Жаңа білім беру бағдарламасы

6B04112 Бизнес менеджменті в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби салаларда негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін қоғам мен мемлекет дамуының тарихи, мәдени, философиялық және әлеуметтік-гуманитарлық негіздерін, сондай-ақ экономика, құқық, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық салаларындағы жан-жақты түсінігін көрсетеді
  • Басқарушылық қызмет, маркетингтік зерттеу жүргізу, проблемаларды шешу және логикалық пайымдау дағдыларын қолдана білу; кәсіпорындағы брендтерді басқару бойынша жұмысты жүзеге асыру; экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарын пайдалану.
  • Деректерді жинау, өңдеу және талдау, сонымен қатар кәсіби қызметтегі қолданбалы мәселелерді шешумақсатында жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізеді, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру идеяларын тұжырымдау және негіздеу кезінде академиялық мәтіндерді сауатты пішімдейді
  • Кәсіби мәселелерді визуализациялау, жобалау және шешу, сондай-ақ алынған нәтижелерді практикалық қызметке енжіру үшін қолданбалы цифрлық технологияларды пайдалана отырып, графикалық материалдарды жасайды және өңдейді
  • Статистика негіздерін, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және шаруашылық қызметті талдауды білу. Әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың есептілігіндегі қаржылық, бухгалтерлік және өзге де ақпаратты талдай білу және түсіндіре білу.
  • Басқару қызметінің дағдыларын қолдану, маркетингтік зерттеулер жүргізу, проблемаларды шешу және логикалық пайымдау, ұйымдағы қызметкерлердің мінез-құлқын басқару; кәсіпорынды одан әрі дамыту мақсатында экономикалық есептеулер жүргізу.
  • Жоспарлардың орындалуын және көрсеткіштер динамикасын және салалық нарықтардың даму тиімділігін бағалау. Бизнес-жоспарларды әзірлеу, маркетинг тиімділігін бағалау, кәсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау жүргізу дағдыларын қолдану.
  • Бизнес үдерістерін басқара білу; кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын бағалау; мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының қолданыстағы стратегияларына талдау жүргізу; халықаралық бизнесті ұйымдастырудың қазіргі заманғы технологияларын практикада қолдану, клиенттік базамен жұмыс істей білу.
  • Персоналды басқару; көшбасшылық мінез-құлық және іскерлік коммуникациялар саласында тиімді басқару қызметін жүзеге асыру; ұйымдағы жеке және топтық мінез-құлыққа әсер етудің заманауи технологияларын қолдану; басқарушылық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және іске асыру, дағдыларын меңгеру. Бизнестің инклюзивті этикасы әділеттілік пен теңдікті, қызметкерлерді, клиенттерді, жеткізушілерді және жалпы қоғамды қоса алғанда, барлық мүдделі тараптармен әділ және тең қарым-қатынасты қамтамасыз етуді көздейді.
  • Бизнестегі инновациялардың жіктелуі; инновациялық қызметті айқындайтын факторлар; технологиялық кәсіпкерліктің экономикалық және құқықтық негіздері; Технологиялық кәсіпкерліктің іскерлік ортасын бағалау әдістері; бизнесті цифрлық трансформациялаудың негізгі ұғымдары туралы түсінікке ие болу. Инновациялық жобаларға талдау және бағалау жүргізу; Технологиялық кәсіпкерлікті жоспарлау мен ұйымдастыруды жүзеге асыру; технологиялық кәсіпкерлікті жетілдіру бағыттарын әзірлеу; бизнесті цифрлық трансформациялаудың мүмкіндіктері мен қатерлерін айқындау; цифрлық маркетингтің тиімді стратегияларын құру. Бизнестегі инновациялық жобаларды әзірлеу және басқару дағдыларын көрсету; технологиялық кәсіпкерге қажетті бизнес дағдылары.
  • Сапаны бақылау мен басқарудың тетіктерін, негізгі әдістерін; тәуекелдерді басқару жүйелерін қалыптастырудың заманауи принциптері мен әдістерін; жобаны басқарудың заманауи әдіснамасын пайдалану. Өзгерістерді басқарудың теориялық негіздері туралы түсінікке ие болу; бизнес-зерттеулер мен бизнес-талдауды ұйымдастыру және жүргізу. Жоба стейкхолдерлерінің тәуекелдерін көрсетудің әртүрлі салаларын, мақсаттары мен мүдделерін талдау; ұйымға өзгерістер енгізу әдістерін қолдану. Ұйымдардың қызметінде сапа менеджменті және тәуекелдерді басқару әдістерін қолдану дағдыларын көрсету; жобаларды басқару саласында жоспарлау және бақылау.
Top