Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04102 Әлемдік экономика в ҚарУ Е.А.Бөкетов

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Жалпы және кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейі, кәсіби тіл құзыреттілігі дамыған, әлемдік экономика саласындағы фундаменталды білімі бар, өңірлік және салалық кәсіпорындарда, сондай-ақ сыртқы экономикалық міндеттерді шешумен айналысатын мемлекеттік мекемелерде тиімді кәсіби қызметке икемді бәсекеге қабілетті және білікті мамандарды сапалы даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M070 Экономика
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жалпы және кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасау үшін шет тілін білудің қажетті көлемін зерделейді және айқындайды, шет тілінде тұлғааралық, іскерлік, кәсіби қарым-қатынаста ой-пікір мен пікір білдіру дағдыларын қалыптастырады.
  • Негізгі эпистемологиялық модельдерді, рационалдылық ұғымының өзгеру сипатын қорытады, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімге және олардың өлшеміне заманауи көзқарастарды жіктейді, ғылыми-зерттеу қызметінің базалық міндеттерін тұжырымдайды және негіздейді.
  • Цифрлық өнімдерді қолдана отырып экономикалық үрдістерді болжау саласындағы негізгі ұғымдарды, категорияларды, білімді тұжырымдайды және анықтайды, үлкен деректерді талдау және DataMining саласындағы білімді көрсетеді.
  • Кең көп бейінді білім беру негізінде дербес ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізу, әртүрлі зерттеу әдістерін және заманауи білім беру технологияларын қолдану тәсілдерін анықтайды.
  • Басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында басқару қызметінің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктерін бағалайды, ұжымды басқару мәселелерін шешуде психологиялық теорияларды қолданады.
  • Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың негізгі тәсілдері мен әдістерін қалыптастырады және бағалайды, жоғары технологиялық кәсіпкерлік объектілерін құру, талдау және әлемдік экономикаға технологиялар трансферті саласындағы білімдерін көрсетеді.
  • Халықаралық макроэкономиканың қалыптасуы мен дамуына әсер ететін заңдылықтар мен факторларды анықтайды және жинақтайды, оның жекелеген салаларының жағдайын бағалайды, халықаралық экономикалық байланыстардың ұлттық және әлемдік экономикаға әсер ету деңгейін анықтайды.
  • Халықаралық бизнесті дамытудың заңдылықтары мен қазіргі тенденцияларын анықтайды, халықаралық бизнесті дамытуға әсер ететін факторларды жіктейді.
  • Қазіргі әлемдік экономиканың қалыптасу және жұмыс істеу заңдылықтарын, ерекшеліктерін анықтайды, оның қазіргі заманғы проблемаларын, оларды шешу тетіктерін және одан әрі дамудың стратегиялық перспективаларын бағалайды.
  • Халықаралық қаржы қатынастарының мазмұнын және валюталық жүйелердің түрлерін, әлемдік қаржы нарықтарының жұмыс істеу заңдылықтарын, халықаралық инвестициялық қызметтің ерекшеліктері мен нысандарын ашады, оны реттеудің мақсаттарын, міндеттері мен құралдарын жинақтайды.
  • Тауарлардың, өндірушілердің, салалардың, елдердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және олардың жаһандық өндірістік-өткізу тізбектерінде орналасуын бағалайды.
  • Жаһандық экономикадағы ұлттық мемлекеттердің, арнайы экономикалық аймақтар мен оффшорлық аумақтардың қызмет бағыттарын ажырата алады.
  • Сапалық және сандық талдау негізінде жаһандық экономиканың цифрлық трансформациясы арқылы (оның ішінде ЖИ құралдарын қолдана отырып) білім жүйесін қалыптастырады, және оны оқытудың заманауи әдістерін қолдана отырып білім алушыларға береді.
  • Жаһандық нарық жағдайында экономикалық жүйелердің дамуы мен экономикалық өсудің теңсіздігінің себептерін анықтауға назар аудара отырып, әлемдік экономиканың жұмыс істеу заңдылықтарын анықтайды және бағалайды, , халықаралық контексте адам ресурстарын басқарудың өзекті мәселелерінің генезисін талдайды.
Top