Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02206 Дінтану в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • АКТ саласындағы дағдылар мен бизнесті ұйымдастыруды мемлекеттік және шет тілдерінде игере білу, Қазіргі даму жағдайында өнеркәсіп бойынша цифрлық технологияларды меңгеру, дін саласындағы ақпараттарды цифрлық технологияларды пайдалана отырып өңдеу машығын иггеру.
  • Дінтанулық мәліметтерді шет тілдерде зерделей білу, заманауи қажеттіліктер шеңберінде кәсіпкерлік ерекшеліктері мен бизнес жүргізу дағдыларын білу.
  • Философиялық және тарихи мазмұнды мәтіндерді талқылау әдістерімен және пікірталастарды қолдана отырып, талдау дағдыларын меңгеру.
  • Әлеуметтік ортада тұтас тұлғаны қалыптастыруға және жеке тұлғаның жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсете білу; Инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау.
  • Қоғамдық қауіпсіздік әдістерін қолдана білу, діндегі жаратылыс түсінігі мен қоршаған ортаға деген қамқорлық көзқарас қалыптастыру
  • Дінтанудың қалыптасуы мен оның даму кезеңдері жайлы түсінікке, діни мәселелерге негізгі теориялық және әдістемелік тәсілдерге ие болу Әлемдік, дәстүрлі және жаңа діндердің өзіндік ерекшеліктері мен өзгешелiктерін зерттеуде және олардың ағарту мен түсіндіру жұмыстарында әсер ету арналарында қазіргі заманғы ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолдану. Қазақ ойшылдарының діни дүниетанымдық көзқарастарын қазіргі қоғамда қалыптасып отырған діни көзқарастар қайшылығы тұрғысынан зерделеу. Қазақстандық қоғамдағы діни бірегейлік тұрғысында қазақ ойшылдарының діни көзқарастарының мазмұны мен қазіргі өзектілігін саралау.
  • Діни тәжірибеге эстетикалық тәсілді қолдану ерекшеліктерін түсіну үшінқалыптасқан әдістемелерді игеру, оларды діни өнер туындыларын қабылдауға және культтік таңбалар мен идеалдар жүйесін талдауға дағдылану; діни тәжірибенің психологиялық ерекшеліктерін, діни сенім феноменін түсіну, діни және діни емес көзқарастардың арасындағы қарым-қатынасты талдау; діндерді өздерінің моральдық-этикалық құндылықтары мен нанымдарына сәйкес жіктеу және қазіргі діни және этикалық мәселелерді талдай білу; аргументтік процесті жүзеге асыру, аргументтің негізгі әдістеріне ие болу. Тылсым құбылыстарға, әртүрлі мантикалық практикалық мен оккульттік ұстанымдарға қатысты зерттеулерді қамтитындықтан аталмыш пәнге қатысты тарихи, құрылымдық, философиялық, діни-танымдық зерттеу жасау. Қазіргі әлемдегі дүниетанымдық позицияларды таңдауға қатысты көзқарастар мен адам және оның осы әлемдегі орнын түсінудегі түрлі әдістер жиынтығын қарастыру.
  • Діни сенімнің антропологиялық аспектілерін қарастыруда сыни, рационалдық дағдыларға ие болу; діни ұйымдар құрылымының мазмұны және олардың әлеуметтік функцияларына талдау жасай алу, дінді зерттеудің фундаменталды әлеуметтік нәтижелері мен діннің заманауи әлеуметік теорияларына анализ жасауға дағдылану; Әлемдік, дәстүрлі діндер мен жаңа діни қозғалыстардың өзіндік ерекшеліктерін зерттеудің қазіргі заманғы ғылыми әдістерін қолдану. Әлемдік, дәстүрлі діндер мен жаңа діни қозғалыстар дамуының қазіргі заманғы үрдістеріне сыни талдау жүргізу.
  • Мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласында әдістемелік құжаттарды құрастыру; Сараптамалық зерттеулер жүргізу, сараптамалық қорытынды дайындау; Дін дамуының жалпы заңдылықтарын ашуға, түсіндіруге қабілеттілік; Әртүрлі діни өмірлік стратегиялар мен құндылықтарды ұстанатын халықтардың әлеуметтік-мәдени және рухани-адамгершілік өмірінің сакралды және секулярлық аспектілеріне талдау жүргізу, оларды оқыту қызметінде пайдалану. Діни фундаментализм бойынша діни ағымдар тарихына шолу жасау, әлемдік діндердегі фундаменталистік ойларға апаратын мәтіндерге талдау жасау, дін мен саясат қатысындағы фундаменталистік ағымдардың орны мен рөлін зерделеу, жаһандану және фундаменталистік ағымдар түсінігіндегі қайшылықтарды ғылыми тұрғыдан тұжырымдау.
  • Қазіргі діни үрдістер мен үдерістерді, әлемдік, дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің дамуының жай-күйі мен келешегін, діни ілімдердің эволюциясының негізгі бағыттарын іс жүзінде сипаттау. Жасанды интеллект дамуының діни дүниетанымға, құдай, адам және әлем туралы түсініктерге әсерін діни-философиялық тұрғыда зерттеу болып табылады. Жасанды интеллектінің пайда болуымен байланысты теологиялық мәселелер, трансгуманизм және дін, кибернетикалық мәңгілік өмір идеясы және оның діни ілімдермен арақатынасы мәселесін зерделеу. Интернет беттеріндегі, әлеуметтік желілердегі діни контенттерді саралау, медиа беттеріндегі діни, танымдық, сенімдік қайшылықтарға талдау жасау, Қазақстан заңнамалары тұрғысынан интернет кеңістігіндегі таластарға баға беру, радикалды топтардың, деструктивті ағымдардың таралу аймағы ретінде әлеуметтік желілердегі тәуекелдерді зерделеу.
  • Діни және философиялық мәселелерді дамытудағы даулы мәселелер мен сабақтастықты қоса алғанда, әлемдік діндердің негізгі идеяларын басшылыққа алып зерделей білу; Теология ғылымы саласындағы қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен мәдени зерттеулерді негізге ала отырып, маргиналды топтармен жұмыс істеуде алынған нәтижелерді қолдану форматында отандық және қазіргі заманғы мәдениеттегі әлемдік, дәстүрлі және жаңа діндердің дамуындағы қазіргі үрдістерге сыни талдау жасау. Қазақстан территориясындағы исламның келу, таралу және қалыптасу тарихын зерделей отырып, қазіргі жаңа діни ағымдар тұрғысынан халықтық исламның қалыптасуы мен рухани болмысты қалыптастырудағы рөлін зерделеу. Түркі, Қарахан, Алтын Орда, Қазақ хандығы, Патшалық Ресей, Кеңес кезеңі және қазіргі Қазақстан жағдайында исламның тарихын зерттеу.
  • Діни мәтіндерді түпнұсқалық тілде оқып үйрену, қасиетті мәтіндердің грамматикалық және семеотикалық ерекшеліктерін білу. Қазақ-ислам мәдениетіндегі жазба мәтіндерді оқып, зерттеу жұмыстарында қолдана білу. Діни мәтіндерді түсіну, олардың адамда қалыптастыратын түсініктерін зерделеу, діни ағымдардағы қолданылатын діни түсініктер мен олардың маңызын білу, дін тілі және Құдай мен байланыстағы қасиетті мәтіндердің киелігі сияқты ұғымдарды игеру.
Top