7M07551 Инновациялық технологияларды метрологиялық қамтамасыз ету (салалар бойынша) в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Инновациялық технологияларды метрологиялық қамтамасыз ету (салалар бойынша) білім беру бағдарламасының мақсаты - ғылымды қажетсінетін технологияларды метрологиялық қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін яғни эталондарды, өлшем жүйелерді, өлшемдерді, стандартты үлгілерді, өлшеу әдістерді, салыстырып тексеру және калибрлеу әдістерді, қашықтан байланыссыз өлшеу құралдарды салыстырып тексеру және калибрлеу әдістерін әзірлеуге білімі, іскерлігі және дағдысы бар магистранттарды дайындауға бағытталған.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M130 Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Пәндер
-
Басқару психологиясы.
«Басқару психологиясы» курсы магистранттың ұлттық біліктілік шеңберіндегі басқарушы мамандардың біліктілік анықтамалығына сәйкес кәсіби қызметімен айқындалған басқарушылық міндеттерді шешу контекстінде магистранттардың әлеуметтік және басқарушылық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Курстың мақсаты- магистранттардың іс- әрекетінде одан әрі қолдану үшін басқару психологиясының әлеуметтік-психологиялық процестері, құбылыстары, қасиеттері және негізгі категориялары туралы білімді жүйелеу және тереңдету. Курс басқарушы тұлғасы, әлеуметтік құбылыс ретіндегі басқару және көшбасшылық ерекшеліктері, басқару қызметінің негізгі функциялары, басқару және көшбасшылық стильдері, басқару объектісі ретіндегі бағынушы тұлғасы, тұлғаның әлеуметтенуі, әлеуметтік құбылыс, бағыныштының ұйым жағдайына бейімделу процесінің ерекшеліктері, тұлғаның мінез-құлқы мен белсенділігін реттеу жүйесі, қарым-қатынас әлеуметтік құбылыс ретінде, басқарушылық қарым-қатынас ерекшеліктері және т.б. тақырыптарды қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Ғылыми зерттеулердің негіздері, экспериментті ұйымдастыру және жоспарлау
Пәннің мақсаты: ғылыми дүниетаным мен ойлауды, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен ғылыми экспериментті ұйымдастыру бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру. Қысқаша мазмұны: экспериментті жоспарлаудың заманауи статистикалық әдістері, патенттеу негіздері, ғылыми модельдерді құру және енгізу. Қалыптастырылатын дағдылар: ғылыми жобалау және өнеркәсіптік эксперименттік зерттеулерді орындау дағдылары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Өлшеу түрлендіргіштерінің теориясы және есебі
Пәннің мақсаты: энергияны түрлендіру принциптерін және түрлендіргіштердің жұмысын қолдану білімдерін, білігі мен дағдыларын қалыптастыру. Қысқаша мазмұны: түрлендіргіштердің жұмысының негізінде жатқан физика-техникалық әсерлер. Холл түрлендіргіштері, магниттік-импеданс сенсорлары, феррозондтар, көрінетін сәулеленуді тіркеушілер. Қалыптасатын дағдылар: энергия түрлендіргіштерінің әртүрлі түрлерін таңдау және қолдану дағдылары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Пәннің мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болашақ магистрдің табысты кәсіби және ғылыми қызметі үшін қарым-қатынас құралы ретінде шет тілін (жоғары-базалық стандарттылық деңгейінде (С1) пайдалануға мүмкіндік беретін шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді игеру және жетілдіру болып табылады. Оқыту курсы білім беру бағдарламасына сәйкес кәсіби және академиялық контексте ағылшын тілін үйретуді қамтиды. Кәсіби және ғылыми саламен байланысты арнайы терминдерді үйретуге және оны белсенді қолдануға, сыни оқуға, мәтіндерді талдауға, тыңдау арқылы алынған ақпаратты қабылдауға, ғылыми жұмыстарды жазуға қажетті академиялық жазу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ академиялық ортада қарым-қатынас жасау үшін ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Зерттеудің заманауи әдістері
Пәннің мақсаты: қазіргі заманғы өлшеу құралдары мен әдістерімен жұмыс істеу бойыша білім, білік және дағдыларын қалыптастыру. Қысқаша мазмұны: жоғары технологиялық ғылыми зерттеулерде қолданылатын өлшеу техникасының жұмыс принциптері, метрологиялық бақылау және өлшеудің белгісіздігі көздері. Қалыптастырылатын дағдылар: өлшеу құралдарын қолдану және өлшемдерді орындау әдістемесін әзірлеу дағдылары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Метрология мен стандарттаудың заманауи мәселелері
Пәннің мақсаты: метрология және стандарттау саласындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша білім, білік және дағдыларын қалыптастыру. Қысқаша мазмұны: эталондарға, өлшеу жүйелеріне, өлшеу құралдарына қойылатын заманауи талаптар. Метрология және стандарттау саласындағы халықаралық ынтымақтастық. SI негізгі бірліктерін дамыту және қайта анықтау. Қалыптасқан дағдылар: ғылыми ізденіс, ғылыми мәселелерді қою және шешу дағдылары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Менеджмент
«Менеджмент» пәнінің мақсаты-болашақ мамандарға тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін білім беру және оларда басқарушылық қызметтің маңызды дағдыларын қалыптастыру. Менеджмент ұйымның немесе жобаның мақсаттарына қол жеткізу үшін ресурстарды бөлуді жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау процестерін, ұйымды басқару ерекшеліктеріне қатысты теориялық білімді қалыптастыруды, мамандарды басқарудың негізгі құралдары мен әдістері туралы теориялық біліммен қамтамасыз етуді, ұйымдастырушылық іс-шараларды өткізу дағдыларын игеруді, менеджердің көшбасшылық қасиеттерін және оның басқару қызметінің стилін зерттеу саласындағы білімді қалыптастыруды зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Инновациялық процестерді басқару
Пәннің мақсаты: ғылым мен өндіріске инновациялық әзірлемелерді енгізу әдістері мен қағидаттарын қолдану білімін, білігі мен дағдыларын қалыптастыру. Қысқаша мазмұны: өндірісті (ұйымды) жаңартудың тиімді жолдары, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік жағдайында, халықаралық экономикалық байланыстарды кеңейту жағдайында инновациялық қызметтің әлемдік тәжірибесін пайдалану. Қалыптастырылатын дағдылар: ғылыми-техникалық базаны жаңғырту қағидаттарын қолдану дағдылары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Нанометрология негіздері
Мақсаты: наноматериалдарды алудың негізгі қасиеттері мен әдістерін зерттеу. Қысқаша мазмұны: наноқұрылымды материалдар мен нанометрлік кеңістіктік ажыратымдылығы бар жүйелердің морфологиясы мен жергілікті қасиеттерін зерттеудің заманауи әдістері. Нано ұнтақтардың, наноаэрозольдердің қасиеттерін зерттеу. Қалыптасатын дағдылар: наноматериалдарды зерттеу әдістерін қолдану және нәтижелерін түсіндіру дағдылары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Металдар мен материалдарды зерттеудің физика-химиялық әдістері
Пәннің мақсаты: спектроскопия саласында заманауи әдістер мен аспаптарды қолдану білімін, білігі және дағдыларын қалыптастыру. Қысқаша мазмұны: ядролық магниттік резонанс, инфрақызыл спектроскопия, атомдық адсорбция, рентгендік спектроскопия, комбинациялық шашырау спектроскопиясы негізінде өлшеу принциптері. Қалыптастырылатын дағдылар: инновациялық спектроскопиялық әдістер мен өлшеу құралдарын қолдану дағдылары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерін метрологиялық бақылау
Пәннің мақсаты: заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін (СҮ) жіктеу, метрологиялық қасиеттері, аттестаттау және қолдану саласында білім, білік және дағдыларын қалыптастыру. Қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасындағы СҮ өндірушілері. СҮ аттестаттау рәсімдері, метрологиялық қамтамасыз етудегі СҮ-ның эталондық функциясы. CҮ қадағалауды қамтамасыз етуде. Қалыптастырылатын дағдылар: метрологиялық мақсаттар үшін СҮ таңдау және қолдану дағдылары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Адамдармен тиімді қарым-қатынас жасау, ұжымды басқару, салмақты шешім қабылдау, консенсус іздеу, персоналды ынталандыру, нәтижеге назар аудару, ғылыми ізденіс бойынша білім, біліктілік және дағдыларды қолдану. Жеке де, командада да жұмыс істей білу, жұмыс нәтижелерін жоспарлау және талдау.
- Ғылыми болжау және ғылыми эксперимент дағдыларын меңгеру, есепті шығарудан бастап оны шешуге дейін, ғылыми жұмыстарды жазу дағдыларын қолдану. Әдеби және патенттік ізденісті жүзеге асыра білу, ғылыми мәселені әртүрлі тәсілдермен шеше білу.
- Ғылыми деректерді, қазіргі тенденцияларды іздеу, талдау және жалпылау, метрологиядағы өзекті, шешілмеген мәселелерді анықтау бойынша білім, біліктілік және дағдыларды қолдану. Метрологиялық қамтамасыз ету мәселелерін альтернативті тәсілдермен шеше білу, сынақтардың тиісті әдістемелерін таңдау, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсатында бақылау-өлшеу жабдықтарын, автоматтандырылған дәлдікті бақылау жүйелері, цифрлық егіздерді пайдалану.
- Ғылымды қажетсінетін технологияларда, оның ішінде нано-технологияларда метрологиялық қамтамасыз ету (шамаларды өлшеу бірліктерін беру) әдістері мен құралдарын қолдану білімін, біліктілігін мен дағдыларын қолдану, сәйкестікті растау жөніндегі органдар (СРО) мен зертханаларды аккредиттеуге, инспекциялық бақылауға дайындау бағдарламасын, сәйкессіздіктерді болдырмау үшін ескерту және түзету әрекеттерінің жоспарларын, сандық өлшеу жүйелеріне қойылатын нормативтік талаптарды әзірлеу.
- Металдар мен материалдарды өлшеудің физика-химиялық әдістерін, өлшеудің осы түрлерінде метрологиялық қадағалау қағидаттарын, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу, оның ішінде жасанды интеллект, қашықтықтан тексеру/калибрлеу әдістерін қолдану, өнімнің, процестер мен қызметтердің сапасын бақылау әдістерін қолдану. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарларын жасау және оларды іске асыруға қатысу.
- Өлшемдердің сенімділігі мен дұрыстығын қамтамасыз ету дағдыларын қолдану. Өлшеу нәтижелерін өңдеудің статистикалық әдістерін, әдістемелердің жарамдылығын бағалауды, қателіктерді болдырмауды, өлшеу сапасын ішкі және сыртқы бақылауды, сандық технологиялармен және электрондық мәліметтер базасымен, электрондық кестелермен және аппараттық бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу әдістерін білу.