Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M06101 Ақпараттық жүйелер және технологиялар в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми танымның қазіргі заманғы тұжырымдамалары мен әдістерін меңгереді, ғылымның философиялық, этикалық және тарихи негіздерін ескере отырып, ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу міндеттерін тұжырымдауға және шешуге қабілетті.
  • IT саласындағы кәсіби шетелдік терминологияны және академиялық жазуды меңгерген, шет тілінде ғылыми және кәсіби қарым-қатынас жасай алады.
  • Инновациялық кәсіпкерлікті және ғылыми зерттеулерді коммерцияландыруды саласында білімі бар, АТ жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін салада жобаларды әзірлей және іске асыра алады.
  • Цифрлық құралдар мен сандық және сапалық талдау әдістерін пайдалана отырып, магистрлік диссертацияны жоспарлауды, іске асыруды және қорғауды қоса алғанда, ақпараттық жүйелер мен технологиялар саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады және орындайды.
  • Білім алушылардың жеке және ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларының, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес білім беру ұйымының қызметін жоспарлау тәсілдері мен әдістерін меңгереді, жоғары мектепте АТ-пәндерін оқытуда педагогикалық және психологиялық тәсілдерді қолданады.
  • Корпоративтік ақпараттық жүйелерді, мобильді және web-қосымшаларды жобалауды, сондай-ақ таратылған және қорғалған есептеу жүйелерін құруды қоса алғанда, программалық қамтамасыз етуді әзірлеудің заманауи технологиялары мен құралдарын қолданады.
  • Кәсіби қызметте қолданбалы және зерттеу міндеттерін шешу үшін үлкен деректерді талдау, өңдеу және визуализациялау әдістерін, машиналық оқыту алгоритмдерін және нейрожелілік технологияларды пайдаланады.
Top