Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B06104 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау, құқықтық сауаттылықты арттыру, әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу
  • Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі, ғылыми зерттеулерді жүргізу
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық және экономикалық факторлардың әсерін бағалау. Инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау
  • Кәсіби есептерді шешуде негізгі электрондық құрылғылар жұмысының математикалық аппараты, физикалық принциптерін және ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдана білу
  • Есептеу жүйелерінің архитектурасын, ұйымдастырылу принциптерін, жүйелік программалаудың, жүйелер мен желілердің негізгі концепцияларын сипаттай білу, API-функцияларын қолдана отырып программалар әзірлеу, жүйелік басқаруды жүзеге асыру, өзара байланысқан компьютерлік техника мен программалық өнімдер кешенін бақылау және сүйемелдеу
  • Деректер құрылымының оңтайлы таңдауын жүзеге асыруға қабілетті болу, алгоритмдерді жасай білу, программалық қамтаманың талаптарына талдау жүргізу, программалық қамтаманы жобалау, программалау, тестілеу және есептік құжаттаманы дайындау
  • Программаланатын логикалық контроллерлерді және микропроцессорлық жүйелерді баптауды және конфигурациялауды жүзеге асыру, техникалық тапсырмаға сәйкес робототехникалық жүйелер, ендірілген жүйелер үшін басқарушы программаларды әзірлеу
  • Замануаи интерактивті интеллектуалды қосымшаларды, деректер қорын әзірлеудің перспективті технологияларында білімдерді, дағдыларды және креативті көзқарастарды қолдана білу, қадағалау технологияларын және ойын қозғалтқыштарын пайдалана алу, программалық қамтаманың көпағындық орындалуын жүзеге асыру үшін программалау технологияларын пайдалану, жасанды интеллект жүйелерін жобалауды, әзірлеуді, программалық қамтаманы енгізуді, тәжірибелік эксплуатациялауды іске асыру
  • Байланыс жүйелерінде деректерді тасымалдау және өңдеу кезінде қателерді түзету үшін программалық-аппараттық құралдарды әзірлеу, криптографиялық примитивтерге қауіпсіздік қатерлерін бағалау. Сервер жабдығын орнату және техникалық қызмет көрсету, ұйымның жүйелік және желілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • Есептеу және бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы ішкі және сыртқы стандарттарға және ұйымдық мәдениетке сәйкес сапа менеджменті жүйелерін қолдану, ұйымның АТ-инфрақұрылымдық жобасын әзірлеу және басқару
Top