдени өсімдіктердің түрлі сорттары және үй жануарларының тұқымдары, олардың күтімі мен мал азығын даярлау туралы тәжірибиелерді үйрету. Агротехника бойынша практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Пәннің мақсаты - ұтымды экономикалық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру; болашақ жұмыс үшін маман ретінде қаржылық сауаттылық білімдерін игеру және экономикалық салада тиімді өзін-өзі жүзеге асыру. Курс алынған білімді күнделікті өмірде одан әрі тиімді қолдану мақсатында жеке қаржылық жоспарлау, депозиттер, қаржы және кредит, сақтандыру, инвестициялар, зейнетақы, салықтар және басқа да қаржы санаттары сияқты негізгі бөлімдерді қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Микробиология негіздері
Пәннің мақсаты: білім алушыларды микроорганизмдердің құрылысы, физиологиясы, генетикалық ерекшеліктері және экологиясымен, олардың адам мен жануарлар тіршілігіндегі алатын орны және маңызымен таныстыру. Пәннің міндеттері: микроорганизмдердің табиғаттағы заттар айналымында атқаратын қызметтерін білу; ауыл шаруашылығында қолданылатын биологиялық белсенді қосылыстардың түзілу үдерістерін , сүт және сүт өнімдерінің (қымыз, май,т.б.) микробиологиясын білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мал өсіру және селекция
Пәннің мақсаты : Асыл тұқымды мал қасиеттерін жақсарту және мал өнімділігін арттырудың уақытпен тексерілген және тәжірибеден өткен әдістері туралы терең білім беру. Жаңа тұқымды шығаруға, экономикалық пайдалы тұқымдарды және типтік малдарды сапалы жақсартуға қажетті білімдерді беру. Негізгі міндеті малдың экстерьерін, интерьерін, іріктеу мен сұрыптауды, ауыл шаруашылық малдарын өсіру тәсілін үйрету. Мал өнімділігін және олардың есепке алуды, іріктеу мен сұрыптауды, малдың тұқымы туралы түсінігін, өсірілуін, асыл тұқымды малдарды бағалау тәсілдерін меңгеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ауыл шаруашылығы малдарының физиологиясы
Пәннің мақсаты: Ауыл шаруашылығы малдарының физиологиясы жануарлардың органдарында, әртүрлі жүйелерінде, ұлпаларында болатын физиологиялық процестерді анықтауды үйретеді, адамның мұқтаждығына сәйкес, жануарлардың өнімділігін арттырып, өнім сапасын жақсартуды, оларды дұрыс күтіп-бағудың, өсірудің биологиялық негізі болып табылатын процестерді меңгереді. Физиологияның негізгі мақсаты әртүрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік үдерістерінің (зат алмасу, қоректену, тыныс алу т.б) заңдылықтарын зерттеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқық негіздері
Пәнінің мақсаты : Құқықтық жүйе, принциптері мен нормалары туралы негізгі білімдерін қалыптастыру, сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік және құқықтық жағдайларды талдау үшін құқықтық ұғымдарды қолдану дағдыларын дамыту. Курс студенттерді азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерімен таныстыруға, сондай-ақ құқықтық ортада бағдарлау үшін қажетті құқықтық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған. Сондай ақ білім алушыларға құқықтық мәселелерді шешуге және әртүрлі өмірлік жағдайларда негізделген шешімдер қабылдауға көмектесетін құқықтық жүйе туралы негізгі білімді қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауыл шаруашылығы малдарының морфологиясы
Пәннің мақсаты: Ауыл шаруашылығы жануарлары морфологиясының практикалық және теориялық негіздерін жоғары деңгейде меңгерген мамандарды дайындау. Жануарлар морфологиясы пәнінің мәні - организмдердің түрлері мен құрылымдары, олардың тіршілік әрекетін сақтаудағы қарым-қатынастарын реттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Генетика
Пәннің мақсаты: Генетика тірі ағзаның негізгі екі қасиетін – тұқым қуалаушылық және өзгергіштікті зерттеуге, оның заңдылықтарын әр түрлі деңгейде оқып үйретуге арналған. Клеткалық деңгейден бастап ағза деңгейіне дейін тұқым қуалау ақпаратының берілуі, оның механизмдері, ақпараттық материалдың негізінің құрамы туралы білім береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Экономика және кәсіпкерлік
Пәннің мақсаты: білім алушыларға болашақ кәсіби қызметіне байланысты экономикалық білім беруге, талдау дағдыларын және негізделген экономикалық шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған. Білім алушылар өздерінің қызмет салаларында қолданылатын экономика мен кәсіпкерліктің негізгі принциптерін меңгереді. Негізгі экономикалық түсініктер, экономикалық ақпаратты талдау әдістері, экономикалық шешімдерді қабылдау принциптері және бизнес стратегиялары қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Микробиология және вирусология
Пәннің мақсаты : Микроорганизмдердің құрылысы мен қызметі туралы білімдерін дамыту. Микроорганизмдер мен вирустардың генетикасы және селекциясы, құрылысы мен қызметі, пайда болуы және таралуы туралы мәлімет беру. Микроорганизмдердің табиғи және жасанды өзгерістерін, экологиясын, вирустардың генетикасы мен биохимиясын, өсімдіктердің вирустық ауруларын зерттеу әдістерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Автокад және автоматтандырылған жобалау жүйелері негіздері
Пәнді оқытудың мақсаты: Автоматтандырылған жобалаудың негізгі әдістерін, қолдану жағдайлары мен негіздерін, ауыл шаруашылығы өндірісінде автоматтандырылған жобалау жүйелерін қолданудың ерекшеліктерін, машина бөлшектерін жасау өндірісінде қолдану ерекшеліктерін игереді. Автоматтандырылған жобалау жүйелерінің түрлерін, автоматтандырылғын жобалау жүйелерінің конструкторлық және бағдарламалық құжаттарын біледі. Ауыл шаруашылығы өндірісінде машиналардың бөлшектерінің сызбаларын жасау жағдайларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мал дәрігерлігі негіздері
Пәннің мақсаты: Жануарлар организміндегі патологиялық процестерді, аурулардың пайда болу себептері мен жағдайларын анықтау және алдын алу және емдеу шараларын жүргізу үшін қажетті білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру, адамдарды адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, жұқпалы емес аурулармен күресудің негізгі шараларын ұйымдастыру, жалпы патология, клиникалық диагностика және хирургия бойынша жан-жақты білім беруді қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Бұл курстың мақсаты ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар мен жұмыс істеудегі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Курс ерекше қажеттілігі бар білім алушылармен түзету-дамытушылық жұмыстың заманауи формаларымен, әдістері мен технологияларымен танысу үшін негіз болып табылады. Психокоррекциялық сабақтардың әдіс-тәсілдерімен танысады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Пәннің мақсаты: Еңбек қауіпсіздігі - бұл жұмыскерлердің кәсіби қызметі барысында қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған, және тіршілік қауіпсіздігі - бұл адам өмірі мен денсаулығын күнделікті өмірде қорғауды қамтитын сала болғандықтан пән шеңберінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби аурулар мен жарақаттардың алдын алу бойынша құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет ету ережелері мен әрекеттері (өрттер, техногендік апаттар, экологиялық қауіптер және т.б.) қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пәннің мақсаты: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның себептері мен салдарын түсіну, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық және отандық тәжірибесіне, азаматтық қоғам өкілдерінің, жастардың және жалпы жұртшылықтың ролі туралы білімді қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және тұрақты даму
Пәнінің мақсаты: Экология және тұрақты даму пәнінің мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және қоғамның әлеуметтік, экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты даму принциптерін түсіндіру. Қысқаша мазмұны: Пәннің мазмұнында экологияның негізгі заңдылықтары, табиғат ресурстарының сарқылуы, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, қалдықтар мәселесі және басқа экологиялық мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістемесі
Пәннің мақсаты : Ауыл шаруашылығы саласында ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруға дайындау, зерттеудің жалпы ғылыми әдіснамасы жөніндегі ұғымын қалыптастыру болып табылады. ғылыми - зерттеу жұмысының әдіснама мен әдістемесінің негізін үйрету, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру, үрдіс барысында практикалық міндеттерді шешуде, зерттеу әдістерін қолдануды меңгеру құзыреттіліктерін дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сүт өндіру және басқару (Coursera) T1
Пәннің мақсаты : Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары дамуының жоғары қарқынын қамтамасыз етуді, тұтынушылар нарығындағы олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды үйрету.. Сүтті тасымалдау, тазалау, салқындату және сақтауды, сүттің сапасын тексеруді, тазалығын анықтауды меңгереді.. Сүтті жоғары температурамен өңдеу, сүтті пастерлеу және стерилдеу шарттары мен сүтті сепарациялау процестерін үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мал акушерлігі және көбею биотехнологиясы Т1, Т2
Пәннің мақсаты: Ұрғашы және еркек малдардың жыныс мүшелерінің анатомиясын, буаз жануарлардың ауруларын диагностикалау мен емдеуді, босану кезінде акушерлік көмек көрсетуді, босанғаннан кейінгі кезеңдегі ауруларды зерттейді, малдың жыныстық қызметіне байланысты факторларды біліп, ол факторлардың себептерін, профилактикасын және емін анықтайды, малдың төлшеңдігін көтерудің теориялық және практикалық негіздерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қаракөл шаруашылығы
Пәннің мақсаты: Қаракөл қой шаруашылығының негізгі экологиялық -климаттық аймақтарын зерттеу. Ол сондай -ақ жаңа туған қозылардың терісі мен жүнінің гистоморфологиялық белгілері мен бұйра жүн градациясының сапалы қалыптасуындағы рөлі туралы мәліметтерді зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қой өнімдерін өңдеу технологиясы Т2.
Пәннің мақсаты: Қой малдарының биологиялық ерекшелігін, одан алынатын ет, жүн өнімділігін өндіру жолдарымен танысу. Ет өнімділігінің көрсеткіштері, жүннің қасиеттеріне әсер ететін факторлармен, оны дайындау стандарттарымен студенттерді таныстыру. Қой тұқымдары туралы, жүн, ет өнімдерін өндіру биотехнологиясы туралы теориялық терең білім беру. Аз шығын шығарып экологиялық таза өнім алу үшін, сондай- ақ қой шаруашылығы өнімдерін өндіру мен оны алғашқы өңдеу негіздерін ұйымдастыру жұмыстарын қазіргі кездегі ғылым жетістіктерімен үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Экзотикалық биология және құстар менеджменті
Пәннің мақсаты: Әр түрлі табиғат зоналарында мекендейтін омыртқалы жануарлардың тіршілігін анықтап меңгереді. Құрылықтардың қалай пайда болғаны және ол жерде тіршіліктің қалай дамығанының, сонымен бірге олардың даму ұзақтығы кестелерде сызба түрінде көрсетілгенін және өсімдіктер мен жануарлардың геохронологиялық тізбесі мен құстың қалай, қанша уақытта пайда болғаны туралы мәліметтер алады. Тіршіліктің эволюциялық дамуын қамтиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді механикаландыру
Пәннің мақсаты: Мал шаруашылығы фермаларын механикаландырудағы технологиялық есептеулерді, су кешендерінің күрделі құрылысының өндірістік процестерін ұйымдастыруды, мал шаруашылығы фермаларын жобалау кезеңдері және бас жоспарын жобалауды , мал шаруашылығы фермаларын жобалау тәртібі мен олардың құрамы, жобалауға қойылатын негізгі талаптарды, жобалауға арналған тапсырманы әзірлеуді және техникалық-экономикалық негіздеме дайындауды меңгереді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын сараптау Т1
Пәннің мақсаты : Жеке кәсiпкерлердiң сәйкестiктi бағалауды жүргiзу қағидаларын және стандартталған, сертификатталған қызметтер мен өнiмдердi бақылау қағидаттарын сақтауына, мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруын үйрету. Жеке кәсіпкерлерге лицензияның берілуіне және жеке тұлғаларға өлшем құралдарын дайындауға, өлшем құралдарының түрлерін бекітуге, эталондарды салыстырмалы сынақтан өткізуге мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыруын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мал шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау
Пәннің мақсаты: Мал шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау саласында теориялық және практикалық дағдыларды қалыптастыру, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіру және өңдеу кәсіпорындарында стандарттау мен сертификаттаудың сақталуын бақылау әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Түйе құс және бөдене өсіру технологиясы Т2
Пәннің мақсаты: Түйеқұс және бөдене тұқымдарының биологиялық және шаруашылық ерекшеліктерін, мазмұны мен технологиясын түрлері мен географиялық таралуын, ішкі мүшелерінің анатомиясын меңгеруді қалыптастыру. Олардың ішкі мүшелерінің анатомиясы, құстарды қолға үйрету кезіндегі сыртқы ортаның әсері, құстарды аулау және өсіру технологиясын құстардың қорасын жобалау технологиясын үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мал шаруашылығындағы тәжірибе ісінің әдістемесі
Пәннің мақсаты: Ауыл шаруашылық малдарын бағалау және зерттеу жұмыстарын математикалық талдау әдістерін үйрету. Мал шаруашылығын зерттеу нәтижесінде алынған көрсеткіштерді математикалық әдістер арқылы талдау жасауға қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мал шаруашылығын цифрландыру
Пәннің мақсаты: Мал шаруашылығын цифрландыру жүйесі тасымалданатын тірі малдар мен мал өнімдеріне цифрлы ветеринарлық анықтамалар беруді қадағалау жолдарын қалыптастырады, малды алыстан қадағалап отыруға көптеген шаруашылықтар GPS-трекерлерді қолдану технологиясын пайдалану, мал фермаларындағы басқару үдерістерін игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мал шаруашылығы өнімдерін техникалық реттеу Т1
Пәннің мақсаты: Әртүрлі өнім түрлеріне арналған нормативтік құжаттарды және зерттеу әдістерін меңгеруді қалыптастыру. Стандартты өнім, құжаттама, мал шаруашылығы өнімдерін техникалық реттеу тенденциялары; техникалық реттеу ережелерінің тәртібі мен орындалуы; техникалық реттеу дәрежесін ұйымдастыру
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Малдарды жасанды көбейту және тауарлық өсіру (MINOR)
Пәннің мақсаты: Малдарды жасанды көбейту және мал фермаларында мал өсіру технологиялары бойынша білім мен шеберлікті қалыптастыру. Мал өсірудің қарқынды әдістерін және оның аралас түрлерін пайдалана отырып, әртүрлі жануарлар түрлерін өсіру технологиясын меңгереді, тауарлық мал өсіруді жүзеге асырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Сүт өндірудегі инновациялық технологиялар Т2
Пәннің мақсаты : Сүт өндірудің инновациялық технологияларын меңгеру, сүттің сапасы мен мөлшерін жақсартудың инновациялық жолдарын зерттеу Сүт өндірісінің жағдайы мен даму болашағын, өнімдердің ассортименті және оны жетілдіру бағыттарын игереді. Сүт өндірудің негізгі механикаландырылған технологияларын, сүт пен кілегей, ашытылған сүт өнімдері мен сүт консервілерін өндірудегі және сүт шикізатын өңдеудің инновациялық технологияларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мал шикізатының тауартануы және сараптамасы
Пәннің мақсаты: Малдан алынатын шикізаттар: жүн, тері, т.б. да қосалқы өнімдердің тауартануы мен сараптама ережелерімен танысады . Бағалы шикізаттардың гистологиялық – морфологиялық ерекшеліктерін игереді. Сонымен қатар өнімдердің тауартанулық және сараптамалық көрсеткіштерін анықтау жолдарын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ауыл шаруашылығы машиналары Т1
Пәннің мақсаты: мал шаруашылығының әртүрлі салаларында өнім өндіруге арналған ауыл шаруашылығы машиналарының ерекшеліктері, оның жай-күйі мен даму перспективалары туралы білім жүйесін қалыптастырады. Ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының негізгі техникалық сипаттамаларын және мал шаруашылығы машиналары жүйелерін қолдану әдістерін үйренеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы Т1
Пәннің мақсаты: Әртүрлі сүт өнімдерінің шикізаты ретінде, сүт өнімдерін өндіру технологиясының негіздерімен сүт саласының жай-күйі мен даму перспективасын, сүттің химиялық құрамы мен қасиетін, сүттің жоғары сапасын алуға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды игереді. Бастапқы өңдеу және сақтау тәртібін, оның ең құнды қасиеттерін фермада алған сәттен бастап сүт кәсіпорындарына жеткізілгенге дейін сақтауды, сүтке қойылатын талаптарды зерттеу жолдарын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жануарлар биотехнологиясы
Пәнінің мақсаты : Жануарлардың гендік және жасушалы инженериясының мүмкіншіліктері туралы, биотехнологияда жануарлардың жасушаларын қолданылу жолдары және әдістері туралы сапалы және терең білім беру. Биотехнологияның жетістіктерін пайдалана отырып, әртүрлі құрылымдық деңгейде тіршілік процестерінің заңдылықтарын зерттейді. Жануарлардың жыныс жасушаларын клондау және генетикалық ауысу ұстанымдарын, тәжірибе саласында биотехнология әдістерін қолданып, жануарлардың өнімділігін арттыру мәселелерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мал өсірудегі заманауи технологиялар
Пәннің мақсаты: Малда кездесетін жыныстық ауруларды анықтау, алдын алу оларды емдеу үшін ультрадыбыстық диагностикалық аппаратты қолдану тәсілдерін меңгеру . Аппараттың көмегімен аналық сиырдың буаздығы, қысырлы¬ғы және қандай аурумен ауыратын¬дығын анықтау тәсілдерін, гинекологиялық ауруларды ерте байқап, алдын алу сиырлардың ұдайы өсіп, дені сау төл төлдеуіне себеп бо¬латын жолдарын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Шошқа шаруашылығы Т2
Пәннің мақсаты: Шошқа биологиясын, тұқымдық құрамын, шошқа өндірудің негізгі технологиялық параметрлерін, мамандандырылған шошқа шаруашылығы мен кешендерінің ұйымдастырушылық нысандары мен жұмыс принциптерін, табынның өсімін молайту технологиясын, шошқаларды азықтандыру және бордақылау технологиясын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Спорттық жылқы шаруашылығы
Пәннің мақсаты: Спорттық жылқылардың тұқымдары мен спорттық жылқыларға қойылатын талаптарды толықтай оқып үйрету. Спорттық жылқылардың дайындық және ипподром сынақтары кезіндегі жұмыс көрсеткіштерін, жылқыларды азықтандыруды және күтіп-бағуды ұйымдастыруға үйрету. Ипподром салу және оларды пайдалану, атқа мінуге үйрету жұмыстарын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Жылқы шаруашылығы
Пәнінің мақсаты : Жылқы шаруашылығы мен жылқы еті және қымыз өндіру технологиясы бойынша жұмыс істеуге қажетті дағдыларды үйрету болып табылады, әртүрлі жылқы тұқымдарымен жұмыс істеуге мүмкіндік алады және жылқымен жұмыс істеудің негізгі әдістерін, сонымен қатар қора мен ферманы басқарудың принциптері мен әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Құрама жем өндіру технологиясы
Пәннің мақсаты: Мал өнімділігін арттыруға әсер ететін негізгі факторларды, азықтандыру мен құрама жем өндіру технологияларын игереді. Сыртқы орта факторларын өзгерте отырып ауыл шаруашылық малдары мен құстарынан мол өнім алудың тиімді жолдарын қалыптастыра алады және оны тәжірибеде қолдануға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Тері өңдеудің интенсивті технологиясы Т1
Пәннің мақсаты : Ауылшаруашылығы малдарының терісінен былғары өндіруге әкелетін операциялар тізбегін, терінің құрылысын, талшықтардың дамуын зерттеу. Білім алушыларға жүн талшықтарының түрлерін, сондай -ақ, жүннің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін, жүннің құрылымын, жүн талшықтарының жіктелуі мен қаракөл терісін бағалауды үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мал шаруашылығы нысандарын жобалауда жасанды интеллект технологиясын қолдану
Пәннің мақсаты: Мал шаруашылығы ғимараттарын жасанды интеллект технологиясымен жобалау және пайдалану негіздерін оқып үйрену, жалпы профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы білімге ие болу, жануарлар организмінің қоршаған ортамен байланысын зерттеу, микроклимат жасанды интеллект технологиясын қолдану арқылы көрсеткіштерін анықтау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түйе шаруашылығы
Пәннің мақсаты: Түйелердің өнімділік және шаруашылық қасиеттерін оқу, жүннің технологиялық қасиеттерін анықтау, түйе шаруашылығының генетикалық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, жүн, ет, сүт (шұбат) өндірудің заманауи әдістерін игеру
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мал азығын өндіру
Пәннің мақсаты: Ауыл шаруашылығында табиғи жайылым мен шабындықтардың алатын орнын, табиғи жайылым мен шабындықтардың әр аймақта орналасуын, онда өсетін өсімдік қауымының ерекшеліктерін игереді. Табиғи мал азықтық өсімдік түрлерін, биологиялық және морфологиялық құрылысы мен мал азықтық маңызын, мәдени малазықтық дақылдар, олардың өнімі мен сапасын, табиғи және мәдени жайылымдар мен шабындықтарды тиімді пайдалануды, жақсарту негіздері мен олардың ерекшеліктерін игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Ет өнімдерінің биохимиясы Т2
Пәннің мақсаты: Сақтау кезінде еттің сапасы мен қауіпсіздігіне әсер ететін микроорганизмдердің негізгі топтары, патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер, санитарлық-индикативті микроорганизмдер, тірі ағзалардың химиялық құрамы, бұлшықет ұлпасының және қанның биохимиясы, ет өндіру мен өңдеудің барлық кезеңдерінде жүретін биохимиялық және микробиологиялық процестер, оның бұзылу процестеріндегі микроорганизмдердің рөлі туралы білімдерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биотехнология негіздері
Пәннің мақсаты: Биотехнологияның жетістіктерін пайдалана отырып, әртүрлі құрылымдық деңгейде тіршілік процестерінің заңдылықтарын зерттеуді, соның ішінде зат алмасу, тыныс алу, қоректену және т.б., студент жануарлардың өнімділігін арттыру мәселелерін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мал тектес шикізатын алғашқы өңдеу технологиясы
Пәннің мақсаты: Ет өнімдерін, жартылай фабрикаттарды өңдеу, өндіру, сақтау және өткізу, қайталама сою өнімдерін пайдалану, жем өнімдерін дайындау бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру.Мал шаруашылығы өнімдерін алғашқы өңдеу технологиясын, өнімді сақтау технологиясын зерттеу және мал шикізатының сапасын бағалауды меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сүт фермаларындағы роботталынған технологиялар
Пәннің мақсаты: Роботтық жүйелердің дамуы мен көлемінің алғы шарттарын, сүт фермаларындағы роботты жүйелердің құрамдас бөліктерін, сүт фермаларындағы роботтардың құрылғылары мен жетектерін, роботтарды басқару жүйелерін игереді. Сүт фермаларында робототехникада интеллектуалды басқару жүйесін құру принциптерін, роботты жүйелердің қажетті түрлерін , сүт-тауарлы фермалардағы оларды басқару әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жүн өндіру технологиясы
Пәннің мақсаты :Малдың биологиялық ерекшеліктерін, одан алынатын жүн өнімділігін өндіру жолдарымен, жүн өндіруде оған әсер ететін факторлармен, оны дайындау стандарттарын студенттерге таныстыру, және жүн өндіру технологиясы туралы теориялық білім беру. Аз шығын шығарып экологиялық таза өнім алу үшін, селекциялық және асылдандыру жұмыстарын қазіргі ғылыми жетістіктермен үйрету
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Ет және ет өнімдерінің технологияcы (coursera)
Пәннің мақсаты: Ет саласының технологиялық процестерінің химиялық құрамы мен қасиетін, сойылған жануарлардың ет өнімділігінің жалпы сипаттамасын, ет өнімдерін тасымалдау, қабылдау және сою алдындағы ұстау, етті консервілеу әдістерін, ет консервілерінің технологиясын, жартылай фабрикаттар және тез мұздатылған дайын өнімдер, шағын кәсіпорындарда, шаруа қожалықтарында және үй жағдайында етті өңдеу технологиясын, ет өнімдерін өңдеу әдістері туралы білімді қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
Пәннің мақсаты. Құс шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктерімен таныстыру, ет, жұмыртқа және құс өнімдерінің басқа да түрлерін өндіру технологияларын меңгереді. Сонымен қатар құс шаруашылығының өнімділігін арттыру әдістерін, өндіріске әсер ететін факторларды оқып үйренеді. Қоршаған орта факторларын өзгерту арқылы құс шаруашылығынан жоғары өнім алудың тиімді жолдарын қалыптастырып, оны іс жүзінде қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қой және ешкі шаруашылығы
Пәннің мақсаты: Қой мен ешкінің конституциясын, сыртқы түрін, ішкі құрылысын, биологиялық ерекшеліктерін және асыл тұқымдық қасиеттерін, өсіру әдістерін зерттеу. Білім алушыларды қой және ешкі өсіруді, оларды азықтандыру мен күтіп бағудың маңызды мәселелерін, қазіргі заманғы зоотехникалық ғылым мен озық практика жетістіктері негізінде қой және ешкі шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы бойынша теориялық білім қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру
Пәннің мақсаты: Малды азықтандырудың маңызы мен азыққа қажеттілікті анықтау. Азық қоры үшін табиғи өсімдіктерді үнемді пайдалану, азық дайындауда озық тәжірибелерді, ғылыми жетістіктерді пайдалану, азықты консервілеудің тиімді жолдарын қолдану, азықты малға берер алдында даярлаудың және сақтаудың жолдарын пайдалану арқылы әр түрлі малдардың қоректік заттарға мұқтаждығын анықтайды. Жем араластырғыштарды қолдану арқылы жем дайындау мен бөлуді оңтайландыру, табиғи және жасанды жайылымдармен азықтандыруға кететін шығындарды есептеуді меңгеру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауыл шаруашылығы құстарының балапандарын өсіру технологиясы
Пәннің мақсаты: Ауыл шаруашылығы құстарының шығу тегі мен эволюциясын, өсірілетін негізгі тұқымдардың өнімділік қасиеттерін зерттейді. Студенттер күнделікті балапандарды күтіп-бағу, оңтайлы ауа ылғалдылығын, жарықтандыру және желдету режимдерін, теңдестірілген тамақтану және тамақтану дозасын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ірі қара шаруашылығы
Пәннің мақсаты : Қазақстанда және шетелде мал шаруашылығының қазіргі жағдайы, саланың мәні және оның даму перспективалары, биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері, Ірі қара малды ұтымды өсіру және пайдалану, экологиялық талаптарды ескере отырып, сүт пен сиыр өндірудің қарқынды технологиясы, бордақылау және ет өнімділігін арттыру әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Мал шаруашылығы өндірісіндегі "ақылды технологиялар
Пәннің мақсаты: Ақылды технология кезінде мал шаруашылығы өнімін өндіру мен өңдеуде жаңа технологиялармен белсенді түрде жұмыс жасауын, замануи технологиялар негізінде мал шаруашылығы өнімдерін тиімді өндіруді қамтамасыз етуге қажетті қазіргі таңдағы ғылыми білімнің жағдайы меңгереді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Философиялық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық, кәсіпкерлік және құқықтық білім негіздерін игереді, азаматтық ұстанымын білдіре алады, қоғамның тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдайды, құжаттамамен жұмыс істеу және көпшілік алдында сөйлеу үшін қазақ (орыс) және шет тілдерінде ауызша және жазбаша сөйлеу, сондай-ақ этика және әлеуметтік коммуникация әдістерін меңгереді.
- Инклюзивті білім беру, ғылыми зерттеулер, экология және орнықты даму, еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы алған білімдерін, сондай-ақ мал және құс шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде инновациялық технологияларды қолданады.
- Биохимия, анатомия және гистология, микробиология, ветеринария , вирусология және автоматтандырылған жобалау негіздері бойынша алған теориялық және әдістемелік білімдерін іс жүзінде өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қолданады, жануарлардың өнімділік қасиеттерін бағалаудың, мал және құс шаруашылығында дамыту мен басқару үшін әдістер мен технологияларды пайдаланудың ең тиімді тәсілдерін меңгерген.
- Генетика, гендік инженерия, жануарлар физиологиясы мен морфологиясы және мал және құс шаруашылығы өндірісі өнімдерінің биотехнологиясының жаңа заманауи технологияларын меңгерген, ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыру және өнімділігін өсірудің заманауи әдістерін қолданады.
- Мал және құс шаруашылығының шикізат өнімін бастапқы қарқынды қайта өңдеу және тауарлық сараптау, стандарттау және сертификаттау, өнімділік пен өсімін молайту, инновациялық технологиялар бойынша алған білімдерін кәсіби қызметінде қолданады. Бордақылау іс-шараларын ұйымдастыру кезінде мал және құс шаруашылығы өндірісін механикаландыру, мал азығын, құрама жем өндіру дағдыларын меңгерген.
- Мал және құс шаруашылығы шикізатын, ет, сүт өнімдерін және ет, сүт консервілерін өндіру мен сапасын тексеруде инновациялық технологияларды қолданады. Түйе, ірі қара, жылқы , қой, ешкі, құс өнімдерін, тері өңдеу мен сақтаудың , тауартану мен сараптаудың қарқынды инновациялық технологияларын меңгерген.
- Мал және құс шаруашылығы өндірісінде, мал фермаларындағы түліктерді өсіруде, нысандарды жобалау технологиялық үдерістерінде жасанды интеллект технологиясын қолданады. Мал және құс шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуде заманауи цифрлық ақылды технологияларын меңгерген.
- Магистратурада оқуды жалғастыру үшін білім берудің жеке траекториясын дербес қалыптастырады, асыл тұқымды жануарларды есепке алу, олардың өнімділік қасиеттерін бағалау бойынша кәсіби қызметке қажетті жаңа білімді меңгереді, өзінің кәсіби қызметін талдайды және жоспарлайды, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі ұйымдастырушылық-басқарушылық, коммуникативтік, мәдени, зияткерлік, моральдық және когнитивтік құзыреттерді дамытады.