Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01906 Арнайы педагогика: Инклюзивті білім беру в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бәсекеге қабілетті білім беру ортасындағы жоғары академиялық стандарттарға сәйкес білімі бар, азаматтық ұстанымы бар, заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінде педагогикалық, ғылыми-зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыратын магистрлерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M021 Арнайы педагогика
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M019 Арнайы педагогика
Пәндер
-
1 Оқу жылы
ЖОО арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы
Шет тілі (кәсіби)
Ғылым тарихы мен философиясы
Арнайы педагогика әдіснамасы және ғылыми зерттеу әдістері
Инклюзивті білім беру жүйесіндегі тиімді білім беру технологиялары
Инклюзивті білім беру жүйесінде ЕББҚ психологиялық-педагогикалық диагностикалау
Инклюзивті білім беру жүйесінде ЕББҚ психологиялық-педагогикалық диагностикалау
ЕББҚЕ тұлғалар үшін әлеуметтік-педагогикалық алдын алу
Инклюзивті білім беру жағдайында ЕББҚ бааларды оқыту мен тәрбиелеу
Инклюзивті білім беру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Инклюзивті білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау
Салыстырмалы арнайы педагогика
ЕББҚ бар балалардың білім алуын және дамуын ұйымдастыру
-
2 Оқу жылы
Арнайы білімдегі Менеджмент
ЕОҚ бар баланың жеке білім беру бағытын жобалау
Академиялық жазылым
Инклюзивті білім беру жүйесінде білім сапасын басқару
Инклюзивті білім беру жүйесінде ЕББҚБ оңалту және әлеуметтік бейімдеу
Арнайы педагогикадағы зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау
Арнайы педагогика мен психологиядағы математикалық статистика әдістері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Теориялық және әдіснамалық талдау дағдыларын меңгереді, болжау және жоспарлау әдістерін практикада қолдана біледі, сондай-ақ білім беру, зерттеу және практикалық міндеттерді шешу үшін кәсіби және пәнаралық білімді синтездей біледі; жоғары білімнің қазіргі жағдайына әсер ететін стратегиялық сыртқы және ішкі факторларды сыни тұрғыдан бағалау және жаңа идеяларды қалыптастыру қабілетіне ие бола алады;
- Орта және жоғары білім берудің әлемдік тенденциялары мен даму стратегияларын ескере отырып, ұлттық және халықаралық деңгейдегі жарияланымдар арқылы ғылым мен білім берудегі білім шекараларын кеңейтуге өзіндік зерттеулерімен үлес қосады, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды / шығармашылық жобаларды орындауға қатысады;
- Зерттеу дағдыларын диагностикалауды жүргізеді, білім алушылардың ғылыми-зерттеу/ғылыми-шығармашылық қызметі мен жариялау белсенділігін дамыту және қолдау стратегияларын қолданады; ақпаратты әр түрлі көздерден талдау, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде тиісті тұжырымдарды дұрыс тұжырымдау және академиялық жазу дағдыларын қолданады;
- Өзінің ғылыми зерттеу процесін жобалауға, бейімдеуге және енгізуге қабілетті; өзін адамгершілік бағыттағы педагог-менеджер, әдіскер, сарапшы ретінде көрсетеді; білім беру саласындағы бизнес-процестерді басқару дағдыларын меңгереді;
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға білім беру саласындағы қазіргі заманғы ғылыми парадигманы білу мен түсінуді көрсетеді, оның даму перспективалары мен жағдайларын болжайды;
- Білім алушылардың әртүрлі санаттарына қатысты қарқынды дамып келе жатқан білім беру жүйесіндегі кәсіби міндеттерді шешеді, білім алушылардың жас, типологиялық және жеке ерекшеліктерін, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктерін ескереді;
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағдарламаларын жобалайды және іске асырады, білім алушыларды оқытуды, дамытуды, тәрбиелеуді дараландыру үшін қажетті кәсіби қызметте тиімді психологиялық-педагогикалық, оның ішінде инклюзивті технологияларды қолданады;
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардыңоқу-тәрбие процесін және әртүрлі институционалдық жағдайларда білім беру қатынастарына қатысушылардың өзара әрекетін ұйымдастырады;
- Арнайы әдістемелер мен заманауи білім беру технологиялары ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін бейімделген білім беру бағдарламаларын, жеке білім беру бағыттарын әзірлейді және енгізеді, диагностикалық әдістерді және білім алушылардың білім нәтижелерін бағалауды қолданады;
- Заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып, инклюзия саласында ғылыми зерттеулерді жобалайды және жүргізеді;қазіргі жоғары білім беру педагогикасының педагогикалық теориясы мен әдістемесі саласындағы білімдер жүйесі және оқыту мен тәрбиелеудің сәйкес технологиялары мен әдістері негізінде педагогикалық процесті жоспарлайды және жүзеге асырады;
- Білім беру ұйымдарымен, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарымен, шетелдік серіктестермен ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқытудың, кәсібилендірудің және әлеуметтік бейімделудің өзекті мәселелерін шешуде өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
- Кәсіби және жеке өзін-өзі тәрбиелеуді жоспарлайды, одан әрі білім беру бағыты мен кәсіби мансабын жобалайды.