Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M04205 Жеке құқық в ҚарУ Е.А.Бөкетов
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Цивилистика ғылымының теориялық негіздерін және құқық қолдану тәжірибесінің мәселелерін тереңдете зерделеу негізінде тең субъектілер арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін жеке құқық саласында теориялық және тәжірибелік білімдерінің жоғары деңгейі бар, қажетті кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үшін осы білімді кейіннен тәжірибелік қызметте, жеке құқық саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінде, сондай-ақ құқықтану саласындағы педагогикалық қызметте табысты қолдану үшін магистрлерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M078 Құқық
-
Білім беру саласы 7M04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 7M042 Құқық
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Азаматтық-құқықтық пәндерді оқыту әдістемесі
Шет тілі (кәсіби)
Басқару психологиясы
Жеке құқықтық қатынастар субъектілері арасындағы татуластыру рәсімдері
Жоғары мектептің педагогикасы
Жеке құқықты оқыту әдістемесі
Ғылым тарихы мен философиясы
Азаматтық істердің жекелеген санаттарын қараудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы отбасылық құқықтың даму тенденциялары
Азаматтық заңнаманы қолдану теориясы мен тәжірибесі
Құқықтағы кәсіби шетел терминологиясы
Құқықтағы заңдық техника
Халықаралық жеке құқықтың өзекті мәселелері
-
2 Оқу жылы
Корпоративтік құқықтың өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті құқықтық реттеу
Заңдық құжаттарды әзірлеудегі жасанды интеллект пен автоматтандыру
Қазақстан Республикасында тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру
Жосықсыз бәсекелестікке қарсы күрестің құқықтық мәселелері
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау
Электронды саудаға қатысушыларының құқықтарын қорғау
Қазақстан Республикасының көлік құқығы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік құқықтың даму тенденциялары
Қазақстан Республикасы мұрагерлік құқығының теориясы мен практикасы
Интеллектуалдық меншік құқығы: теория және тәжірибе
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Азаматтық-құқықтық шарттарға сараптама әзірлейді және жүргізеді, азаматтық-құқықтық қатынастар саласындағы құқықтық мәселелер бойынша кәсіби кеңес береді, нақты азаматтық істер бойынша ауызша және жазбаша білікті заң қорытындылар мен кеңестер береді.
- Авторлық құқықты, патенттік құқықты қорғау саласында интеллектуалдық меншік саласындағы теориялық білімді қолданады және ғылыми қызмет нәтижелерін ойдағыдай коммерциаландырады.
- Жеке құқық саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде цивилистика ғылымының негіздері және құқық қолдану тәжірибесінің мәселелері туралы теориялық білімді қолданады.
- Деректерді, ақпаратты және сандық контентті талдайды, түсіндіреді және сыни бағалайды.
- Даулы жағдайда ақыл-ой мен шығармашылық ойлауын көрсетеді, топ мүшелерімен ынтымақтастық орнатады, клиентке бағытталған іскерлікке, байланысқа бейімді болады.
- Кәсіби және ғылыми қызмет саласында шет тілін білуін көрсетеді, жоғары белгісіздік және міндеттер жағдайларын жылдам өзгерту режиміндегі жұмысты көрсетеді.
- Әр түрлі теориялық тұжырымдамаларды, нормативтік-құқықтық актілерді, жеке құқық саласындағы сот тәжірибесін талдайды, жинайды, салыстырады және қорытынды жасайды.
- Жүйелі ойлау арқылы мәселелерді анықтайды және оларды шешудің жолдарын табады, тұтынушылардың сұраныстарымен жұмыс жасауда дауларды шешудің нұсқаларын түсіндіреді және ұсынады.
- Нақты құқықтық нормаларды іске асыру процесінде құқықтық нормалардың мәнін кәсіби түрде түсіндіреді, оқу сабақтарын өткізеді, ғылыми қызметті жүзеге асыру процесінде құқықтық нормаларға түсінік береді, ғылыми таным нәтижелерін қорытындылайды.
- Білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі білім беру процесінің ерекшеліктерін анықтайды, педагогиканың өзекті бағыттары бойынша жаңа ғылыми жобалардың құрылымы мен мазмұнын әзірлейді, замануи қоғамның даму тенденцияларын талдау үшін әртүрлі философиялық әдістерді таңдайды.
- Азаматтық сот ісін жүргізуде азаматтық істердің жекелеген санаттарын қарау кезінде материалдық және іс жүргізу құқығының нормаларын білікті қолданады, татуластыру рәсімдері арқылы тараптардың татуласуын ұсынады.