Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B07211 Мұнай газ ісі в Баишев Университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мұнай-газ кен орындарын тиімді игеру жүйесін таңдауға және бағалауға инженерлік шешімдерді қолдана білетін, кен орындарын игеруді бақылау жүргізудің көптеген әдістемелерін қолдана білетін, игеру кезеңіне, кен орнының зерттелу және мұнай және газды өндіру деңгейіне байланысты жобалық құжатты құра білетін, жобалық құжаттарды құруға қажетті нормативті және заңнамалық құжаттарды білетін мамандарды даярлау;
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Баишев Университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B271 Мұнай-газ ісі
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B072 Өндірістік және өңдеу салалары
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Математика I
Физика I,II
Инженерлік графика
Математика II
-
2 Оқу жылы
Мұнай және газ геологиясы
Мұнайкәсіпшілік геологиясы
Қолданбалы механика
Мамандық негіздері модулі (Мамандыққa кіріспе, Мұнай газ ісі негіздері)
Теориялық механика
Жалпы және мұнай геологиясы
Техникалық механика
Мұнай және газ химиясы
Материалдар конструкциясы және қасиеттері
Стандарттау және метрология негіздері
Жалпы гидравлика
Материалдар кедергісі
«Экономикалық-құқықтық, экологиялық білім және ғылыми зерттеу әдістері» модулі (Ғылыми зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық негіздері, Экономика және кәсіпкерлік негіздері, Қаржылық сауаттылық, Экология және тіршілік қауіпсіздігі)"
«Сандық технологиялар» модулі (Бұлтты және мобильді технологиялар, Smart-технологиялар, Электрондық үкімет)
Стандарттау және техникалық өлшемдер
Стандарттау, сертификаттау және метрология
Материалдарды тану және конструкционды материалдар технологиясы
-
3 Оқу жылы
Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау технологиясы
Әртүрлі геологиялық жағдайда ұңғымаларды бұрғылау
Термодинамика негіздері
Қабат физикасы
Ұңғымаларды бұрғылау және бұрғылау жабдықтары
Сұйық және газ физикасы
Мұнай өндіру техникасы және технологиясы
Мұнайкәсіпшілік жабдықтары
Мұнайкәсіпшілік жабдықтарды жөндеу және монтаждау
Мұнай өндіру жабдықтары
Мұнай қабатының физикасы
Мұнай-газды жинау және дайындау жүйесі
Мұнай мен газды өндіру үрдісін реттеу мен бақылау
Экономика және мұнай-газ саласында басқару
Ұңғы өнімдерін жинау және дайындау
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
Мұнай өнеркәсібінде еңбекті қорғау
Экономика және өндірісті ұйымдастыру
Мұнай мен газды өндіру үрдісін автоматтандыру мен басқару
Мұнай-газ өндірісі экономикасы
Технологиялық үрдісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері
Мұнай және газ кен орындарын игеру
Өндірістік қауіпсіздік
Мұнай-газ өндірісі технологиялық үрдістерді автоматтандыру негіздері
-
4 Оқу жылы
Жабдықтарды тотығудан қорғау әдістері
Ұңғыларды күрделі және күнделікті жөндеу
Ұңғыларды жерасты жөндеу
Қайраң кен орындарын игеру
Геофизикалық зерттеу негіздері
Мұнайбергіштікті арттыру әдістерінің технологиясы мен техникасы
Мұнай өндіруді қарқындату әдістері
Мұнай-газ жабдықтарын тоттанудан қорғау
Жабдықтардың тотығу үрдістері және өту заңдылықтары
Мұнай-газ саласында қоршаған ортаны қорғау
Ұңғыманы жөндеу
Қабаттың мұнай бергіштігін арттырудың әдістері
Мұнай газ кен орындары құрылымын компьютерлік моделдеу
Кен орынды модельдеу
Пайдалы қазба кен орындары құрылымын моделдеу
Профессии
Оқыту нәтижелері
- кәсіби және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін мобильді технологияларды, смарт технологияларды, жасанды интеллектті, электрондық үкіметті пайдалана отырып, мәліметтер базасымен жұмыс істейді
- физика мен геометрияның типтік және математикалық есептеулерін шешу үшін негізгі әдістемелік қағидаларды пайдаланып, кәсіби тапсырмаларды орындау үшін кен орындарын игерудің технологиялық көрсеткіштерін есептеуді қолданады
- ұңғыларды бұрғылау тәсілдерін, тау жыныстарын зерттеу әдістерін және қабат бойынша сұйықтықтардың қозғалуын бақылауды қолданады
- жаратылыстанудың ғылыми негіздерін, табиғаттың даму заңдылықтарын, табиғатты ұтымды пайдалану және тұрақты даму принциптерін, сондай-ақ төтенше жағдайларда адам мен қоршаған ортаны қорғау әдістері мен құралдарын түсіндіреді.
- ұңғымаларды зерттеудің геофизикалық әдістерін және олардың нәтижелерін түсіндіруді, ұңғымаларды жер астында жөндеу тәсілдерін, мұнай өнеркәсібінің еңбекті қорғау шараларын қолданады
- ғылыми зерттеулердің әдістері мен кезеңдері, құқық негіздері, экономика және кәсіпкерлік, өмір қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардан қорғау стратегиялары туралы білімін пайдаланады, өзінің қаржылық ресурстарын тиімді басқарады, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді;
- оқу, жалпы ғылыми және кәсіптік қарым-қатынас тақырыптары бойынша қарым-қатынас жасау үшін мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша коммуникациялық дағдыларды қолданады; ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау және біріктіру жолдарын біледі; академиялық адалдық принциптерін ұстанады;
- мұнай және газ өндіру және жинау кезінде өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолдана отырып, мұнай-газ кәсіпорындарының экономикалық теорияларын талдаумен ұңғымалар мен қабаттарды зерттеудің гидродинамикалық әдістерін қолдана отырып, мұнай-газ кен орындарын игеру процесін бақылайды
- мұнай-газ кен орындарын игеру жүйесін жобалау және технологиялық есептерді жүргізу, алынған нәтижелерді жүйелеу үшін химиялық тәжірибелерді жүргізеді
- игеру көрсеткіштерін бақылау үшін мұнай-газ кен орнының құрылысын компьютерлік үлгілеу әдістері арқылы құрлықтағы және теңіздегі мұнай-газ кен орындарын игеру және жобалау тәсілдерін қолданады
- механикалық құбылыстардың сызбасын салады, сұйықтық ағынының гидравликалық кедергілерін анықтайды, стандарттарды тәжірибеде қолданады, геологиялық және геофизикалық мәліметтерді сараптау үшін зерттеудің тәжірибелік әдістемелерін қолданып, есептеу сызбасын құрады.
- мұнай кәсіпшілік жабдықтарын пайдалану және тоттанудан қорғау әдістерін, қоршаған ортаны қорғау талаптарын, мұнай бергіштікті арттыру тәсілдерін, сондай-ақ кәсіби қызметінде тәжірибелік дағдыларын қолданады.