Жаңа білім беру бағдарламасы

6B05314 Химия в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Аналитикалық зерттеулерді визуализациялау, жобалау және шешу, сондай-ақ химиялық қосылыстар мен олардың қоспаларын сандық анықтау үшін талдау әдістерін әзірлеу практикалық қызметке ендіру үшін қолданбалы цифрлық технологияларды пайдалана отырып, графикалық материалдарды жасайды және өңдейді.
  • Математиканың, физиканың, химияның іргелі заңдары туралы білімді, инклюзивті білім беру принциптері, химиялық эксперименттердің, бақылаулар мен өлшемдердің нәтижелерін жүйелеу, талдау, түсіндіру кезінде қолдану.
  • Деректерді жинау, өңдеу және талдау, сонымен қатар кәсіби қызметтегі қолданбалы мәселелерді шешумақсатында жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізеді, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру идеяларын тұжырымдау және негіздеу кезінде академиялық мәтіндерді сауатты пішімдейді. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың барлық талаптарын сақтай отырып, қызмет пен технологиялық қызмет өнімдерінің, ғылыми жаңалықтардың қоршаған ортаға әсерін ескереді.
  • Химиялық эксперимент жүргізу, соның ішінде синтез, талдау, заттар мен материалдардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеу, сериялық ғылыми жабдықты қолдана отырып, процестерді зерттеу.
  • Катализдік процестердің теориялық негіздері, әртүрлі өндірістік процестердегі катализаторлардың негізгі түрлері туралы білімдерін көрсету. Практикалық тапсырмаларды шешу үшін катализаторларды қолдану мүмкіндіктерін бағалау.
  • Органикалық қосылыстар мен полимерлердің қасиеттері мен құрылымы, химиялық реакциялардың механизмі, сонымен қатар қазіргі заманғы зерттеу әдістерін қолдана отырып органикалық синтез және органикалық заттар мен полимерлерді идентификациялау әдістерін қолдана білу.
  • Құқықтық және экономикалық білімді пайдалана отырып бизнесте және күнделікті өмірде сауатты шешімдер қабылдау мақсатында, негізделген қаржылық шешімдер қабылдау, жеке және корпоративтік қаржыны тиімді басқару
  • Нанохимия мен нанотехнологияның даму мәселелері мен перспективалары, нанобөлшектерді және наноматериалдарды синтездеу әдістерінің негіздері туралы білімдерін көрсету. Наноматериалдар мен наноқұрылымдарды өлшеу және зерттеу әдістерін таңдау.
  • Химиялық өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігіне қол жеткізу мақсатында технологиялық процестерді таңдауда есептеу-теориялық әдістерді қолдану.
  • Молекулярлық және жасушалық биология әдістерін қолдана отырып, биологиялық жүйелердің ерекшеліктері және оларды зерттеу әдістері туралы түсінікке ие болу, сонымен қатар ЖМҚ құрамы мен құрылымын және оларды әртүрлі өндірістерде практикалық қолдануды көрсету.
  • Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы ықтимал тәуекелдерді азайту жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік талаптарға сәйкес кәсіби қызметте экологиялық қауіпсіз және тұрақты тәжірибені енгізу.
  • Полимерлер химиясының теориялық негіздерін, жіктелуі мен синтезінің негізгі әдістерін, полимерлердің құрылысы мен қасиеттерін зерттеу туралы білімдерін көрсету.
Top