Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04106 Банк ісі және қаржы менеджменті в Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қаржы, кәсіпкерлік, ақша-несиелік реттеу, салық салу негіздерін тәжірибеде қолдана білу, орындаушылардың жұмысын ұйымдастыра білу
  • Қазақстан тарихының негізгі заңдылықтарын, философиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, жаратылыстану және құқықтық білім негіздерін білу және түсіну, қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша коммуникациялық дағдыларды қолдану
  • Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қаржы-несие институттарының қаржылық қызметін басқару, талдау және бақылау дағдыларын пайдалану
  • Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметінің стратегиясы мен тактикасын әзірлеуде және олардың қызметтерін цифрландыруда, бағалы қағаздар портфелінің тиімділігін бағалауда, инвестицияларды орналастырудың оңтайлы нұсқасын таңдауда, қаржы нарығына қатысушылардың есептілігін жасауда жаңа білім алу дағдыларын көрсету
  • Оқу саласында ғылыми зерттеу әдістерін, жасанды интеллект пен академиялық жазуды қолдану, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, кәсіби қызметке инклюзивті қағидаттарды енгізу, дене тәрбиесінің практикалық негіздерін білімін көрсету
  • Ақпараттық технологияларды, ақпаратты басқару дағдыларын қолдану, экономикалық есептерді жүргізу үшін математикалық модельдерді қолдану, кәсіби салада тілдік дағдыларды қолдану
  • Экономика, менеджмент, инновациялық менеджмент, бухгалтерлік есеп, статистика саласындағы білім мен дағдылармен жұмыс істеу, бастапқы материалды талдай білу және тиісті қорытынды жасау, оларды практикалық қызметте қолдану
  • Мемлекеттік қаржы және корпорациялардың қаржысын ұйымдастыру негіздерін суреттеу және түсіну, қаржы-бюджет саласында, сақтандыру ісінде практикалық жұмыс дағдыларын көрсету
Top