Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04140 Менеджмент в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес білімгерлердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс білімгерлердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән академиялық жазбаның жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын меңгеруге бағытталады. Білім алушылардың жазбаша ойды сауатты және жүйелі жеткізу, түрлі форматтағы академиялық мәтіндер (эссе, есеп, т.б.) құрастыру дағдылары дамытылады. Жазбаша тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын сақтау, ресми-академиялық стильде жазу құзіреттіліктері қалыптастырылады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, халықаралық ғылыми дерекқорларды және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдылары игеріледі. Академиялық жазбалармен жұмыс барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экономикадағы математика

    Пән білім алушыға табиғат заңдарының логикалық жинақы жүйесі ретінде жалпы қазіргі заманғы математика туралы қөзқарас қалыптастырады, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Экономикалық процестерді талдауда математикалық әдістер мен методологиялық принциптерді дұрыс қолдануды үйретеді. Пәнді оқу барысында математикалық аппараттарды қолдану арқылы экономикалық есептерді шығаруға, экономикалық процестердің математикалық моделдерін талдауға дағдыларын қалыптастырады және ғылыми зерттеулерде нақты тұжырымдарды негіздеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Менеджмент негіздері

    Пән білім алушыларға тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін менеджменттің теориялық негіздері саласындағы білім мен дағдылар кешенін қалыптастыруға үйретеді. Курс барысында ұйымдық құрылым, мотивация, коммуникация, шешім қабылдау және қақтығыстарды басқару зерттеледі. Сонымен қатар, курс ресурстарды тиімді басқаруға және көшбасшылық дағдыларды дамытуға баса назар аударады. Білім алушыларда нақты кәсіби қызметте үйренген ұғымдарды қолдануға көмектесетін практикалық дағдылар қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономикалық теория

    Пән экономикалық субъектілердің мінез-құлық заңдылықтары, микро және макро деңгейлердегі экономикалық қызмет ету механизмі, қазіргі заманғы экономикалық ұғымдар мен модельдердің теориялық дамуы туралы жалпы түсінік береді. Білім алушы тауарлар мен ресурстардың нақты нарықтарындағы жағдайды, баға деңгейінің және ақша ұсынысының қозғалысын талдаудың практикалық дағдыларын меңгереді, микро және макроэкономикалық деңгейде проблемалық жағдайларды анықтап, қазіргі экономикалық ойдың қалыптасуы мен эволюциясын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Маркетинг негіздері

    Курс барысында маркетингтің негізгі принциптері мен тұжырымдамаларын меңгереді. Білім алушылар маркетинг-микстің негізгі элементтерін, соның ішінде өнімді, бағаны, жылжыту мен тартату процестерін үйренеді. Сонымен қатар нарықты сегменттеу, позициялау, маркетингтік зерттеу және тұтынушылық мінез-құлық ұғымдарын қарастырады. Крусты оқыту аясында білім алушыларға маркетингтің негізгі тұжырымдамаларын нақты жағдайларда қолдануға мүмкіндік беретін практикалық мысалдар мен тапсырмаларды қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі (А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Бизнестегі коммуникация

    Пән ұйымдағы коммуникациялық процестерді, адамдармен қарым-қатынасты, топ динамикасын мен тиімді командалық жұмысты қарастырады. Пәнді оқу барысында білімгерлер бизнесте болып жатқан процестерге көзқарасты қалыптастыра отырып, іскерлік келіссөздер жүргізу дағдыларын меңгереді. Бизнес-коммуникация саласындағы хат жазу, ақпаратты табу, талдау, өңдеуді үйренеді. Тиімді іскерлік қарым-қатынастың этикалық принциптерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ататүрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Икемді дағдылар

    Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару, сондай-ақ инклюзивті ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сонымен қатар, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды инклюзивті тәсілдерді ескере отырып тиімді қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экономиканы мемлекеттік реттеу

    Пән қазіргі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орны мен рөлін, функцияларын, Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға әсер ету әдістерін анықтау, жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың салдарын және оны жетілдіру жолдарын зерттеуге бағыталған. Пәнді оқу барысында білім алушы мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыру, бағалау және талдау дағдыларын меңгереді; Казахстанда әлеуметтік бағдарланған экономиканың қалыптасуына ықпал ететін сындарлы бағыттардың кешенді, жүйелі көзқарасын қалыптастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бухгалтерлік есеп және аудит

    Бухгалтерлік есеп қағидалары, мақсаттары, міндеттері, есепті жүргізу тәсілдері, шоттарда, бухгалтерлік есепті реттеу бойынша құжаттарды, қаржылық есептілікті құрастыру, пайдалану бойынша білімін қалыптастырады. Бухгалтерлік есеп бойынша заңдық, нормативтік, нұсқамалық материалдарды, әдістерді, әдістемені, тәсілдерді, алынған білімдерді тиімді қолдану мен пайдалануды меңгереді. Активтердің, міндеттемелердің, капиталдың, кірістер мен шығындардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі, бухгалтерлік корреспонденция түрінде ұйымның шаруашылық операцияларында көрсету, құжаттарды толтыру, құрастыру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Статистика

    Статистика пәнін оқу нәтижесінде білім алушы статистикадағы негізгі категориялар мен жіктеулерді, құбылыстың даму тенденциялары мен заңдылықтарын анықтау әдістерінің мазмұны туралы білімді қалыптастырады. Микро және макро деңгейдегі негізгі көрсеткіштердің экономикалық мазмұнын статистикалық талдаудың әдістерін игереді. Статистикалық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгереді; көрсеткіштерді есептеу және статистикалық талдау әдіснамасын практикада қолдану нәтижесінде нарықтық экономиканың сандық индикаторларына, құбылыстар мен процестердің өзара байланыстарына мазмұнды талдау жүргізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Үлкен деректер және блокчейн

    Курс барысында қазіргі бизнестегі үлкен деректер мен блокчейн технологиясының рөлі мен қолданылуын қарастырады. Білім алушылар үлкен деректерді өңдеу мен талдаудың негізгі тұжырымдамаларын, әдістері мен құралдарын игереді, сонымен қатар блокчейннің жұмыс принциптерін, оның әртүрлі салаларда қолданылуын және орталықтандырылмаған жүйелерді құру мүмкіндіктерін зерттейді. Сонымен қатар курс деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығына басты назар аударады. Білім алушылар үлкен деректермен және блокчейн технологиясымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқарудағы электронды коммерция

    Курс барысында электрондық ақпараттық технологиялар құралдары арқылы бизнес жүргізудің жаңа жетістіктері мен мүмкіндіктерін түсіндіреді. Әлемдік экономика жүйесінде электрондық комерцияның қазіргі алатын орнын, даму тенденцияларын және маңыздылығын түсіндіру. Электрондық коммерция қағидаларын қолдану арқылы бизнесті ұйымдастыру мәселелерін шешу жолдарын көрсету, электрондық коммерцияны тәжірибеде қолдануға, интернет дүкендерде бизнесті ұйымдастыруды, жүргізуді және басқаруды үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық менеджмент

    Курс ұйымдардағы қаржылық басқару негіздерін қарастырады. Студенттер капиталды басқару принциптері, қаржылық жоспарлау, тәуекелдерді басқару және инвестициялар туралы меңгереді. Сонымен қатар курс қаржылық талдауды, айналым капиталын басқаруды және қаржылық шешімдер қабылдауды қарастырады. Студенттер нақты жағдайларда қаржылық модельдеу мен инвестициялық жобаларды бағалауда қолдану үшін практикалық дағдыларға ие болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік саладағы менеджмент

    Курс әлеуметтік жұмыс пен қызмет көрсетуге байланысты ұйымдардағы басқарудың негізгі аспектілерін қарастырады. Курс барысында ұйымдастырушылық басқару, қаржылық жоспарлау, ресурстарды басқару және саясатты әзірлеу негіздері оқытылады. Курс сонымен қатар этикалық мәселелерге және тұтынушылармен қарым-қатынасқа назар аударады және әлеуметтік ортада тиімді көшбасшылық және топтық жұмыс дағдыларын дамытады. Студенттер әлеуметтік салада табысты басқаруға көмектесетін практикалық дағдыларға ие болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өндірісті басқару

    Пән білімгерлерді кәсіпорынның өндірістік стратегиясын қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздерімен таныстыра отырып, өндірістік процеске қажетті тиісті жүйені таңдауға, басқару объектілерінің күрделілік деңгейі бойынша функционалдық-алгоритмдік белгісін түсінуге, оның экономикалық тиімділігін бағалауға үйретеді. Пәнді оқу барысында білімгерлер өндірістік жүйелерді ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге, өндіріс саласындағы басқарушылық дүниетанымын негіздеуге дағдыларын қалыптастырады. Өндірістік процестерді басқарудың әдіснамалық негіздерін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ұйым теориясы және мінез-құлқы

    Пән білімгерлерді ұйым құрылымын қалыптастыруға, олардың табиғатын түсінудің әртүрлі тәсілдерін талдауға үйретеді. Пәнді оқу барысында білімгерлер топтық қарым қатынастар, команда құру қағидаттарын, топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдарын, жанжалды жағдайларды шешудің әр түрлі әдістерін, адам ресурстары аудитін жүргізу дағдыларын қалыптастырады. Қазіргі менеджменттегі ұйымның рөлі мен орнын, кәсіпорын ортасының құрылымын, бизнестегі компанияның ұйымдастырушылық мінез-құлқының ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шағын бизнестегі менеджмент

    Пән білімгерлерді жаңа бизнесті құру мен дамытудың, жаңа өнімдер шығарудың, қызметтер көрсетудің, бизнес-жоспарлар әзірлеудің жолдарын үйретеді. Пәнді оқу барысында білімгерлер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын бағалауды, оның ішінде шығындарды есептеуді, талдауды, сондай-ақ басқару тетіктері мен құралдарын сауатты қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тұтынушылармен қарым-қатынас менеджменті

    Курс барысында тұтынушымен қарым-қатынас менеджменті саласын, оған қатысты теориялар мен тұжырымдарды, тұтынушыларға құндылық жеткізу үшін олармен қарым-қатынас орнатуды негізгі бизнес-стратегия ретінде қарастырып, оның артықшылықтары мен қолданылатын жағдайларын, технологияларын үйретеді. Пәнді оқу барысында білімгерлер тұтынушыға қол жеткізу, оны ұстап қалу және өзара қарым-қатынасты дамыту кезеңдерін жан-жақты қарастырып, тұтынушыға қатысты деректер жинау, оны қолдану жолдарын үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру

    Пән білімгерлерді бизнес-идеяны жүзеге асырудың қажетті шарты ретінде нарықты талдауға үйретеді. Пәнді оқу барысында білімгерлер бизнес-жоспарды құру, талдау және қолданбалы пайдалану әдістемесін, оларды әзірлеу жүйесіндегі бағдарламалық өнімдерді пайдалану дағдыларын қалыптастырады. Нарықтық қатынастар жағдайында бизнес-жоспарлаудың ерекшеліктерін, оларды әзірлеу түрлері мен мүмкіндіктерін, шарттарын, кәсіпорында бизнес-жоспарлауды ұйымдастыру процесін, оның іске асырылуын үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инновациялық және креативті менеджмент

    Пән білімгерлерді ұйымдардың инновациялық даму стратегиясын қалыптастыру мен іске асыру әдістеріне үйретеді. Пәнді оқу барысында білімгерлер инновациялық үдерістің түрлі аспектілерін басқару саласындағы практикалық дағдыларын қалыптастырады. Инновациялық процестің әртүрлі кезеңдерінде орындалатын жұмыстардың мазмұнын негіздеуді, сонымен қатар инновациялық іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған экономикалық ойлауды, ұжымдарды басқарудың заманауи қолданбалы және дамыту әдістерін үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жобалық менеджмент

    Пән білім алушыларға жобаларды басқарудың ерекшеліктерін, негізгі әдістемелік тәсілдерін үйретеді. Пәнді оқу барысында білімгерлер жобаны басқарудың нақты жағдайларында өз бетінше әрекет ету дағдыларын, сыртқы орта мен кәсіпорынның ерекшеліктерін талдауға негізделген пайда болатын мүмкіндіктерді анықтауға, кәсіпорынға қауіп-қатерді бағалауда теориялық білім мен практикалық дағдыларын игереді. Нақты өндірістік және экономикалық жағдайларды шешуде ұтымды басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық ойлауды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тәуекелді басқару

    Пән білімгерлерді басқару шешімдерін қабылдау және іске асыру нәтижесінде туындаған қолайсыз нәтиже ықтималдығын азайтуға, ықтимал жобалық шығындарды барынша азайту жолдарын түсіндіру нәтижесінде тәуекелді басқару бойынша білімдерін жинақтауға және тәжірибеде қолдануға үйрету. Пәнді оқу барысында білімгерлер компанияның сәтті жұмыс істеуі үшін тәуекелдердің ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың әртүрлі түрлерін басқарудың экономикалық негіздерін зерттеуге дағдыларын қалыптастырады. Тәуекел жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістемесін негіздеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқару шешімдерін қабылдау

    Пән білімгерлерді басқару шешімдерін қабылдау технологиясының теориялық және әдіснамалық негіздері бойынша фундаментальды ғылыми білімін қалыптастыруға, басқару шешімдер және жауапкершілік ұғымдарын дамытуға үйрету. Пәнді оқу барысында білімгерлер ішкі ортаның белгісіздік жағдайында қабылданатын басқарушылық шешімнің сапасын қамтамасыз ету әдістерін зерделеу дағдыларын қалыптастырады. Бұл ұғымдар негізінде әлеуметтік жүйедегі шешімнің мәні мен мазмұнын сапалы, тиімді және оңтайлы шешімдер қабылдаудың әдістерін үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Адам ресурстарын басқару

    Курс адам ресурстарын басқаруда стратегиялық жоспарлау, жұмысқа қабылдау мен іріктеу, қызметкерлерді бағалау мен дамыту, мотивация және өнімділікті басқара бағыттарын қарастырады. Ұйымдастырушылық мәдениеттің, коммуникацияның және жанжалдарды шешудің негіздері зерттеледі. Білім алушылар рекрутинг, оқыту және персоналды дамыту, команда құру және ұйымдағы өзгерістерді басқару бойынша практикалық дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Сандық өнімді басқару

    Курс мазмұны технологиялық трендтерден, жаңа бизнес-модельдерден, деректерге негізделген басқарудан тұрады. Ұйымдық құрылымды қажетті трансформациялауға, сандық өнімдерді әзірлеуге, заманауи тұжырымдамалар мен құралдарды қолдануға дейінгі сандық бизнес негіздерінің кешенді пайымын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Ұйымда сандық өнімдерді басқарудың негізгі дағдыларын игеруге, сондай-ақ өнім аналитикасы мен өнімді жобалау және іске қосуға бағытталады. Білім алушылар, мақсатты аудиторияның қажеттіліктерін анықтай отырып, сандық өнім тұжырымдамасын әзірлеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бренд менеджмент

    Пән білімгерлерді болашақта бәсекеге қабілетті болуға көмектесетін брендтерді құру және басқару қызметіне кәсіби көзқарасын қалыптастыруға үйретеді. Пәнді оқу барысында білімгерлер брендинг саласындағы ұғымдарды, терминдер мен тұжырымдамаларды игеру арқылы кәсіби қарым-қатынас тілін қалыптастыруға дағдыланады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы бренд-менеджменттің рөлі мен орнын, қорғауға қабілетті сауда белгілерін, олардың орналасуы мен имиджін анықтауды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Стратегиялық менеджмент

    Пәннің мақсаты стратегиялық менеджменттің қазіргі заманғы бағыттарының теориялық және тәжірибелік негіздерін үйрету, сонымен қатар қазіргі стратегиялық менеджменттің әдістерін игеруге ықпал ету, стратегиялық әрекеттерді қалыптастыру, фирма үшін стратегиялық позицияларды талдау, талдаудың құралдарын меңгеру болып табылады. Сонымен қатар, стратегиялық менеджмент құралдарының жаңа кластары, технологиялық дамудың және бәсекелестіктің тиімді факторларына көңіл бөлінеді. Стратегияны қалыптастыруда ұйымның әлеуметтік жауапкершілігін түсіну және қоғамдық күштердің әсері ескеріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инвестициялық менеджмент

    Пән білімгерлерді қабылданатын ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдердің шарттары мен салдарларын бағалау көзқарасын қалыптастыруға үйретеді. Пәнді оқу барысында білімгерлер инвестициялау мен қаржыландырудың әртүрлі жағдайларында инвестициялық жобаларды бағалау қабілетін қалыптастыруға дағдыланады. Нарықтық ақпаратты талдау, мақсат қою және тұрақсыздық жағдайында Инвестициялық шешімдер мен компанияның құнын өсіруге мемлекеттік реттеу органдарының шешімдер қабылдауының негізгі уәждері мен тетіктерін анықтауды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Логистикалық менеджмент

    Пән білімгерлерді логистиканың тұжырымдамалары мен құралдарын, өндірісті ұйымдастырудың, қызмет көрсетудің, компания қызметін жоспарлаудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерделеуді қамтиды. Халықаралық операциялары бар заманауи компанияларда логистиканы басқаруды терең зерттейді. Пәнді оқу барысында білімгерлер қоймаларда тауарларды қабылдау, өңдеу, сақтау және жөнелту бизнес-процестерді оңтайландыру, қойма шаруашылығын ұйымдастыру ережелері, тауармен жұмыс істеу рәсімдері, логистикалық процестерді ақпараттық-техникалық қолдау сияқты мәселелерді қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Корпоративті басқару

    Курс корпоративтік басқарудың негізгі принциптері мен тәжірибелерін қарастырады. Білім алушылар корпоративтік басқару құрылымдарын, акционерлердің, директорлардың және менеджерлердің рөлдері мен міндеттерін зерттейді. Сондай-ақ шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау және компания қызметін бақылау процестерін зерттейді. Курс сонымен қатар корпоративтік этика, тұрақты даму және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударады. Студенттер корпоративтік басқару саласында практикалық дағдыларға ие болады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заманауи стратегиялық талдау

    Пән білімгерлерде стратегиялық мүмкіндіктерді зерттеудің әдістері мен құралдары туралы кешенді түсінік қалыптастыруға үйретеді. Сондай-ақ зерттеу жүргізу кезінде қажетті логикалық ойлауға, сыртқы және сыртқы процестерге жүйелі көзқарасты қалыптастыруға, аналитикалық құралдарды қолдануға дағдыланады. Пәнді оқу барысында білімгерлер корпоративтік стратегияны әзірлеу мүмкіндігін және стратегиялық талдау әдістерін меңгереді. Нарықтық факторлар мен салалық тенденцияларды талдау негізінде кәсіпорынның дамуын жолдарын анықтайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Маркетингтік стратегиялар

    Пән аясында кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын жасау бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдылары қалыптастырылады, нарықты игеруге және қажетті пайда алуға бағытталған стратегияларды құру үшін халықаралық және отандық компаниялар қолданатын маркетингтің негізгі құралдары таныстырылады. Білімалушы нарықтық ақпаратты талдау әдістерін қолдану және ұйымның маркетингтік стратегиясын әзірлеу, ішкі және сыртқы ортаның ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымның нарықтық стратегиясын таңдай алу туралы білімін көрсетеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тайм-менеджмент

    Курс барысында басқару және ұйымдастыру кезінде уақыт шығынын азайту мен үнемдеуге байланысты әдіс және тәсілдер, уақытты тиімді ұйымдастырудың негізгі заңдылықтарын көрсетіп беру, қазіргі таңдағы уақытты басқару әдістері мен ұстанымдары, уақытты басқаруды ұйымдастыру, уақытты басқарудың жоспарын жасау сатылары, уақытты басқарудың күнтізбелік жоспарын жасауға әрекет етеді. Сонымен қатар заманауи сипаттағы кәсіби-менеджер дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сапа менеджменті

    Пәннің мақсаты сапа менеджменті түсінігі және оның қазіргі заманғы бағыттарының теориялық және тәжірибелік негіздерін үйрету, жаппай сапа менеджменті (TQM) және оны енгізудің модульдік жүйесін, сонымен қатар TQM жүйесі ерекшеліктері мен принциптерін түсіндіру, ISO сериялы халықаралық сапа жүйесінің стандарттарын түсіндіру және кәсіпорынның сапа жүйесін сертификаттауға дайындау. Сапа менеджменті жүйесін енгізу және жүргізу процедуралары бойынша дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық менеджмент

    Курс жаһандық контексте басқару стратегиялары мен әдістерін қарастырады. Халықаралық бизнес операцияларының негіздері, халықаралық маркетингтік стратегиялар, жаһандық персоналды басқару және мәдениетаралық өзара іс-қимыл зерттеледі. Сонымен қатар курс халықаралық қаржыны, жаһандық сауда келісімдерін және компаниялардың сыртқы позициялау стратегияларын қамтиды. Білім алушылар халықаралық ортаны талдау және жаһандық бизнесте табысты басқару үшін стратегиялық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Дағдарысқа қарсы менеджмент

    Пән шеңберінде дағдарысты басқарудың негізгі теориялық және практикалық дағдыларын, сондай-ақ негізгі категориялары, ұғымдары, терминдерді және оларды жіктеуді үйренеді, кәсіпорын банкроттығын дербес талдауға және диагностикалауға, дағдарысты басқарудың шетелдік тәжірибесін қолдануға, ұйымның дағдарысқа қарсы стратегиясын әзірлеуге дағдыланады. Білім алушылар дағдарысты басқару саласында қойылған экономикалық міндеттерді шешу үшін қажетті деректерді жинау, талдау және өңдеуді жүзеге асыру туралы жүйелі білімді көрсетеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Маркетингті басқару

    Курс барысында маркетингті басқаруда стратегиялық жоспарлау, өнімді жылжыту, баға белгілеу, нарықты зерттеу және маркетингтік стратегияларды әзірлеу бағыттаттары қарастырылады. Студенттер мақсатты аудиторияны анықтауды, бәсекелестерді талдауды, цифрлық маркетинг құралдарын пайдалануды және маркетингтік науқандардың тиімділігін өлшеуді үйренеді. Курс студенттерге маркетингтік жоспарлар құруға және кәсіби қызметте маркетингтік шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін практикалық дағдыларды үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Ұйымдағы өзгерістерді басқару

    Курс ұйымдық өзгерістерді басқару саласындағы білімді, дағдыны және іскерлікті үйретеді. Ұйымдастырушылық өзгерістер, оның теориялық саласы ретінде басқарушылық білімнің негіздері мен кәсіби практиканың формалары туралы жүйелі түсініктерді, ұйымдық өзгерістерді баскарудағы көшбасшылықты, бизнес үдерістерді реструктуризациялау мен реинжинирингілеуді, корпоративті мәдениеттегі өзгерістерді үйретеді. Білім алушылардың ұйымдық өзгерістерді басқарудың технологиялық мәдениетін, ондағы қызметтің тиімділігін арттыру жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, инклюзивті қағидаттарды ескере отырып, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнату
  • Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу негіздерін меңгереді, академиялық адалдық принциптерін негізге ала отырып жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданады.
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтау
  • Экономикалық және әлеуметтік процестерді талдауда математикалық моделдеу, статистикалық деректерді өңдеу, ұйымның қаржылық операцияларын есепке алу әдістері мен құралдарын қолдана отырып талдаушылық функцияны жүзеге асыру
  • Тұтынушылармен өзара қарым қатынас процесін тиімді жүзеге асыруда маркетингтік құралдарды қолдана отырып, әлеуметтік ортада басқарушылық шешімдерді қабылдау
  • Қаржылық шығындардан қорғану шараларын қарастыруда дағдарысқа қарсы басқарудың заманауи әдістерін қолдана отырып, компанияның бизнес іс-әрекетін ұйымдастыру мен басқаруға қабілетті
  • Компанияның жобалық жұмысын орындауда тәуекелді басқарудың сандық және сапалық әдістерін қолдана отырып ұйым қызметінің сапасын бағалауды орындау
  • Өндірістің нақты мақсаттарын шешуде коммуникация, еңбекті ынталандыру, сапа менеджмент жүйесін қалыптастыра отырып, ұйымның бизнес-процесін іске асыру
  • Заманауи HR технологияларын, уақытты басқару құралдарын, топтық қарым-қатынасты және үлкен деректерді талдауды қолдана отырып, корпоративтік мәдениетті құруда ұйымдастырушылық қабілеттерді қалыптастыру
  • Бизнесте негізделген шешімдер қабылдау үшін компаниялардың нарықтық позицияларын талдау негізінде электрондық коммерцияны корпоративтік стратегияға интеграциялау бойынша ұйымдастыру жұмысын құрылымдауды жүзеге асыру
  • Халықаралық нарықта қаржылық және инвестициялық басқарудың аналитикалық әдістерін және компанияның логистикалық қызметі тиімділігін бағалау тәсілдерін қолдана отырып ұйымның инновациялық стратегиясын әзірлеу
Top