Жаңа білім беру бағдарламасы

8D01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Оқыту нәтижелері

  • мектепке дейінгі білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды, халықаралық және отандық стандарттарды пайдаланады;
  • ҚР-да педагогикалық білім беру жүйесіне байланысты ғылыми-педагогикалық қызмет стратегиясын өз бетінше талдайды және анықтайды;
  • мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын талдайды және салыстырады, оның әдістемесі мен технологиясын жинақтайды және талқылайды;
  • қазіргі мектепке дейінгі білім беру мәселелерін ұлттық және халықаралық деңгейлерде көтерілуге өз үлесін қосады;
  • мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің (студенттер, магистранттар мен докторанттар) біліктілігін арттыру семинарларын, конференцияларын және курстарды жоспарлайды және ұйымдастырады;
  • кәсіби және академиялық ортада мектепке дейінгі білім беру мәселелерін талқылайды, қорытындылайды, ынталандырады және басқаларды сендіре алады;
  • мектепке дейінгі ұйым педагогтерін жаңарған мазмұнда оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ескере отырып, жаңа курстар әзірлейді;
  • жоғары білімнің жаһандануы мен интернационализациясы жағдайында ҚР және әлемдегі педагогикалық ғылымның дамуының қазіргі тенденциялары, бағыттары мен заңдылықтары туралы білімді игереді және қолданады;
  • мектепке дейінгі білім беру саласындағы халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б.) педагогикалық тұжырымдамалары мен білім беру стратегияларын талдайды;
  • философиялық, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық ғылымның негізгі жетістіктері, қазіргі заманғы проблемалар мен даму үрдістері туралы білімді көрсетеді және салыстырады;
  • мектепке дейінгі білім беру жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдерді дайындау бойынша қызметті жобалау. докторант мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесінің сапасын бақылау және бағалау процесін ұйымдастыруға қабілетті.
Top