Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M07550 Метрология (салалар бойынша) в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Метрологияның әдіснамалық және нормативтік базасын әзірлеу, өлшеу техникасын жобалау, дайындау, пайдалану, өлшеу, сынау және бақылау әдістері мен құралдарын, нормативтік құжаттарды жетілдіру бойынша ғылыми міндеттерді шешу үшін магистрлерді дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M130 Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Жаңа технологияларды коммерцияландыру
Заттар мен материалдардың стандартты үлгілерін әзірлеу және аттестаттау
Метрология саласындағы авторлық құқықты қорғау
Жоғары мектептің педагогикасы
Патенттік-лицензиялық қызмет
Басқару психологиясы
Инновациялық қызметті жоспарлау және ұйымдастыру
Қайта өңдеу өндірісінің кәсіпорындарын метрологиялық қамтамасыз ету
Шет тілі (кәсіби)
Ғылым тарихы мен философиясы
Зертханаларда өлшеу сапасын қамтамасыз ету
Метрология дамуының қазіргі заманғы аспектілері
Метрологиядағы жасанды интеллект
Жасанды интеллектті өлшемдерге енгізу
Сынақ және калибрлеу зертханаларын аккредиттеудегі халықаралық стандарттардың талаптары
-
2 Оқу жылы
Құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін математикалық өңдеу
Салыстырып тексеру және калибрлеу әдістемелерін валидациялау
Өлшеулердің метрологиялық қадағалау схемалары
Дисперсиялық талдау негіздері
Эталондық базаны дамыту
Салыстырып тексеру мен калибрлеудің қолданбалы, нормативтік және әдістемелік аспектілері
Зертханалардың біліктілігін тексеру
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Сабақтардың әртүрлі нысандарын өткізудің әдістемелік тәсілдерін және жеке білім алушылармен де, топтармен де тиімді қарым-қатынас жасау қабілетін меңгеру; білім алушының жеке басын және оның қызметін зерделеу бойынша теориялық және практикалық материалдарды қолдану, оқу үрдісін және оқу-әдістемелік қызметтін жүзеге асыру.
- Ақпаратты іздеу және пайдалану, көпсалалы білім беру топтарын/ұжымдарын басқару немесе үйлестіру, оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, кәсіби қызметте цифрлық технологияларды қолдану, тапсырманы орындау нәтижесі үшін жауапкершілікті өз мойнына алу, зерттеу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру.
- Техникалық реттеу және метрология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің жалпы ғылыми әдіснамасын, логикасын және технологиясын, метрологияда үлкен деректермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру және нәтижелерді кәсіби қызметте қолдану.
- Жаңа жабдықты сатып алуға өтінімдер дайындау, жаңа өлшеу техникасын енгізу бойынша жобалар мен жоспарлы тапсырмаларды әзірлеу, бағдарламалық қамтамасыз етуді және цифрлық ақпараттық ресурстарды пайдалану, сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен зертханаларды аккредиттеуге, инспекциялық бақылауға даярлау бағдарламасын әзірлеу.
- Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету саласында озық отандық және шетелдік тәжірибені қолдану, өлшемдерді орындау әдістемелерін, өлшеу құралдарын (ӨҚ) салыстырып тексеру мен калибрлеу әдістемелерін, ӨҚ сынау бағдарламаларын әзірлеу, оның ішінде жасанды интеллектін қолдана отырып, өнімді сынау және бақылау әдістері мен құралдарын таңдау, өлшеу және сынау құралдарының жұмыс принциптерін меңгеру.
- ӨҚ, автоматтандырудың аппараттық және бағдарламалық құралдарына метрологиялық қызмет көрсету; зертханааралық салыстыру; ӨҚ, ӨОӘ, стандартты үлгілерді ҚР МӨЖ тізіліміне енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; өнімнің сапасын бақылау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша зертханалық-техникалық жұмыстарды жүргізу үшін бақылау-өлшеу жабдығын пайдалану.
- Өлшеу құралдарын градуирлеудің, баптаудың қазіргі заманғы әдістерін меңгеру, ӨҚ мен жабдықтарды сақтау және пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасау; ӨҚ тексеру (калибрлеу) мерзімдерін анықтау, сандық өлшеу жүйелеріне стандарттар мен нормативтік талаптарды әзірлеу, техникалық реттеу және метрология саласындағы экономика салаларының міндеттерін шешу үшін инновациялық технологияларды қолдану.