6B04142 Экономика в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Кәсіби қызметте инновациялық идеяларды табысты іске асыруға, экономикалық мәселелерді шешудің тетіктері мен әдістерін жетілдіру жолдарын ұсынуға қабілетті жоғары білікті экономистерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және География
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес білімгерлердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс білімгерлердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономикалық ілімдер тарихы
Пән экономикалық теорияның негізгі қалыптасу кезеңдері мен қазіргі заманғы экономикалық ілімдердің негізгі ағынының мәнін ашады. Білім алушы әртүрлі экономикалық мектептердің түсіндірмелеріне талдау және салыстыру жасау қабілетіне ие болады. Ежелгі Шығыс елдерінің экономикалық ілімдерін, ойшыл ғұламалардың нарық туралы ой-пікірлерін, экономикалық процестерге көзқарастардың эволюциясын түсінеді. Экономикалық теоряның қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ғалымдардың ғылыми еңбектеріне шолу жасайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән академиялық жазбаның жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын меңгеруге бағытталады. Білім алушылардың жазбаша ойды сауатты және жүйелі жеткізу, түрлі форматтағы академиялық мәтіндер (эссе, есеп, т.б.) құрастыру дағдылары дамытылады. Жазбаша тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын сақтау, ресми-академиялық стильде жазу құзіреттіліктері қалыптастырылады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, халықаралық ғылыми дерекқорларды және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдылары игеріледі. Академиялық жазбалармен жұмыс барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәсілдері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Экономикалық теория
Пән экономикалық субъектілердің мінез-құлық заңдылықтары, микро және макро деңгейлердегі экономикалық қызмет ету механизмі, қазіргі заманғы экономикалық ұғымдар мен модельдердің теориялық дамуы туралы жалпы түсінік береді. Білім алушы тауарлар мен ресурстардың нақты нарықтарындағы жағдайды, баға деңгейінің және ақша ұсынысының қозғалысын талдаудың практикалық дағдыларын меңгереді, микро және макроэкономикалық деңгейде проблемалық жағдайларды анықтап, қазіргі экономикалық ойдың қалыптасуы мен эволюциясын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Микроэкономика
Пән білім алушының экономикалық ілім мен экономикалық дүниетанымның бүкіл жүйесінің негізінде жатқан іргелі экономикалық ғылым туралы білімін қалыптастырады. Білім алушы экономикалық құбылыстар мен процестерді микродеңгейде зерттеудің әдіснамасы мен құралдарын пайдалану, микродеңгейдегі экономикалық процестердің дамуын талдау, нарықтардың жұмыс істеуі, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі бойынша дағдыларды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түрік тілі (А2)
Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Макроэкономика
Пән макроэкономиканы зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін ашуға, стандартты макроэкономикалық модельдерді, ұлттық экономиканың құрылымын талдауға мүмкіндік беретін білім мен дағдыларды қалыптастырады. Білім алушы экономикалық өсудің теориялары мен тұжырымдамаларымен танысады, макроэкономикалық жағдайды және елдегі экономикалық саясаттың салдарын бағалайды, салыстырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ататүрік принциптері
Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Маркетинг
Пән аясында маркетингтің теориялық білімін қалыптастыра және тұтынушыға бағдарлана отырып, олардың әлеуетін тиімді пайдалану негізінде нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындардың қызметінде маркетинг құралдарын тәжірибеде қолдану тәсілдерін үйрету. Пәнді оқу барысында білімгерлер маркетингтік зерттеу құралдарын қолдану дағдыларын қалыптастырады. Сондай-ақ маркетингтік ақпаратты жинау, өңдеу және талдаудың қазіргі заманғы әдістерін, микро және макро деңгейдегі процестерін үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Икемді дағдылар
Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару, сондай-ақ инклюзивті ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сонымен қатар, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды инклюзивті тәсілдерді ескере отырып тиімді қамтамасыз ете алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Статистика
Статистика пәнін оқу нәтижесінде білім алушы статистикадағы негізгі категориялар мен жіктеулерді, құбылыстың даму тенденциялары мен заңдылықтарын анықтау әдістерінің мазмұны туралы білімді қалыптастырады. Микро және макро деңгейдегі негізгі көрсеткіштердің экономикалық мазмұнын статистикалық талдаудың әдістерін игереді. Статистикалық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгереді; көрсеткіштерді есептеу және статистикалық талдау әдіснамасын практикада қолдану нәтижесінде нарықтық экономиканың сандық индикаторларына, құбылыстар мен процестердің өзара байланыстарына мазмұнды талдау жүргізуге дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көшбасшылық теориясы
Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік есеп қағидалары, мақсаттары, міндеттері, есепті жүргізу тәсілдері, шоттарда, бухгалтерлік есепті реттеу бойынша құжаттарды, қаржылық есептілікті құрастыру, пайдалану бойынша білімін қалыптастырады. Бухгалтерлік есеп бойынша заңдық, нормативтік, нұсқамалық материалдарды, әдістерді, әдістемені, тәсілдерді, алынған білімдерді тиімді қолдану мен пайдалануды меңгереді. Активтердің, міндеттемелердің, капиталдың, кірістер мен шығындардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі, бухгалтерлік корреспонденция түрінде ұйымның шаруашылық операцияларында көрсету, құжаттарды толтыру, құрастыру дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Пән студенттердің қаржылық қатынастарының маңызды салаларын бейнелейтін негізгі қаржылық-экономикалық түсініктерді дамыту арқылы қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастырады. Сондай-ақ қаржылық нарықтағы тұтынушының, инвестордың, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтандырушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға және тұтынушыларды пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтан сақтандыруға бағытталған білім мен дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпорын экономикасы
Пән кәсіпорын деңгейінде шаруашылық жүргізудің теориясы мен практикасын, шаруашылық жүргізудің нақты нысандары мен әдістерін, өндірістік әлеуетті қалыптастыру және пайдалану қағидаттарын, ресурстардың барлық түрлерінің өзара іс — қимылын, кәсіпорынның шаруашылық-коммерциялық қызметін ұйымдастыру мен тиімділігін зерделеуді меңгертеді. Білім алушы шектеулі ресурстар, өндіріске сыртқы және ішкі факторлардың әсері жағдайында кәсіпорында экономиканы тиімді жүргізу туралы тұтас және жүйелі білімді қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Экономикалық саясат
Пән экономикалық саясат туралы біртұтас жүйелі түсінік қалыптастырады, мемлекеттік экономикалық саясаттың мәні мен негізгі бағыттары туралы білім береді. Қазіргі экономикалық мәселелерді зерттеудің аналитикалық аппаратының құрылымы мен ерекшеліктерін меңгертеді. Пәнді меңгеру барысында білім алушы әртүрлі салалардағы экономикалық саясат түрлерінің өзара байланысын орнатады, экономикалық саясатты жүзеге асырудың негізгі тәсілдерін қолдана отырып, қоғамдық өмірге тигізетін әсерін бағалайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпорын қызметін ұйымдастыру және жоспарлау
Пән кәсіпорын деңгейінде өндірістік қызметті ұйымдастыру және жоспарлау мәселелерін зерттеуді қарастырады. Білім алушылар қызметтің негізгі бағыттарын айқындау, кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру, өндіріс процестерін ұйымдастыру, кәсіпорынның ұзақ, орта және қысқа мерзімді жоспарларын әзірлеу кезінде оның әлеуетін барынша пайдалану есебінен кәсіпорынның даму стратегиясын жоспарлау дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жасыл экономика
Пән білім алушылардың жасыл экономика дамуын басқару саласындағы заманауи білімдерін, әлемдік және отандық тәжірибелерге сүйене отырып, жасыл экономика қағидаттарын енгізудің рөлі мен маңызы туралы әдіснамалық және теориялық түсініктерін, жасыл экономикалық даму жолындағы мүмкін болатын артықшылықтар мен кедергілерді айқындайды. Білім алушы жасыл экономикаға әсер етуші факторларды зерделеу, ұлттық деңгейдегі жасыл экономиканың дамуын басқарудың маңызды сипаттамаларын, қағидаларын, құралдарын, әдістері мен тетіктерін қарастыру дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Табиғатты пайдалану экономикасы
Пән экономика мен қоршаған орта арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі заңдылықтарын түсінуге, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалана отырып, қайта қалпына келтіру және қоршаған ортаны қорғаудағы күрделі үдерістерді қарастырады. Білім алушы халықшаруашылық, пәнаралық және салааралық мәселелерін зерттеуге, аталған саладағы басқару принциптерін, әдістерін игеруге халық шаруашылық және салалық тәсілді әзірлеу және экономикалық тұрғыдан табиғи ресурстарды максималды тиімді пайдалануды біледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономикалық жоспарлау және болжау
Пән елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау және жоспарлау саласындағы қолданбалы міндеттерді шешудің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастырады. Білім алушы пәнді меңгеру нәтижесінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының әртүрлі бағыттарын болжау әдістемелерін зерделейді, ұлттық экономиканың макро деңгейінде, өңірлік және салалық деңгейлерінде жоспарлы және болжамды есептеулер жүргізе алады, болжау және жоспарлау саласында әртүрлі техникалық экономикалық есептеулерді орындаудың практикалық дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аймақтық экономика
Пән білім алушылардың өңірдің экономикалық дамуы туралы білімдерін қалыптастырады. Аймақ экономикасын меңгеру барысында білім алушы мемлекеттің экономикалық саясатының салдарын талдау, бағалау, салыстыру, өз көзқарасын жоғары деңгейде білдіру және дербестік дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы аймақтардың маңызды табиғи-экономикалық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, күрделі құбылыстарды талдауға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика
Пән кәсіпкерліктің теориялық дағдысын, әдістерін және болашақ бизнесті модельдеудің қолданбалы құралдарын үйретеді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білім алушы экономикалық мәселелерді шешуге қажетті деректерді жинайды, талдайды және өңдейді, тапсырмаға сәйкес экономикалық мәліметтерді өңдеу құралдарын таңдау дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпкерлік процестерін, оның ішінде бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауды меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономикалық талдау
Пән шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерін есептеу, экономикалық құбылыстарды зерттеу және ғылыми зерттеу әдістерін игеру үшін деректерді дайындау және талдау дағдыларын қалыптастырады. Білім алушы экономикалық процестердің даму заңдылықтары мен тенденцияларын анықтау, тиімділік көрсеткіштеріне оң немесе теріс әсер ететін негізгі факторларды анықтау және бағалау үшін деректерді жинау, талдау және өңдеуді меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту
Пән білім алушылардың ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың ғылыми, теориялық негіздері бойынша алған білімдерін қалыптастырады. Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту жүйесін талдау дағдысын, тәсілдері мен әдістерін меңгертеді. Білімгер инновациялық факторларды және әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелерін зерттеп мәліметтер жинақтайды, өз бетінше мәселелерді шешу қабілетін көрсетеді. Ауылдық өңірлерді тұрақты дамытудың мемлекеттік саясатын зерделеумен байланысты шешімдерін қабылдауға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шағын бизнес экономикасы
Пән тез өзгеретін экономикалық ортаға бейімделу және тиімді әрекет ету дағдыларын қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы шағын кәсіпорындар жұмысының экономикалық ерекшеліктерін, олардың қызмет ету заңдылықтарын, шаруашылықтың шағын нысандарын құру бойынша практикалық дағдыларды меңгереді, шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау инфрақұрылымын зерделейді, шағын бизнесті қолдау орталықтарының жұмысы мен шағын кәсіпорындардың қызметін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштерді есептеу және талдау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Еңбек экономикасы
Пән еңбек нарығының қазіргі жағдайын, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың еңбек қатынастары, яғни еңбек ақы, табыс, материалдық және рухани құндылықтар арқылы ынталандыруларды, еңбек үдерісіндегі қарым-қатынас, мінез-құлқын зерттеуге үйретеді. Білім алушы еңбек мәселесін қарастыруда қоғамдағы заманауи әдістерін пайдаланады. Еңбек экономикасын зерттеуді, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды, жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың алдын-алу, жаңа технологияларды қолдану арқылы еңбек нарығын жетілдіруді қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бизнес жоспарлау
Пән бизнес-жобаларды табысты жүзеге асыру үшін бизнес-жоспарларды құру және жүзеге асыру әдістерін түсіндіреді. Кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметінің нәтижесі болып табылатын экономикалық көрсеткіштерді жоспарлауды қарастырады. Білім алушы бизнес-жоспарларды жүзеге асыру әдістерін анықтау және игеру, жиналған ақпаратты талдау, мәліметтерді жүйелеу, кәсіпорынның ішкі және сыртқы факторларын анықтау дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономикадағы жаһандану процестері
Пән жаһандық еңбек бөлінісінің мәні және экономиканың жаһандануы мен интернационализациясы аясында болып жатқан күрделі процестердегі экономика мен саясаттың үздіксіздігі тұрғысынан оны тереңдету бағыттары туралы тұтас түсінік қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы Қазақстанның жаһандық экономикадағы рөлі мен орнын анықтайды, әлемдік қоғамдастық елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талдайды, әлемдік экономиканы дамытудың негізгі үрдістері мен перспективаларын тұжырымдауға үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Инвестициялық жобалау
Пән экономикалық және қаржылық модельдерді құру, сандық және сапалық талдау дағдыларын қалыптастырады. Бұл кәсіпорынның есептік деректері негізінде экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуге, алдағы әрекеттерді анықтау үшін кәсіпорынның барлық активтерінің құрылымын талдауға мүмкіндік береді. Білім алушы есептеу нәтижелерін талдау, инвестициялық және инновациялық жобалардың бизнес-жоспарларын әзірлеу үшін қорытындыларды негіздеу әдістерімен танысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономикалық өсу
Пән экономикалық өсудің мәні мен маңыздылығы туралы білімін қалыптастырады. Ұзақ мерзімді экономикалық өсуге қол жеткізудің алғышарттары мен модельдерінің ерекшеліктерін үйретеді. Білім алушы мемлекеттің экономикалық саясатының экономикалық өсуге әсерін бағалау және қоғамның саяси құрылымы мен экономикалық дамудың арақатынасы сияқты маңызды зерттеу бағыттарын егжей-тегжейлі талдау, экономикалық өсудің теориялық модельдерін практикалық тексеру дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Халықаралық экономика
Пән қазіргі заманғы формалар мен әлемдік экономиканы қамтитын халықаралық экономикалық қатынастардың даму тенденцияларын тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастырады. Халықаралық экономика және Халықаралық экономикалық саясат саласындағы білімді игеру процесінде әлемдік экономиканың қазіргі тенденцияларын талдау дағдыларын көрсетеді. Білім алушы Халықаралық экономикалық процестер мен құбылыстарды сипаттау модельдерін талдау әдістерімен танысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Мемлекеттің инвестициялық саясаты
Пән инвестициялық саясатты қалыптастырудың негізгі кезеңдерін және инвестициялардың елдің тұрақты дамуына әсерін бағалау дағдыларын қалыптастырады. Елді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары негізінде инвестициялық ахуалға және инновациялық-инвестициялық жобалардың инвестициялық тартымдылығына әсер ететін факторларды талдаудың практикалық дағдылары қалыптастырылады. Білім алушы ұлттық экономика деңгейінде проблемаларды анықтау және шешу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту
Пән еңбек нарығының заманауи жағдайын және еліміздегі тұрғындар мен халықты жұмыспен қамтуды, білім мен ғылымды қолдана отырып инновациялық технологиялар негізінде жұмыс күшін оңтайлы пайдалану, сапасын арттыруды, еңбек ресурстарын қорғау қағидаларын, жүзеге асыру жолдарын қамтуды үйретеді. Білім алушы жұмыссыз азаматтарды жаңа жұмысқа бейімдеу және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы кәсіптік бағдарлау, ішкі миграциядағы жұмыс күшін жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, ұсыныстар беру, кәсіптік білім беру ұйымдарының еңбек нарығы субъектілерімен қарым-қатынас іс-әрекетін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бизнесті бағалау
Пән бизнесті бағалау және инвестициялық талдау әдістерін қолдану идеясын қалыптастырады. Бағалаудың негізгі әдіснамалық негіздерін, бағалау қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштерін, бизнесті бағалау әдістерін үйретеді. Білім алушы бизнес-жоспарлардың параметрлерін бағалауды, бизнесті жүргізу әдістері мен құралдарындағы өзгерістерді, инвестициялық шешімдердің тиімділігін талдауды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инновациялық экономика
Курс кәсіпорынның инновациялық стратегиясын қалыптастырудың теориялық мәселелері мен олардың нақты кәсіпорындарда практикалық іске асырылуын, зияткерлік меншік объектілерін бағалаудың теориялық мәселелері мен оларды практикада пайдаланудың мүмкіндіктерімен таныстырады. Инновациялық құрылымдарды ұйымдастырудың шет елдік тәжірибесі және оларды қамтамасыз ету заңдар талданды. Курста инновацияны қаржылық қолдау тетіктері қаралды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі бизнес-коммуникация
Пән дәстүрлі форматта басылған есептерден бастап заманауи цифрлық, әлеуметтік, визуалды және мобильді медиаға дейін заманауи байланыс мамандарына қажет барлық дағдыларды қалыптастырады. Білім алушы тез дамып келе жатқан еңбек нарығында табысқа жету үшін қажетті барлық негізгі дағдыларға ие болады. Әлеуметтік медианы, мобильді медианы және басқа да жаңа технологияларды кәсіби түрде қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Агроөнеркәсіптік кешен экономикасы
Пән ауылшаруашылығы саласының теориялық және тәжірибелік мәселелерін ашып көрсетеді. Агроөнеркәсіптік кешен өз кезегінде ауыл шаруашылық салаларын толық қамти отырып, жер қатынастары, еңбек және материалдық-техникалық ресурстарды қалыптастыру мен тиімді пайдаланудың әдістерін экономикалық тұрғыдан негіздеуді қалыптастырады. Білім алушы нарықтық қатынастардағы аграрлық сектордың орны, агроөнеркәсіптік кешендерді инвестициялау мен инновациялық технологияларды пайдалануды қарастырады. Ресурстардың шектеулі жағдайында тауарларды өндіру, тарату, айырбастау және тұтыну процесіндегі экономикалық қатынастарды жүзеге асыруды оқып үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Технологияларды коммерцияландыру негіздері
Пән бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін өндірістік процестерде, маркетингтік стратегияларда, сервистік қызмет көрсетуде, өнім мен қызмет сапасын қамтамасыз ету жүйелерінде ресурстарды үнемдеудің заманауи технологияларын жобалау мен енгізуді ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесін қарастырады. Білім алушы тиімді тауар жылжыту үшін инновациялық технологияларды коммерцияландыру тәсілдерінің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Агробизнес негіздері
Пән ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және түпкілікті тұтынушыға жеткізу үдерісін жүзеге асыруды айқындайды. Агробизнес өкілдерінің экономикалық қызметінің тиімділігін арттыру және дамытудағы зерттеулердің өзекті мәселелерін қарастырады. Білім алушы ауыл шаруашылығы саласының экономикалық қызметін, азық-түлік қауіпсіздігін, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуді, азық-түлік саясатын жетілдіруге, еліміздегі агробизнестің әлемдік нарықтардағы халықаралық сапа талаптарына сай болу мәселелеріне талдау жасауды меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ақпараттық өнімдер мен қызметтер экономикасы
Пән экономикадағы ақпараттың рөлін және оның байланысты теориялар мен қосымшалардағы рөлін толық түсінуге көмектеседі. Білім алушы экономиканың классикалық нәтижелерін талдау, экономикалық агенттер арасында деректерді беру әдістерін түсінеді. Ақпараттың белгісіздік жағдайын ескере отырып, экономикалық агенттердің эксперименттерінің әдістері мен формаларын талдайды. Ақпараттық технологиялар, инновациялық іс-қимылдарды әзірлеу, медиа-құрылымды әлеуметтік жаңғырту, интеграцияланған цифрлық қызметтер саласында қажетті дағдыларға ие болады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржы-шаруашылық қызметті талдау және диагностикалау
Пән ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін диагностикалау және талдау әдістерін және оның метаматикалық құралдарын пайдалану дағдыларын қалыптастырады. Экономикалық модельдерді құру, ұйымның қаржылық нәтижелерінің деректерін жинау, талдау және өңдеу дағдыларын игереді және оларды негіздейді. Білім алушы кәсіпорынның есептік деректері негізінде кәсіпкерлік тәуекелдерді және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау және бағалауды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өнеркәсіп экономикасы
Пән Қазақстан өнеркәсібін ғылыми зерттеу дағдысын, тәсілдері мен әдістерін түсіндіреді. Өнеркәсіпті меңгеру барысында білім алушы экономикалық, қаржылық, басқару үлгілерін құру, сандық және сапалық талдау дағдыларын меңгере отырып, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы тәжірибелік тапсырмаларды орындайды, экономика салаларын дамытудың қазіргі жағдайы мен тенденцияларын талдау дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Эконометрикалық талдау
Оқу курста ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика түсініктері, статистикалық гипотезаларды тексеру, жұптық сызықтық регрессия, көптік сызықтық регрессия, мультиколлиенарлық құбылыс, сызықтық регрессия коэффицинттерінің статистикалық мәнділігін бағалау, сызықтық емес эконометрикалық моделдер, динамикалық қатар, бір уақыттық теңдеулер жүйесі, статистикалық тәуелділік теңдеуі қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
Пән тиімділікті есептеу үшін деректерді талдау дағдыларын қалыптастырады. Пайда табу және кәсіпорынның инвестициялық қабілетін арттыру әдістемесін әзірлеу мақсатында ұйымның өндірістік-шаруашылық, қаржылық-экономикалық қызметін жетілдіру жолдарын қарастырады. Білім алушы экономикалық көрсеткіштерді есептеуді, кәсіпорынның негізгі және ағымдағы активтерінің құрылымын талдауды,кәсіпорынның инвестициялық жобасының тиімділігін арттыру жолдарын негіздеуді үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақстан экономикасы
Пән білім алушылардың Қазақстан экономикасы негізіндегі қоғамның экономикалық жүйесіндегі құбылыстарды, экономикалық ой-пікірді, оларды анықтайтын факторларды, сондай-ақ экономикалық мәселелерін реттеу құралдары мен тәсілдерін түсіну негізінде экономикалық ойларды қалыптастырады. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының ерекшеліктерін, қалыптасуы және экономикалық ғылымдағы концепцияларын, әртүрлі мектептер мен бағыттарды ескере отырып, оқытады және болашақ маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Білім алушылар мемлекеттің экономикалық саясатын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Ұлттық экономиканың өзекті мәселелері
Пән белгілі халық шаруашылығы саласындағы білімді және халық шаруашылығының жұмысын талдаудың практикалық дағдыларын қалыптастырады. Білім алушы ұлттық экономиканың мазмұнын, құрылымын, ерекшеліктерін біледі, мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруды, халық шаруашылық жүйесін зерделеуді меңгереді. Макро, мезо және микро деңгейлердегі Қазақстан экономикасының ағымдағы даму кезеңінің үрдістерін анықтауды, ағымдағы жағдайларды талдауды, елдің ұлттық экономикасының орнықты дамуы мен экономикалық қауіпсіздігі тұжырымдамаларын әзірлеуге ұсыныс беруді үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
Оқыту нәтижелері
- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, инклюзивті қағидаттарды ескере отырып, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
- Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу негіздерін меңгереді, академиялық адалдық принциптерн негізге ала отырып жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданады.
- Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
- Аналитикалық және зерттеу мәселелерін шешу үшін заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, шаруашылық-қаржылық, коммерциялық және өндірістік қызметтің бастапқы деректерін жүйелейді
- Ұлттық экономика деңгейінде проблемалық жағдайларды анықтап, экономиканың нақты секторындағы талдаудың практикалық дағдыларын меңгереді
- Экономика субъектілерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің, микро- және макроэкономикалық көрсетіштерінің өсуін талдап, бағалайды
- Шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік тәуекелдерін және қаржылық тұрақтылығын анықтап, нарықтық стратегиясын жоспарлайды
- Мемлекеттік даму бағдарламалары негізінде инновациялық-инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарын құрастырады
- Сыртқы және ішкі ортаның әсерін ескере отырып, өндірісті басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастырады
- Жаһандық экономиканың, өңірлердің дамуын және жаңа технологияларды қолдануды ескере отырып, экономиканың әртүрлі салаларындағы кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдарын әзірлейді
- Экономикалық талдауды пайдаланып, ғылыми-зерттеу жұмысындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін ғылыми зерттеулер жүргізеді