6B07365 Құрылыс в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Әртүрлі мақсаттағы жаңа ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға және салуға, қолданыстағы құрылыстарды тексеруге және қайта жаңартуға, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағдайында ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдауға қабілетті жан-жақты білімді, әлеуметтік-табысты мамандар даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B073 Сәулет және құрылыс
Пәндер
-
Математика I
Пәнді оқытудың мақсаты: сандық есептеулер және зерттеу әдістерімен, математикалық ұғымдармен, мамандығына байланысты қолданбалы есептерді шешуге қажетті математикалық аппараттың негіздерімен таныстыру және алгебра элементтері және аналитикалық геометрия және математикалық талдаудың негіздерін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физика I
Пәнді оқытудың мақсаты: Физика I пәнін оқытуда студенттердің физиканың іргелі принциптерін меңгеру, сонымен қатар оларды нақты есептерді шешуге, әсіресе олардың болашақ кәсіби іс-әрекеті жағдайында қолдана білу дағдыларын дамыту басты мақсат болып табылады. Курс барысында студенттер механика, термодинамика, электр және магнетизм, оптика және толқындық оптиканың негізгі ұғымдары мен заңдарын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандыққа кіріспе және құрылыс материалдары
Пәннің мақсаты - таңдалған мамандыққа қызығушылықты ынталандыру, оқутыға сонымен қатар кәсіби білімді алудың заманауи әдістеріне саналы қатынасқа ықпал ететін дүниетанымын қалыптастыру. Сонымен қатар, материалдардың гидрофизикалық және жылу физикалық қасиеттерін, қирау механикасы, механикалық қасиеттер моделі және кернелу релаксациясы туралы мәліметтерді меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Физика II
Пәнді оқытудың мақсаты: Физика II курсының негізгі мақсаты – физика заңдарын және олардың әртүрлі салаларда қалай қолданылатынын оқып үйрену, сонымен қатар студенттердің кәсіби мәселелерін шешуге негіз қалыптастыру. Пәннің сипаттамасы: физикадағы электр және магнетизм, электромагнетизм, оптика және толқындық оптика, атомдық және ядролық физика сияқты қосымша тақырыптар мен түсініктерді зерттейді. Студенттер қазіргі заманғы өлшеу құралдарын пайдалана отырып және компьютердің көмегімен физикалық күйді модельдеу арқылы теориялық және эксперименттік жалпыланған типтік физика есептерін шешуді меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Математика II
Пәнді оқытудың мақсаты: сандық есептеу және зерттеу әдістері, математикалық ұғымдар, математикалық аппарат негіздері, математикалық есептерді шеше білу, тәжірибеде қолдана білу. Математикалык есептерді шығаруға, олардың нәтижесін іс жүзінде пайдалануға білім алушылардың логикалык және алгоритмдік ойлау қабілетін дамытып, колданбалы мәселелердің алғашқы математикалык зерттеулеріне дағдыландыру. Білім алушыларды мамандығына байланысты әдебиеттердегі математикалык акпараттарды өз бетімен түсінуіне баулып, есептерді шығаруға қажетті есептеу әдістері мен оған кажетті жабдыктарды (компьютер, кестелер. анықтамалар) таңдай білуді меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
АutoCAD және автоматтандырылған жобалау жүйелері негіздері
Курс AutoCAD бағдарламасында жұмыс істеу негіздерін игергісі келетіндерге және автоматтандырылған жобалау принциптерін түсінгісі келетіндерге арналған. Студенттер 2D және 3D сызбаларын құруды және өңдеуді, жобалаудың негізгі құралдарын пайдалануды және жобалау жұмыстарының тиімділігі мен дәлдігін арттыру үшін компьютерлік дизайн негіздерін үйренеді. Курс студенттерге алған білімдерін практикада сенімді түрде қолдануға мүмкіндік беретін теориялық негіздермен қатар практикалық жаттығуларды да қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инженерлік графика І, II
Пән ортогональ проекциялар арқылы кеңістікте орналасқан нәрсенің графикалық сызбаларын тұрғызу әдістерін меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар, сызбалар және олардың түрлері, шрифттер мен таңбалар, масштабтар, материалды шартты белгілеу, өлшемдерін енгізу, бөлшек сызбалары, эскиздер, құрылыс конструкциялар бөлшектерінің сызбаларын орындауды үйренуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Инклюзивті білім беру ортасы
Құрылыс мамандығына арналған инклюзивті білім беру ортасы - ерекше қажеттіліктері бар студенттерді ескере отырып, қолжетімді ғимараттар мен оқу кабинеттерін, әртүрлі оқыту әдістерін және психологиялық, әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ететін білім беру жүйесі. Бұл орта студенттердің тең мүмкіндіктермен білім алуын қамтамасыз етіп, олардың жеке ерекшеліктеріне бейімделген тиімді оқу процесін ұйымдастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инженерлік механика I
Пән заманауи теориялық механиканың аналитикалық және графикалық әдістері, статиканың негізгі ережелері, күш өзара механикалық әсер өлшемі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, құрылыс конструкцияларының негізгі элементтерін қарапайым деформация кездерінде беріктікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа есептеулің аналитикалық және жобалық әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Құқық негіздері
Пәннің мақсаты: құқықтың негізгі ұғымдары мен принциптерін түсінуге бағытталған. Бұл пән құқықтық білім мен қоғамдағы құқықтық реттеудің негіздерін түсіндіре отырып, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік
Пәннің мақсаты: білім алушыларға болашақ кәсіби қызметіне байланысты экономикалық білім беруге, талдау дағдыларын және негізделген экономикалық шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған. Білім алушылар өздерінің қызмет салаларында қолданылатын экономика мен кәсіпкерліктің негізгі принциптерін меңгереді. Негізгі экономикалық түсініктер, экономикалық ақпаратты талдау әдістері, экономикалық шешімдерді қабылдау принциптері және бизнес стратегиялары қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сәулет және құрылыс құрылымдарының негіздері
Пән азаматтық және өндірістік ғимараттардың және имараттардың жобалау принциптерінің осы заманғы білім жүйелерімен құралдандыруға бағытталған. Сонымен қатар, эффективті конструктивтік шешімдерін қабылдауға, әр түрлі материалдардан негізгі жүк көтергіш конструкцияларының қимасын сапалық және есептік бағалау дағдыларына ие болуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сәулет I
Пән ғимараттар мен имараттарды жобалау принциптерін тұрғын сәулеттік құрылыстық жобалау негіздерін ұйымдастыруға бағытталған. Сонымен қатар, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың жүк көтергіш қаңқаларын жобалау негіздерімен, негіздер мен іргетастардың, конструктивтік шешімдерімен және конструкцияларды тұрғызудың жалпы ережелерімен танысуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
«Қаржылық сауаттылық негіздері» пәні білім алушылардың жеке және отбасылық қаржы саласындағы базалық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ жеке бюджетті, жинақтарды, кредиттер мен инвестицияларды басқаруға жауапкершілікпен қарауды дамытуға бағытталған. Курсты оқу күнделікті өмірде және кәсіби қызметте ұтымды қаржылық шешімдер қабылдау үшін қажетті тұрақты қаржылық әдеттерді дамытуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Азаматтық және өндірістік ғимараттар сәулеті
Пән азаматтық және өнеркәсіптік ғимараттардың көлемдік-жоспарлауды, конструктивтік шешімдерін, құрылыс жобаларының сәулет-құрылыс бөлімдерін және сәйкес ғимараттың конструктивтік шешімдерін меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар, ғимараттар мен олардың жеке элементтерін жобалау шешімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Инженерлік механика II
Пән технологиялық машиналар мен жабдықтардың элементтерін есептеудің қазіргі заманғы әдістерін, деформацияның негізгі түрлері мен кернеулі және деформацияланған күйлер теориясын, беріктік және пластикалық гипотезаларды оқытады. Күрделі қарсыласу, статикалық анықталмаған жүйелерді, жұқа қабырғалы қабықшаларды және қалың қабырғалы құбырларды есептеуді үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және тұрақты даму
Пәнінің мақсаты: Экология және тұрақты даму пәнінің мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және қоғамның әлеуметтік, экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты даму принциптерін түсіндіру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Геодезия
Жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын Жер туралы ғылым саласы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері курсы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның себептері мен салдарын түсіну, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Курста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық және отандық тәжірибесіне, азаматтық қоғам өкілдерінің, жастардың және жалпы жұртшылықтың ролі туралы ақпараттарға талдау жасалады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Пән екі өзара байланысты аспектіні қамтиды: еңбек қауіпсіздігі - бұл жұмыскерлердің кәсіби қызметі барысында қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған, және тіршілік қауіпсіздігі – бұл адам өмірі мен денсаулығын күнделікті өмірде қорғауды қамтитын сала. Пән шеңберінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби аурулар мен жарақаттардың алдын алу бойынша құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет ету ережелері мен әрекеттері (өрттер, техногендік апаттар, экологиялық қауіптер және т.б.) қарастырылады. Білім алушылар азаматтық қорғаудың негіздерін, алғашқы дәрігерге дейін көмек көрсету және құтқару жұмыстарын ұйымдастыру негіздерін зерттейді. Пән білім алушыларда қауіпсіздік мәселелеріне жүйелі көзқарас қалыптастыруға және жұмыс орнында және күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қоршау конструкцияларында жылу беру
Білім алушы қоршау конструкцияларының жылу-техникалық көрсеткіштерін тексеруді және есептеулер жүргізіп тиімді шешім қабылдауды үйренеді. Сонымен қатар қоршау конструкцияларының жылу сақтау технологияларын қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жобалаудағы және құрылыстағы 3D визуализациялау
Пән Autodesk фирмасының 3ds Max пакетін меңгеруді, модельдеудің ауқымды әдістерін, олардың түрлері мен күрделілігі, әртүрлі үшөлшемді компьютерлік модельдерді құру үшін үйлесімін оқытады. Бағдарлама сондай-ақ қуатты визуализатор болып табылады, кіріктірілген визуализаторлардың үлкен саны бар, сондай-ақ үшінші тарап әзірлеушілерінің визуализаторларын пайдалануға мүмкіндік береді. Анимацияланған сахна құру мүмкіндігі бар. Бағдарламаны қолдану шеңбері жан-жақты бағытта игеріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құрылыс физикасы
Пән ғимараттардың қоршау құрылымдарында болып жатқан Физикалық процестерді және ішкі ортаның физикалық қасиеттерін білуге бағытталған. Ғимаратты жобалау кезінде үй-жайларда қолайлы микроклиматты қамтамасыз ету мақсатында жылу техникасы, акустика, жарық техникасы бойынша есептеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құрылыс өндірісі технологиясы I
Пән құрылыс процестерін орындау әдістері мен процестерін және құрылыс жұмыстары мен жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру, процестердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету, еңбек және қоршаған ортаны қорғау, технологиялық жобалау туралы негізгі түсініктер мен ережелерді білуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құрылыс конструкциялары I
Пәнді оқытуда құрылыс конструкцияларының қасиеттерін және физика-механикалық сипаттамаларын, негізгі элементтеріне әсер ететін жүктемелерді анықтауды және оларды шекті жағдайдағы топтар бойынша есептеуді меңгереді . Сондай-ақ, әр түрлі кернеулі жағдайда элементтердің жұмысын, конструктивтік элементтердің көлденең қимасының пішіндері мен өлшемдерін есептеуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Пән құрылыс жобаларын, материалдарын, технологияларын және процестерін зерттеу мен дамытуға бағытталған жүйелі тәсілдер мен әдістемелер болып табылады. Құрылыс саласында конструкциялардың жұмысын және ресурстардың қолдануын математикалық формулалар мен модельдер арқылы ғылыми зерттеулер жүргізуге және практикалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, сонымен қатар құрылыс жобаларының сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін арттыруға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құрылыс жылу техникасы
Пән ғимараттар мен құрылымдардың жылу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, құрылыс нормаларын және ғимараттарға жаңа энергетикалық көрсеткіштер енгізуді, энергияны үнемдеу, ғимараттарды жобалау жұмыстарын меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар, ғимараттар мен имараттарды жобалауда қоршау конструкцияларының климаттық параметрлерін және оларды артық ылғалдандырудан қорғау, желдету мен жылыту жүйелерінің ұзақ мерзімділігі мен қажетті сенімділігін есептеуді игеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құрылыстағы сандық технологиялар
Пәнді игеруде білім алушылар компьютерлік графиканың жетілдірілген мүмкіндіктері мен бағдарламалық пакеттерді пайдалана отырып, құрылыстағы сандық форматтағы құжаттарды әзірлеуді меңгереді. Дайындалған сандық құжаттарды қолдана отырып, құрылыс нысандарын уақтылы жөндеуді жоспарлауды және жүргізуді, бүкіл пайдалану кезеңінде ғимараттың барлық инфрақұрылымының тиімді жұмысын қамтамасыз етуін, сондай-ақ табиғи апаттар, өрттер, террорлық шабуылдар және т. б. жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Геотехника I
Пәнді оқытуда тау жыныстарының құрылымы, қасиеттері, табиғи геологиялық процестер және инженерлік-геологиялық жағдайлардың өзгергіштігі туралы негізгі мәліметтерді зерттей алады. Тау жыныстарын құрайтын минералдар, магмалық, шөгінді және метаморфты тау жыныстары, жер асты сулары қарастырылады. Топырақ механикасының негізгі заңдылықтары, топырақтағы кернеуді анықтау әдістері, шекті кернеулі күй теориясы және оны қолдану, топырақтың деформациясы және олардың уақыт бойынша өзгеруін біледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Энергия тиімді ғимараттарды жобалаудың ғылыми негіздері
Пән энергия тиімді үйлерді жобалауды ғылыми негіздеуге, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану саласындағы энергия үнемдеу стратегиясын құруға бағытталған. Сонымен қатар, құрылыс энергиясы және энергия үнемдеуді, құрылыс пен жобалаудың отандық және әлемдік тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құрылыс өндірісінің процестері
Пәнді оқытуда ғимараттар мен құрылыстарды салу кезінде орындалатын құрылыс-монтаждау процестерін жүзеге асыру тәсілдері мен құралдары, еңбек және қоршаған ортаны қорғау, технологиялық жобалау туралы негізгі түсініктер мен ережелер туралы меңгеруді, құрылыс процестерінің еңбек сыйымдылығын, машина қажеттілігін және қажетті жұмысшылардың, техникалардың санын анықтауды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ағаш конструкциялары
Пән ағаштан жасалған құрылыс конструкцияларының әртүрлі кернеулі жағдайдағы жұмысы, оларды кұрылғылау және есептеу тәсілдерін үйретуге бағытталған. Сонымен қатар, теория мен практикада ағаштан жасалған конструкцияларды есептеу мен жобалаудағы заманауи тәсілдер мен тенденцияларды қолдануға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инженерлік геология
Пән инженерлі геология төңірегіндегі инженерлі-құрылыс жұмыстарының теориялық және практикалық негізін білуге бағытталады. Сонымен қатар, топырақ механикасының негізі, топырақтың ыдырау теориясы, іргетас құрылысы және жерасты құрылысы туралы мәліметтерді, құрылыс алаңын инженерлі-геологиялық жағдайын дұрыс бағалауды меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инженерлік механика III
Пән статикалық анықталған жүйелерді және статикалық түрде анықталмайтын жүйелерді есептеу әдістемесін, құрылыс конструкциялары мен құрылымдарын есептеудегі құрылыс механикасының негізгі әдістерін меңгеруге, құрылымдардың жұмысын талдауға бағытталған. Сонымен қатар, статикалық анықталатын және анықталмайтын стерженьдік жүйелерді есептеуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жарықтандыру техникасы мен акустика негіздері
Пән ғимараттарда тиімді жарық және дыбыс жағдайларын қамтамасыз ету тәсілдерін үйретеді. Онда табиғи және жасанды жарық көздері, жарық ағынын есептеу, жарықтандыру жүйелерін жобалау, дыбыстың таралуы, оқшаулануы және реверберация ұғымдары қарастырылады. Пән сәулеттік және инженерлік жобалауда қолайлы ортаны қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құрылыс өндірісі технологиясы II
Пән ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған өнеркәсіптік әдістерді, құрылыс-монтаждау жұмыстарының негіздерін, жеке құрылыс-монтаж жұмыстарының технологиялық жобалау әдістемесін меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісі жобасының мазмұны мен құрылымын, ғимараттар мен құрылыстарды салу ережелерін игеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құрылысты механикаландыру
Пән құрылыс машиналарын жіктеуді, көліктік, тасымалдаушылық, жүктеу-жүк түсіру және жүк көтеруші машиналары туралы ақпаратты игеруге бағытталған. Сонымен қатар, жерлік және қадалық жұмыстарға арналған машиналар мен жабдықтарды, тас материалдарын уақтауға, сұрыптауға және жууға арналған машиналардың жұмыс істеу механизмін меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Құрылыс экономикасы
Пән өндіріс саласында баға белгілеу негіздерін, заманауи әдістемелік және бағаланған нормативтік базасын, жобаның сметалық құнын құрамы мен құрылымын, жергілікті бюджеттеу мен жиынтық стандарттарға баға беруді үйренеді. Жобалау жұмыстарының сметалық құнын анықтап, жұмыс көлемін есептеу ережесін, жергілікті бюджеттің бөлімдері бойынша жұмыс көлемін есептеуді игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Құрылыс конструкциялары II
Пән әртүрлі кернеулі күйдегі темірбетоннан жасалған конструкциялардың жұмысын, оларды есептеуді және конструкциялауды меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар, экономикалық тұрғыдан ең тиімді конструктивті шешім қабылдауға дағдылануға, конструкциялардың жүк көтеру қабілетін сандық және сапалық түрде бағалауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғимараттардың санитарлық-техникалық жабдықтары
Пән оқыту барысында инженерлік жүйелерді жобалау, монтаждау, пайдалану саласында білім беруге бағытталған. Сонымен қатар, тұрғын - үй, қоғамдық, өндірістік ғимараттар мен арнайы мақсаттағы нысандарды сумен қамту, канализация, жылыту, желдету, кондиционерлеу және газбен қамтудың ішкі жүйелерін есептеуді жүргізу, жұмыс орнындағы міндеттерді тәжірибе жүзінде шешу дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Іргетастар және жертабандар
Пән іргетас тұрғызу саласының қалыптасуы мен дамыуын, топырақ сілемдерін жобалаудың негіздерін, топырақтың көтергіштік қабілетін, іргетастар салу тереңдігін талдауды игеруге бағытталған. Сонымен қатар, терең емес жатқан іргетастар мен қадалы іргетастарды жобалауды, салу жұмыстарының технологиясын меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құрылыс машиналары мен жабдықтары
Пән құрылыс машиналары мен жабдықтары туралы ақпаратты, көлік және көтеру, жерге орналастыру машиналары туралы ақпаратты игеруге бағытталады. Сонымен қатар, бетон және ерітінділерді дайындау және тасымалдау, бетон қоспаларын тығыздау, әрлеу жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтардың жұмыс істеу механизмін меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Геотехника ІІ
Пән топырақ механикасы мен іргетастар құрылысының практикалық мәселелерін шешуге және есептеуге бағытталады. Сонымен қатар, негіздер мен іргетастарды жобалау, инженерлік-геологиялық және топырақтың физика-механикалық қасиеттерін анықтауды үйренуге, жобалық шешімдерге техника-экономикалық баға беруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Темірбетон конструкциялары
Пән темірбетон конструкцияларын зерттеу және сынау мәселелерін, ғимараттар мен үймереттерді сынаудың экспирементальды әдістерін игеруге бағытталған. Сонымен қатар, темірбетонның негізгі физикалық-механикалық қасиеттерін, олардың жобалау принциптерін, есептеудің теориялық және практикалық аспектілерін, әртүрлі кернеулі жағдайлардағы конструкциялардың қарсыласу ерекшеліктерін жобалауды игереді. Темірбетон конструкциясын сындырмай сынау, ғимараттар мен үймереттердің көтеру конструкциясын статикалық сынау әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құрылыстағы экономика және менеджмент
Пәнді оқытуда өндірістің маңызды саласы ретінде меншік нысаны және құрылыстағы байланыстар, инвестициялардың экономикалық тиімділігі, баға белгілеу және құрылыстағы бюджет, құрылыс ұйымы өндірісінің құнын есептеуді, құрылыстағы нарықтық экономиканың механизмін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ғимараттың инженерлік жүйелері мен желілері
Пән заманауи қалаларды және ірі елді мекендердегі жеке ғимараттарды, құрылыстар мен өндіріс орындарын салу мәселесін шешу кезінде инженерлік жүйелерді жобалау негіздерін меңгеруге бағытталған. Сондай-ақ, ішкі және сыртқы инженерлік жүйелерді жоспарлау, құрастыру, ұйымдастыру, пайдалану туралы теориялық білім мен практикалық дағдылануға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Үйлер мен ғимараттарды күшейту және қайта құру технологиясы
Пәнді оқытуда техникалық құралдарды, материалдарды, бұйымдар мен конструкцияларды қолдануға, қайта құрылатын объектілердің құрылыс өндірісінің қазіргі заманғы технологиясын, тиімділік пен сапаны арттыру мәселелерін қамтып, бөлшектеу технологиясы бойынша келтірілген үйлер мен ғимараттардың құрылыс конструкцияларын күшейту, бұзу, жаңғырту, қайта құру, қосымша қабаттар салу сияқты процестердің технологияларын игеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Темірбетон конструкцияларын күшейту
Пән ғимараттар мен құрылыстарды күшейту технологиясының негізгі қағидалары мен міндеттерін игеруге бағытталған. Сонымен қатар, темірбетон конструкцияларын күшейтуде құрылыс процестерінің түрлерін, қауіпсіздік талаптарын және монтаждау технологиясының әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді. Темірбетон конструкция элементтерінің қорғаныш қабатын қалпына келтіру жұмыстарының реттілігі мен ерекшеліктерін игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Үйлер мен ғимараттарды зерттеу, сапа бақылау
Пән үйлер мен ғимараттарды зерттеу мен сынау барысында, сапаны бақылаудың түрлері бойынша негізгі ұғымдар, нормативтік база, құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды ұйымдастыруды біледі. Сапаны бақылаудың әдістері мен техникалық құралдары, сапаны бақылау жөніндегі құжаттама, халықаралық талаптарға, жобаға сәйкес талап етілетін сапа деңгейін қамтамасыз ету, ақауларды уақтылы анықтау, зерттеу және тікелей орындаушылардың жеке жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Құрылыс конструкциялары III
Пән оқытуда металл қаңқалы өндірістік ғимараттарды жобалауды, қаңқаның көлденең рамасын есептеу, көлденең раманы статикалық есептеу арқылы тиімді конструктивті шешім қабылдауды, сонымен қатар, ғимаратты және жекелеген конструкцияларын есептеу мен жобалауда инженерлік шешімдерді өз бетінше қабылдауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық әсерлерге есептеу
Пән сейсмикалық жүктемені анықтау әдісін, сейсмикалық тұрақты ғимараттардың конструктивті шешімдерін меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар, құрылыс алаңын инженерлік сейсмология тұрғысынан таңдауға, іргетастардың, топырақтың сейсмикалық қасиеттерін ескере отырып, құрылыс алаңының жағдайын бағалауға, ғимараттардың көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Құрылыстағы сейсмотұрақтылық негіздері
Пән ғимараттар мен үймереттерді көлемді-жобалау және құрылымдық шешіміне байланысты сейсмотұрақтылыққа дұрыс есептеу мен жобалауды меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар, ғимараттардың сейсмикаға төзімділігін арттыруды және олардың құралымдық сұлбаларына сәйкес сейсмикалық есептеулерді игеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру және басқару
Пәнді оқытуда құрылыс өндірісін басқаруда жобалық және инженерлік ізденістерді ұйымдастыру, құрылыс ұйымдастыру жобасы және жұмыс өндірісінің жобасын жасауды меңгеруге мүмкіндік береді. Құрылыстық бас жоспарларын жобалауды, жұмыстың жекелеген түрлеріне арналған технологиялық карталарды, күнтізбелік құрылыс жоспарларын әзірлеуді игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құрылыстағы заманауи сынау
Пәнді оқытуда кез-келген кезеңдегі құрылыс конструкциялардың физика-механикалық қасиеттерін заманауи құралдар көмегімен анықтауды, механикалық сынаулар жасауды, ультрадыбыстық зерттеу құралдары көмегімен бұзбай сынау жүргізуді үйренеді. Талдау нәтижесінде, алынған ақпараттар бойынша конструкцияның дұрыстығы немесе күшейту, қайта құру сияқты атқарылатын жұмыстар анықталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Құрылыстағы BIM технологиялар
Пән BIM технологиясын қолданып, жобалар дайындауды үйретуге бағытталған. Сонымен қатар, білім алушы BIM технологиясын меңгеру арқылы жобаны сызу мен есептеу жұмыстарын, біртұтас ақпараттық модельден дайын құжаттамаларды бір мезетте орындауды игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Металл конструкциялары
Бір және көпқабатты өндірістік ғимараттардың металл қаңқаларын жобалау және орналастыруды, қаңқалық колонналар, кран асты және жабындық құрылымдарды жобалауды, тиімді нұсқасын таңдауды, құрылымдық сызбаларын дайындауды меңгеруге мүмкіндік береді. Пәнді оқытуда металл конструкция элементтерін жүктемелерге есептеуді, ішкі күштерді анықтауды, шектік жағдайлар бойынша есептер жүргізуді үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Үлкен өткінді конструкцияларды есептеу және жобалау
Пәнді оқытуда үлкен аралықты ғимараттар мен құрылыстарды кәсіби жобалауда ерекше санаттағы құрылыстарға қойылатын талаптарды меңгереді. Ірі құрылымдар: мегаполистер мен қалаларда кездесетін театр ғимараттарын, концерттік және көрме кешендерін, сауда, кеңсе, спорт орталықтарын, көп деңгейлі гараждар, ангарлар және т.б. жобалау және есептеу қарастырылады. Осы құрылымдағы ғимараттарды жобалау арнайы заңдарға сәйкес жүргізіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сметалық іс
Пәнді оқытуда құрылыстағы баға белгілеу және сметалық іс бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыру. Құрылыс өнімдеріне бағаның негізгі бөліктерін қалыптастыру кезінде сметалық формаларды қолдану дағдыларын меңгеру. Бағалардың өзара байланысы халық шаруашылық салалары, барлық ұйымдар мен өндірістердің өзара байланысын белгілейді. Құрылыстың сметалық құнын анықтау үшін қажетті ақпаратты жинауды, талдауды және өңдеуді жүзеге асырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құрылыс өндірісін жоспарлау
Пән құрылыс өндірісін дайындауға арналған жобалық және инженерлік ізденістерді жоспарлауды, құрылыс құжаттарын әзірлеуді үйренуге бағытталған. Сонымен қатар, құрылыстық бас жоспарларын жобалауды, жұмыстың жекелеген түрлеріне арналған технологиялық карталарды әзірлеуді, күнтізбелік құрылыс жоспарларын әзірлеуді меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кеңістіктік және басқа темірбетон конструкциялары
Пәнді оқытуда білім алушы кеңістіктік құрылымдарды, оларды қолдану саласын және оларға қойылатын талаптарды, темірбетон мен металдан жасалған кеңістіктік жүйелерді есептеу мен құрастырудың негізгі ережелерін, элементтердің кернеулі күйін талдауды және зерттеуді үйретеді. Бірегей ғимараттар мен құрылыстардың жабындарының кеңістіктік конструкцияларының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін бағалауды қалыптастыру және элементтердің, тораптардың түйіспелерін есептеу мен құрастыруды зерттеуді игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құрылыстағы жасанды интеллект негіздері мен принциптері
Пән құрылыс саласында жасанды интеллект технологияларының қолданылуына арналған. Сонымен қатар, құрылыс процестерін автоматтандыру, жобалау, құрылыс конструкцияларын таңдау, қауіпсіздік мониторингі, жобалардың тиімділігін арттыру және ресурстарды оңтайландыруға бағытталған. Пәннің мақсаты - студенттерге құрылыс саласындағы ЖИ технологияларын тиімді пайдалану және заманауи құрылыс жобаларын жүзеге асыруға қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазақстан мәдениеті мен заңдарының тарихи құндылықтарын, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйін, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білімді игереді.
- Жаңа құрал-жабдықтарды қолданып, геодезиялық жұмыстар мен инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізеді.
- Ғимараттар мен имараттардың сәулет-құрылыстық және инженерлік жүйелерінің жобалық құжаттамасын әзірлеуде деректерді жинауды, өңдеуді және рәсімдеуді меңгереді.
- Нарықтық экономика заңдарын, принциптерін, моделдерін және әдістерін, кәсіпкерлік қызмет пен бизнесті ұйымдастыруды, құрылыстың сметалық құжаттамасын жүргізуді меңгереді. Инклюзивті білім беру құрылыс саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және қоғамдағы әрбір адамның білім алуына тең құқықтарын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
- Материалдар мен бұйымдардың сапасын анықтауда стандартты сынау әдістерімен есептеу жүргізуді біледі.
- Құрылыс конструкцияларын құрастыру және есептеу, жобалау-конструкторлық жұмыстарды орындауда AI және ВІМ технологияларын қолданады.
- Бұйымдардың эскизін құрастыруға, сызбаларды безендіруге стандарт талаптарын, технологиялық және конструкторлық құжаттардың негізгі ережелерін, заманауи графикалық бағдарламаларды қолдануға дайындайды.
- Ғимараттар мен имараттарды жобалау және салуда математика, жаратылыстану ғылымдары мен техника саласындағы білімді қолдану.
- Құрылыс өндірісі процестерін, үйлер мен ғимараттарды күшейту және қайта құру технологиялары бойынша конструкциялардың ұзақ мерзімді жарамдылығын қамтамасыз етуді меңгереді.
- Ғимаратты жобалауда энергия тиімділік мәселелерін, жаңа технологиялар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерттейді.
- Ғимараттарды сейсмотұрақтылыққа және құрылыс конструкциялары элементтерін төзімділікке есептеуді игереді.
- Құрылыстық бас жоспарын жобалау, өндірістік-техникалық құжаттаманы дайындау ерекшеліктерін меңгереді.