Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B07102 Автоматтандыру және басқару в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Басқару теориясы бойынша іргелі білімі бар, техникалық жүйелерді және технологиялық үрдістерді автоматтандырудың заманауи бағыттары туралы түсінігі бар, ғылыми, тәжірибелік және өндірістік қызметте өз білімін қолдана алатын бакалаврларды дайындау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B063 Электр техникасы және автоматтандыру
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Математика 1
Физика
Математика 2
-
2 Оқу жылы
Алгоритмдеу және программалау
Қолданбалы ақпарат теориясы
Инженерлік есептеулер бағдарламасы
Инженерлік және компьютерлік графика
Электротехниканың теориялық негіздері
Теориялық механика
Жүйелер теориясының математикалық негіздері
Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі
Басқару жүйелерінде стандарттау және сертификаттау
Кәсіпкерлік және бизнес
Желілік технологиялары
Заманауи қоғамдағы инклюзивті мәдениет
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Ғылыми зерттеу негіздері
Қаржылық сауаттылық негіздері
Метрология және өлшеулер
Автоматика элементтері мен құрылғылары
-
3 Оқу жылы
Сызықтық автоматты басқару жүйелерінің теориясы
Цифрлық электроника
Өнеркәсіптік автоматтандыру
Электр машиналары
Пневмоавтоматика
Мехатроника
Автоматтандыру жүйелерін жобалау
Контроллерді бағдарламалау
Цифрлық схемотехника
Автоматтандырылған 3D жобалау, модельдеу және прототиптеу
Басқару объектілерін идентификациялау
Бейсызықты автоматтандырылған басқару жүйелерінің теориясы
Басқару жүйелерін ақпараттық қолдау
Автоматтандырылған электржетегі
-
4 Оқу жылы
Басқару жүйелерін модельдеу және жобалау
Басқару жүйелеріндегі айқын емес жүйелер мен нейрондық желілер
Оңтайлы және адаптивті басқару жүйесі
Таратылған және кіріктірілген ақпараттық-басқару жүйелері
Мұнай-газ саласындағы технологиялық үдерістерді автоматтандыру
Fимараттардың инженерлік жүйелерін автоматтандыру
SCADA- жүйелер
Басқару жүйелеріндегі микропроцессорлар
Автоматтандырылған басқару жүйелерін жобалаудың компьютерлік технологиясы
Типтік технологиялық процестерді автоматтандыру
Электр энергияны есепке алу және бакылаудың автоматтандырылған жүйесі
Өндірістік желілер
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау
- Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану; тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу; қаржылық тәуекелдердің, дағдарыстардың әсерін бағалау негізінде қаржы өнімдері мен инвестициялау құралдарын, қаржы заңдары мен ережелерін, цифрлық және қаржылық технологияларды қолдану негізінде ұтымды қаржылық мінез-құлыққа кепілдік беретін заманауи қаржы құралдарын пайдалану
- Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі
- Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу
- Құқықтық сананың жеткілікті деңгейіне ие болу, әлеуметтік теңдік қағидаттарына негізделген мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын сақтай отырып кәсіби міндеттерді орындау
- Математикадағы іргелі аппаратты, теориялық механиканың, электр энергиясының, тербеліс теориясының өзіндік модельдерді құрастыру, процестердің маңызды параметрлері мен сипаттамаларын сипаттау, сандық әдістерді қолдана отырып инженерлік жүйелердегі процестер мен объектілерді талдау үшін қолдану
- Инженерлік тапсырмаларды шешуге арналған есептеулерді жүргізу үшін электротехника, мехатроника және өлшеу әдістері негіздерін тәжірибеде қолдану, конструкторлық құжаттаманы орындау және ресімдеу
- Кәсіби қызмет саласында қолданылатын ақпаратты компьютерлік жинау, сақтау, қорғау және өңдеу дағдыларын меңгеру; жергілікті желінің жұмысын бақылау, серверлерді, маршрутизаторларды, қосқыштарды, үздіксіз қуат көздерін басқару, құрылғы мен тораптардың жұмысын, АБЖ жабдықтарының электрондық элементтерінің параметрлері мен сенімділігін бақылау
- Математикалық аппаратты қолдану, деректер қорын пайдалану және жобалаумен басқару жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпараттық сүйемелдеуді әзірлеу және енгізу
- Басқару жүйелерінің жобалау іргелі принциптерін, басқару теориясын дамытудағы қазіргі заманғы үрдістерін ,басқару жүйесін құрудың фундаменталды принциптерін, басқару теориясының қазіргі даму тенденцияларын қолдану, басқару объектілерін математикалық сипаттау және сәйкестендіру дағдыларын игеру
- Қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеу кезінде бағдарламалық-техникалық құралдарды таңдау, алгоритмдеу, бағдарламалау, жобалау және пайдалану, қорғау және автоматика құрылғыларының схемалары мен элементтерін есептеу, өлшеу түрлерін тексерудің жергілікті схемаларын әзірлеу, өлшеу құралдарын калибрлеу кезеңділігін анықтау, жабдықтың параметрлерін өлшеу үшін техникалық құралдарды қолдану, басқару және құралды бөлшектеу арқылы авторегуляцияны бақылау
- Басқару жүйелерінің нысаны ретінде технологиялық үдерістер мен техникалық жүйелерге талдау;өндірістерді және техникалық жүйелерді автоматтандыру үшін қазіргі заманғы бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалану, тиімділікті арттыру үшін автоматтандырылуы мүмкін қолданыстағы басқару жүйесінің элементтерін өңдеудің әртүрлі мүмкіндіктерін талдау, автоматтандыру бойынша техникалық құжаттаманы әзірлеу және жобалау, қажетті деректерді дайындау және автоматтандырылған басқару жүйелерін жобалау үшін техникалық шарттарды әзірлеуге қатысу, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесінде қолданылатын техникалық, ұйымдастырушылық және әкімшілік құжаттаманың мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптарды қалыптастыру.