Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07367 Инженерлік жүйелер және желілер в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Инженерлік жүйелер мен желілердің кәсіби жабдықтарымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру, олардың жұмыс ерекшеліктерін және техникалық сипаттамаларын білу.
  • Саланы перспективті дамыту талаптарына сай келетін тиімді жобалық әзірлемелерді алуды қамтамасыз ететін заманауи жобалау әдістеріне ие болу.
  • Инженерлік жүйелер мен желілерді өндіру, жинақтау, іске қосу, сынақтан өткізу, тұрғызу және пайдалануға беруде авторлық қадағалауды жүргізуге, әзірленген шешімдер мен жобаларды іске асыруға қатысу.
  • Қалалар мен елді мекендердің инженерлік желілерін жоспарлау, әзірлеу, инженерлік іздестіру және жобалау принциптері саласындағы нормативтік базаға ие болу.
  • Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық объектілерінде жылыту, желдету, ауаны баптау, жылумен және газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жабдықтауды орнату, реттеу, сынау және іске қосу ережелері мен технологияларын білу.
  • Ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік жүйелеріне арналған жабдықтарды мақсатына сәйкес экономикалық талаптар мен экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып ұтымды таңдай білу.
  • Әлеуметтік, тілдік және экономикалық білім негіздерін, инклюзия негіздерін, өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдері мен әдістерін және қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және экология ережелерін сақтау. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін қолдану қабілетін көрсету.
  • Математикалық модельдерді құру және процестердің маңызды параметрлері мен сипаттамаларын сипаттай алады, жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы құбылыстар мен объектілерді сандық әдістері арқылы талдай алады, ақпаратты математикалық өңдеу әдістерін және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, кәсіби мәселелерді шешу үшін теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізеді.
  • Құқықтық және этикалық нормаларды білу негіздерін меңгеру және оларды кәсіби қызметте қолдана білу. Зияткерлік, мәдени, физикалық, кәсіби өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдірудің перспективалы бағыттарын өз бетінше құра және енгізе алады. Қазақстан тарихы бойынша объективті білімді ғылыми негіздеу.
  • Инженерлік жүйелердегі қолданбалы бағдарламалардың даму тенденциясын және маңыздылығын, үшөлшемді кеңістіктің жазық проекциялық модельдерін құру әдістерін білу.
  • Инженерлік жүйелер мен желілердің элементтері мен жабдықтарын білікті есептеуді жүргізу, сызбаларға техникалық шешімдерді сапалы түрде жобалау дағдыларын иелену.
  • Инженерлік жүйелер мен желілерді есептеу , жобалау-конструкторлық жұмыстарды орындау кезінде AI және BIM технологияларын қолданады.
Top