Инновациялық білім беру бағдарламасы

7M02330 Цифрлық лингвистика және мәдениетаралық коммуникация в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Лингводидактикалық заңдылықтардың жалпы ережелері мен педагогика мен лингвистиканың өзекті әдістемелік және философиялық мәселелерін түсінуді көрсету;
  • Мәдениетаралық және пәнаралық байланыс аспектісінде білім мен ғылымның, теориялық және қолданбалы лингвистиканың заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін талдай білу;
  • Қазіргі заманғы шет тілін оқытудың инновациялық платформаларының мазмұнын ұйымдастыру, зерттеу нәтижелерін бере отырып, ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметті жоспарлау және ұйымдастыру (Top 5 soft skills);
  • Кәсіби мәселелерді шешу кезінде автоматты және компьютерлік аударманы (электрондық онлайн сөздіктер) орындай отырып, аударматану және есептеу лингвистикасында цифрлық технологияларды және жасанды интеллектті пайдалану;
  • Білім және ғылым саласындағы заманауи ғылыми-теориялық көзқарастар, философиялық мәселелер, лингвистикалық теориялар мен мәдениетаралық коммуникациялар, ғылыми-теориялық дүниетанымдар туралы білімдерін кіріктіре отырып, кәсіби мәселелерді өз бетінше шешу (Top 10 Hard skills: 1,2,3);
  • Шет тілінде коммуникативті дағдылардың кәсіби деңгейін көрсете отырып, сыни тұрғыдан ойлау және генеологиялық тұрғыдан туыс емес тілдерді салыстыру арқылы техникалық және ғылыми мәтіндерге металлингвистикалық және аудармалық талдау жүргізу (CEFR бойынша С2); зерттелетін дискурс түрлеріндегі мәтіндердің жанрлық түрінің стильдік параметрлерін ранжирлеу;
  • Басқару тұрғысынан іргелі психологиялық тұжырымдамаларды пайдалана отырып, қарым-қатынас жағдайларын шешу, кәсіби және жеке әлеуетті дамыту үшін арнайы және іргелі білімдерді қолдану (Top 5 soft skills);
  • Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, тіл білімі саласындағы теориялық білімге және шет тілін оқыту әдістемесіне негізделген лингвистикалық зерттеу әдістерін ұсыну.
Top