Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B07550 Метрология (сала бойынша) в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Метрология және өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету саласында, өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған, өлшеу құралдарын калибрлеу, қателікті бағалау және өлшеудің талап етілетін дәлдігіне қол жеткізу тәсілдері саласында практикалық дағдыларға ие бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B076 Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Мамандыққа кіріспе
Өлшеудің жалпы теориясы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Ғылыми зерттелеудің негіздері
Метрология негіздері
Қаржылық сауаттылық негіздері
Қолданбалы метрология
Кәсіпкерлік және бизнес
Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі
Замануи қоғамдағы инклюзивті мәдениет
-
2 Оқу жылы
Шама бірліктерінің эталондары
Физика
Жоғары математика
Стандарттау және сертификаттау
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
Мемлекеттік метрологиялық бақылау
Механикалық шамаларды өлшеу әдістері мен құралдары
Ақпараттық-өлшеу техникасы
Заңнамалық метрология
Өзара ауысымдылық негіздері
Физика-химиялық және оптикалық өлшеу әдістері мен құралдары
-
3 Оқу жылы
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету
Электр шамаларын өлшеу әдістері мен құралдары
Метрологиялық сенімділік және тексеру аралық
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері
Сапа инфрақұрылымы
Өлшемдерді орындау әдістемелері
Массаны, тығыздықты және тұтқырлықты өлшеу әдістері мен құралдары
Роботталған метрология
Өлшеу нәтижелерін өңдеу
Өлшем белгісіздігі
Өлшеу әдістемелерін аттестаттау
Өлшем бірлігі және метрологиялық қадағалануы
Өлшеу құралдарын сынау және метрологиялық аттестаттау
Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу
-
4 Оқу жылы
Материалтану
Нормативтік құжаттаманың метрологиялық сараптамасы
Геометриялық шамаларды өлшеу және бақылау әдістері мен құралдары
Конструкторлық құжаттаманы метрологиялық бақылау
Термофизикалық өлшеу әдістері мен құралдары
Өлшеу құралдары мен метрологиялық қызметтерді сертификаттау
Метрологияны бағдарламалық қамтамасыз ету
Сынақ жабдықтарын аттестаттау
Метрология, сапа және бағдарламалық қамтамасыз етуді сертификаттау
Конструкциялық материалдар технологиясы
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеу
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау
- Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу
- Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу
- Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау. Инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау
- Өлшеу нәтижелерін өңдеудің ақпараттық-коммуникациялық технологияларының әртүрлі тәсілдерін қолдану, өлшеулерді орындау әдістемелерін әзірлеу үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, бағдарламалық құралдарды қолдану.
- ҚР конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық құқық саласындағы нормативтік-құқықтық актілер негізінде философиялық, рухани, тарихи және құқықтық ойлау негіздерін, сыни ойлау, ұйымдағы адамдардың мінез-құлқын басқару, іскерлік қарым-қатынас және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру, экономика, қаржы және құқық саласындағы құралдарды практикада қолдану дағдылары
- Метрология және өлшеу техникасының негіздерін меңгеру, өлшеу құралдарын бақылаудың процедуралары мен әдістерін әзірлеу; заңнамалық метрология мәселелерін талдау; өлшеудің дұрыс емес нәтижелерінің теріс салдарын жою тәсілдерін қолдану, өлшеулердің белгісіздігін, қателіктерін есептеуді, калибрлеу аралықтарын, аспаптардың қызмет ету мерзімдерін жүргізу
- Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік және әдістемелік құжаттарын, өлшем нәтижелерін өңдеудің математикалық әдістерін қолдану, өлшем бірлігін қамтамасыз ету ережелерінің, нормаларының сақталуына, ӨҚ, ӨОӘ, стандартты үлгілердің жағдайы мен қолданылуына метрологиялық бақылау жүргізу.
- Эталондық базаны, салыстырып тексеру жабдықтарын, ӨҚ бақылау және жаңартуды, техникалық құжаттаманың метрологиялық сараптамасын жүзеге асыру; ҚР МӨЖ тізілімімен жұмыс істеу, ӨҚ салыстырып тексеру, калибрлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, оның ішінде жасанды интеллект қолдану арқылы, ӨОӘ және сынау жабдығын аттестаттау, зертхананы аккредиттеуге дайындау және жүргізуге қатысу дағдыларын қолдану.
- Өлшеу әдістері мен құралдарын таңдау мәселелерін реттейтін нормативтік және әдістемелік құжаттарды, бақыланатын параметрлердің нақты мәнін анықтау үшін дәл өлшеуді орындау; өлшеу, сынау және бақылау құралдарын, жұмыс эталондарын, стандартты үлгілерді есепке алуды жүзеге асыру, қолданылатын ӨҚ паркіне мониторинг жүргізу; ӨҚ және өлшеу әдістерін жетілдіру, сандық технологияларды қолдана отырып өлшеу процестерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
- Шығарылатын өнімді өндіруді, сынауды және пайдалануды метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау, ӨҚ-ны салыстырып тексеру, калибрлеу, сынау жабдығын аттестаттау кестелерін құру, эталондық базаны, салыстырып тексеру және калибрлеу жабдығын жаңартуды жүзеге асыру, ӨҚ-ны калибрлеу, сынау жабдығын аттестаттау дағдыларын меңгеру, өлшеу жүйелерін салыстырып тексеру, калибрлеу және реттеу үшін жасанды интеллектті қолдану.
- Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жоспарларының орындалуы туралы есептер құру, арнайы мақсаттағы өлшеу құралдарын жобалау мен әзірлеуге техникалық тапсырмаларды дайындауға қатысу, өлшеудің жаңа әдістері мен өлшеу құралдарын енгізудің экономикалық тиімділігін есептеуді жүргізу, сынаулар жүргізу және конструкторлық, технологиялық және пайдалану құжаттамасын құру