Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B11405 Әлеуметтік жұмыс в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
  • Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.
  • Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу, қазіргі ғылымның тенденцияларын талдау және пәндік салада ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін қолдану мүмкіндігі. Инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау.
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
  • Заңдылықтың жеткілікті деңгейіне ие болу, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормалары бойынша кәсіби міндеттер мен принциптерді орындау.
  • Әлеуметтік жұмыс саласындағы негізгі тарихи парадигмалар, модельдер мен теориялық бағыттар туралы білімдерін көрсете білу, осы білімді ғылыми және тәжірибелік қызметте қолдану, әлеуметтік жұмыс саласында кәсіби ынталандырудың өздік технологияларын қалыптастыру.
  • Қоғамдық, мемлекеттік, ұлттық, жеке даму проблемаларын, әлеуметтік әл-ауқат проблемаларын шешу үшін экономика, психология, әлеуметтік медицина саласындағы білімдерін қолдану.
  • Белгілі бір әлеуметтік-мәдени кеңістікте клиенттердің әртүрлі санаттарына қатысты әлеуметтік жұмыс технологияларын қолдану; өз ресурстарын жұмылдыру арқылы мамандарды тарта отырып, клиенттің мәселелерін шешу.
  • Қоғамның жаһандық, ұлттық, өңірлік әлеуметтік-мәдени даму ерекшеліктерін ескеретін әлеуметтік технологияларды әзірлеу және енгізу.
  • Әлеуметтік саладағы мәселелерді анықтау, тұжырымдау және шешу, қолданбалы зерттеулерге, соның ішінде сауалнамаға негізделген жұмыстарға мониторинг, деректерді, статистикалық есептеулердің нәтижелерін пайдалану арқылы әлеуметтік жұмыстың тиімділігін арттыру, әлеуметтік жұмыс саласындағы инновациялық платформаларды құру арқылы пилоттық жобаларға қатысу. Зерттеу жобаларын жариялау мен ғылыми құжаттарды құрастыру үшін алған білімін пайдалану.
  • Халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының өмірлік ерекшеліктерін анықтау және әлеуметтік көмек пен қорғау бағдарламасын әзірлеу мақсатында олардың өмірлік қиын жағдайларына кешенді бағалау жүргізу, өмірлік қиын жағдайларға тап болған адамдардың физикалық, психологиялық, әлеуметтік денсаулығын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік жобаларды құруға қатысу.
  • Әлеуметтiк жұмыскерлердің тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету, халықтың әртүрлi салаларының әл-ауқатына кәсiптiк қолдауды қамтамасыз ету мақсатында зерттеу нәтижелерiн пайдалану. Әлеуметтік саладағы АI мүмкіндіктері мен шектеулерін сыни тұрғыдан бағалау, деректерді талдау және алгоритмдік өңдеу нәтижелерін түсіндіру, AI көмегімен әлеуметтік мәселелердің инновациялық шешімдерін табу және технологияларды енгізудің ұзақ мерзімді салдарын болжау мүмкіндігі. Әлеуметтік саладағы цифрлық трансформацияларға бейімделуге және кәсіби қызметке жаңа технологияларды енгізуге дайын болуы.
Top