Жаңа білім беру бағдарламасы

8D05203 География в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми танымның дамуындағы қазіргі тенденцияларды, географиялық жаһандану процестерінің әлеуметтік-экономикалық салдарын және экономикалық, саяси және мәдени ортаның қазіргі жағдайын талдайды және бағалайды.
  • География саласындағы білімді кәсіби қызметте қолдануға қабілетті; логикалық ойлау тұрғысынан дамыған, ғылыми дереккөздердегі басты және географиялық нысандар арасындағы логикалық өзара байланыстарды ерекшелеуге, сонымен қатар жаңа тұжырымдамалық шешімдерді ұсынуға қабілетті болады;
  • Қолданбалы міндеттерді, оның ішінде әлеуметтік, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің стратегиялық міндеттерін шешу үшін тұрақты дамуды жобалаудың жаратылыстану-ғылыми әдістерін қолдана алады;
  • Географиялық үрдістерді болжау үшін ГАЖ технология көмегімен географиялық ақпаратты өңдеудің заманауи инновациялық әдістерін қолдану дағдыларына ие бола алады;
  • Халықтың және шаруашылықтың кеңістік құрылымдарын қалыптастыру заңдылықтарын талдай алады;
  • Кеңістіктік деректерді жинау, өңдеу, сақтау, талдау және визуализациялау дағдылары мен біліктігін игереді; географиялық процестер мен құбылыстарды зерттеуде жасанды интеллектті тиімді пайдаланады;
  • Тұрақты дамудың экологиялық, әлеуметтік және экономикалық аспектілерінің өзара байланысын ғылыми талдау үшін тұрақты даму контекстінде аймақтық жоспарлау және болжау үшін заманауи зерттеу әдістерін (Big Data, жасанды интеллект) пайдаланады;
  • Жұмыс істей білу және талқылау үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынады және өз көзқарасын дәлелдей біледі.
Top