Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02121 Дизайн в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Сәулеттік, графикалық және өндірістік дизайн салаларында кәсіби шығармашылық міндеттерді шешуге қаблетті; мәдениет, өнер және дизайнның өзекті мәселелерін шешумен айналыса алатын өнертану ғылымының магистрін кәсіби даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M035 Сән, дизайн
  • Дайындық бағыты 7M021 Өнер

Пәндер

  • Шетел дизайны әдістері

    Пән шетелдік дизайнның негізгі бағыттары мен тенденцияларының қалыптасуы тарихынан білім береді және жобалаудың түрлі әдістерін қолданудың ерекшеліктерін ескере отырып кәсіби дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, олар озық шетелдік тәжірибенің қазіргі кезеңдегі дамуы жағдаятына салыстырмалы талдау жасау және оларды Қазақстанның дизайн салаларында қолданудың практикалық дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дизайн нысандарын құрылымдаудың заманауи әдістері

    Пән болашақ мамандардың құрылымдаудың теориялық негіздері мен тәсілдері бойынша білімдерін және дизайн-жобалауда қолдануға қажет нысандарды визуализациялау мен компьютерлік анимациялауды қолданылған материалдар, жарық және басқа да параметрлердің қолданылуын ескере отырып тәжірибелік дағдыларын меңгерулеріне бағытталған. Осы пән бойынша алынған тәжірибелік дағдылар жобалаудың әртүрлі салаларында болашақ кәсіптік қызметте қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дизайн нысандарын моделдеудің заманауи компьютерлік әдістер

    Пән дизайнның түрлі салаларындағы үшөлшемді нысандарды модельдеудің автоматтандырылған жобалау тәсілдерінен білімдерін қалыптастыру, оларды компьютерлік тәсілдерді қолдану арқылы кеңістікте пішінқұрылымдау заңдылықтарын ескере отырып визуализациялауды меңгеруге бағытталған. Бұл пәнді оқу барысында сәулеттік және көрнекі-коммуникациялық кеңістіктердің дизайн-нысандарын жобалау кезінде пайдаланылатын компьютерлік графикалық редакторлар қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пән лингвистикалық емес мамандықтар магистранттарының мәдениетаралық және коммуникативтік құзыретін базалықтан жоғары стандарттау (С1) деңгейінде шет тілін оқыту процесінде қалыптастыруға бағытталған. Курс академиялық хаттарды меңгеру нормасын, сыни талдау дағдылары, ғылыми шолуларға дайындықтарын дамыту, түйіндер, рефераттар жасау және тақырыптар бойынша жүргізілетін зерттеулердің библиографиясын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Заманауи жобалау әдістері мен материалдар.

    Пән жобалаудың заманауи әдістері мен жаңа материалдар, дизайнның түрлі салаларында қолданылатын озық технологиялар мен оларды қолданудың жаңаша тәсілдерін меңгеруге бағытталған. Бұл пәнді оқу барысында дизайндағы жаңа әлемдік тенденцияларға сәйкес дизайн-нысандарын жобалау бойынша тәжірибелік дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы және философиясы

    Пән магистранттар арасында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, аналитикалық қабілеттері мен зерттеу дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, жоспарлау және әдістемесі

    Пән ғылыми зерттеу әдістемелерін, зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру және оны жүргізудің кезеңдерін жоспарлай білу дағдыларын меңгертуге бағытталған. Бұл пәнді оқып-үйрену барысында бастаушы зерттеушілер зерттеу тақырыбындағы әдебиеттерді талдауға, деректерді жинауға және оларды талдауға үйренеді. Сонымен қатар негізгі тұжырымдамаларды анықтау, диссертация-ның жобалық бөлімі бойынша тарихи және салыстырмалы талдау жүргізуді меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дизайнның ғылыми-теориялық әдіснамасы

    Пән дизайн мен бейнелеу өнері және сәулеттің арасына параллель жүргізе отырып, тұжырымдамалық тәсілдер мен тәжірибелік көркем шешімдер табуда әлемдік мәдениеттің бөлігі ретінде дизайнның дамуының ғылыми-теориялық аспектілерін оқып үйренуге және оларды түрлі жобалар жасауда қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Пәннің мақсаты білім алушыларда оқыту әдістемесін, педагогикалық технологияларды және оқыту әдістерін меңгеруді, жоо-ның оқытушысына қойылатын қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, жоғары білім беруде тиімді кәсіби-педагогикалық іс-әрекет үшін қажетті педагогикалық білім мен практикалық дағдылар жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны қазіргі жоғары білім берудің мәнін айқындайтын негізгі даму бағыттары мен үдерістерін; жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдерістің құрылымы мен ерекшеліктерін; заманауи педагогикалық технологияларды, оқыту әдістемесін, оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістері мен формаларын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жобалды дизайнерлік зерттеу

    Пән дизайн саласы объектілерінде жобалау алдындағы зерттеулерді жүргізудің әдістері туралы білім алуға, визуальды-коммуникациялық, сәулеттік және заттық ортаның ерекшеліктерін ескере отырып, негізгі зерттеу әдістері мен әдіснамасын игеруге және болашақ дизайнерлерді дайындау процесінде эксперименттік жұмыстарды ұйымдастырудың және өткізудің тәсілдерін меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар, зерттеу объектілері мен жобалау алдындағы сараптаманы жүргізу бойынша тәжірибе жинау арқылы қажетті дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Заманауи өнер және дизайн теориясы

    Пән дизайнымен бейнелеу өнері және сәулеттің арасына параллель жүргізе отырып, тұжырымдамалық тәсілдер мен тәжірибелік көркем шешімдер табуда әлемдік мәдениеттің бөлігі ретінде дизайнның дамуының теориялық аспектілерін оқып үйренуге бағытталған. Курсты оқып-үйрену барысында алынған білімді кәсіптік қызметте қолданудың практикалық дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллектті қолдану арқылы эргономика мен инклюзивті дизайнның инновациялық әдістері

    Пән жасанды интеллектті қолдана отырып, жайлы, қолжетімді, қауіпсіз және бейімделетін орта құруға бағытталған инклюзивті және эргономикалық жобалаудың инновациялық әдістерін меңгеруге арналған. Магистранттар түрлі пайдаланушылар топтарының физикалық, сенсорлық және когнитивтік ерекшеліктерін ескере отырып жобалау тәсілдерін, сондай-ақ заманауи цифрлық құралдар мен интеллектуалды жүйелерді қолдануды үйренеді. Пән пайдаланушы тәжірибесін талдау, эргономикалық параметрлерді автоматты бағалау, ортаны бейімдеу және жекелендірілген жобалау үшін жасанды интеллект технологияларына ерекше назар аударады. Курста нормативтік талаптар, әмбебап және бейімделген дизайн қағидаттары, сондай-ақ архитектуралық, заттық және цифрлық ортада ЖИ шешімдерін енгізу қарастырылады. Пәнді оқу магистранттарға «Қолжетімді орта» бағдарламасы мен цифрлық эргономика мен әмбебап дизайнның қазіргі стандарттарына сай инклюзивті дизайн-шешімдер жасауға қажетті кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Эргономика теориясы мен тарихы

    Пән эргономиканың теориялық негіздері мен дамуы, негізгі эргономикалық талаптар мен стандарттар, адамның психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері туралы білім береді. Бұл курсты оқу барысында болашақ мамандардың нысанға байланысты мағлұматтарды жинақтау және оларды өңдеу, дизайн-жобалауға қажет эргономикалық нұсқаулар мен нормативтерді негіздеуден тәжірибелік дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пән қазіргі психологиялық ғылымның негізгі тәсілдері мен принциптеріне, психикалық процестерді, тұлғаның жай-күйі мен қасиеттерін, қызметін реттеу тетіктерін, жоғары білікті мамандардың кәсіби қызметінде пайдалы болуы мүмкін жеке тұлға мен топтың мінез-құлық заңдылықтарын зерттеудің негізгі әдістеріне біртұтас көзқарасты дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Орта дизайны полихромия теориясы

    Пән полихромия негіздері, түстердің түрлері мен қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыра отырып, олардың адам психикасы мен физиологиясына әсер ету ерекшеліктері туралы, дизайн салаларында түстің теориялық негіздерін қолдану туралы білім береді. Осы курс бойынша алынған тәжірибелік дағдылар жобалаудың әртүрлі салаларында болашақ кәсіптік қызметте полихромия заңдылықтарын оңтайлы қолдануға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көрнекі байланыс және сәулеттік орта нысандарының концептуалды дизайн-жобасы

    Пән студенттердің визуалды байланыс және сәулеттік ортаның тұжырымдамалық жобалық жобасын жасау туралы білімдерін, дизайн нысандарын жобалаудың әртүрлі заманауи әдістерін дизайн объектілерінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жобалау әдістерін меңгеру, сонымен қатар дизайн мүмкіндіктерін қолдана отырып, әлеуметтік мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жобалық құжаттарды дайындау және қорғау

    Пән әр түрлі жобалау салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, дизайн жобаны іске асыру үшін қажет жобалық құжаттаманы дайындау және қорғау туралы білімді қалыптастыруға, қажетті нормативтік құжаттар мен оларды қорғаудың әдістерін қолдана отырып, жобалық құжаттаманы құрастыру әдістерін қолдана білуді меңгеруге бағытталған. Әртүрлі мақсаттарды қанағаттандыруға бағытталған нысандарды жобалау барысында тапсырыс берушінің жеке талаптарын ескере отырып стандарттар мен нормативтік құжаттармен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дизайн-жобалау менеджменті

    Пән нарықты болжау, аналитикалық және маркетингтік зерттеу, персоналды басқару, дизайн-жобаны іске асырудың технологиялық үрдісін бақылау бойынша дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бұған қоса, жобалық нысандарды зерттеу және жобалау алдындағы талдау жүргізу тәжірибесін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Дизайн-білім берудегі оқытудың жаңа технологиялары

    Пән магистранттарды ғылыми-педагогикалық тәсілдерді қолдану арқылы кәсіби пәндерді оқыту әдістерімен, олардың теориялық негіздерімен таныстыруға; ғылыми-эксперименттік жұмысты болжамдау мен өткізу, олардан алынған нәтижелерді қорытындылау мен ұсыныстар жасау жолдарымен таныстыруға бағытталған. Сонымен қатар, оқытудың әртүрлі технологияларын қолданудан тәжірибе жинақтайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Орта дизайны тарихы мен теориясы

    Пән орта дизайны тарихы мен теориясы туралы және орта түрлері мен жіктелуі, болашақ қызметінде сәулеттік, визуалды-коммуникациялық пен заттық ортаны құрастырудың көркем заңдылықтары туралы қажетті білімдерді қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, адам өміріне қолайлы орта ұйымдастырудың практикалық дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Заманауи дизайндағы этностиль

    Пән этникалық стильдердің қалыптасу кезеңдері туралы теориялық білімін, олардың жіктелуін және қазіргі заманғы дизайнда қолданудың мәнін, заманауи дизайн салаларында әр түрлі көркем әдістерді жобалау қызметінде қолдана білу шеберлігін кәсіби деңгейде меңгеруін қалыптастырады. Адамның қоршаған ортаны қабылдауының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып оның өмір сүруіне және кәсіби қызметін атқаруына қолайлы ортаны ұйымдастырудың практикалық дағдылары меңгеріледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Арт-нысандарды құрылымдаудың заманауи әдістері

    Пән дизайн салаларындағы арт-нысандарды құрылымдауда тұжырымдама-лық тәсіл қолдану жолдарымен таныстыру, жобалық жұмыстарды орындаудың шығармашылық кезеңдерімен, дизайн-жобалауға қажет тұжырымдамалық көзқараспен қарау арқылы шешім табу дағдыларын игеру, жобалық жұмысты жүргізу кезеңдерін басынан аяғына дейін техникалық ұсыныстар алғанға дейін дайындауды қамтиды. Курсты оқып-үйрену нәтижесінде әртүрлі күрделіліктегі түрлі жобалық нысандарды құрудың практикалық дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі кезеңдегі ғылымның дамуы аясында зерттелетін негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық, соның ішінде пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдап, олардың нәтижелерін кәсіби қызметте қолдана білу.
  • Қазіргі педагогикалық технологияларды, көркем- жоба пәндерін оқыту әдістері мен тәсілдерін меңгеру; коммуникативтік дағдыларды көрсету және ғылыми-педагогикалық, әдістемелік қызметте және оқу үдерісін жобалауда оқыту әдістемесін, белсенді оқыту әдістерін және цифрлық құралдарды қолдану дағдыларын пайдалану; ғылыми әдістерді білім беру тәжірибесіне енгізе отырып, білім беру ұйымында педагог қызметін жүзеге асыру.
  • Оқытуды студентке бағытталған тәсілдер, цифрлық технологиялар, білім, ғылым және инновацияларды интеграциялау қағидаттарына сәйкес ұйымдастыру және өткізу; жобалық және дизайнерлік зерттеулердің ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға/шығармашылық жобаларға қатысу, сонымен қатар дизайндағы эксперименттік және инновациялық тәсілдерді, сондай-ақ заманауи дизайндағы этностильді зерттеу.
  • Оқу орындарындағы педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметін талдай білу, білім алушылармен, әріптестермен және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен тиімді коммуникация орната білу.
  • Дизайн білім беруінде жаңа технологияларды меңгеру, заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) оқыту технологияларын, ғылыми-педагогикалық әдістер мен олардың теориялық негіздерін қолдану; ғылыми-эксперименттік жұмыс жүргізу, оның нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстар жасау; "ЖООПҰ" саясатына сәйкес білім беру ортасы мен ұйымдық мәдениетті дамыту, студенттердің азаматтық және кәсіби белсенділігін арттыру, академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып.
  • Білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында инновациялық педагогикалық технологияларды қолдана отары, дизайн саласындағы өз кәсіби қызметін талдай білу.
  • Дизайнды оқытудың ғылыми-методикалық тәсілдері тұрғысынан педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметін талдай білу; дизайнның ғылыми, теориялық және эргономикалық негіздерін, оны әлемдік мәдениет, бейнелеу өнері, архитектура және жобалау практикасы жүйесіндегі орны бойынша көрсету.
  • Жасанды интеллектті қолдану арқылы жайлы, қолжетімді және бейімделетін сәулеттік және көрнекі-коммуникациялық ортаны құруға бағытталған инклюзивті және эргономикалық жобалаудың заманауи әдістерін меңгеру. Дизайн-жобаларды әзірлеу және басқару барысында цифрлық технологиялар мен интеллектуалдық жүйелерді қолдану. Инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, кәсіби және педагогикалық қызметін талдау және жетілдіру.
  • Шетел дизайнының негізгі бағыттары мен тенденцияларының қалыптасу тарихы бойынша білім қалыптастыру және олардың ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі жобалау әдістерін қолдану бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру.
  • Дизайнда заманауи компьютерлік модельдеу әдістерін қолдану; жобалау қызметінің кезеңдерін сақтау; жобалық құжаттаманы дайындау және қорғау; техникалық ұсыныстан бастап дайын жобаға дейін жобалау кезеңдерін жүзеге асыру, білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану.
  • Дизайн-ортаның тарихы мен теориясы, кеңістіктік ортаның түрлері мен типологиялары, полихромия, этностильдер және архитектуралық, визуалды-коммуникациялық және заттық ортаны қалыптастырудың көркемдік-композициялық принциптері туралы білімді талдап, жүйелеп, кейін ғылыми-педагогикалық және жобалау қызметінде қолдану.
Top