Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02311 Филология: қазақ филологиясы в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби салаларда негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін қоғам мен мемлекет дамуының тарихи, мәдени, философиялық және әлеуметтік-гуманитарлық негіздерін, сондай-ақ экономика, құқық, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық салаларындағы жан-жақты түсінігін көрсетеді.
  • Зерттеулерді жоспарлау және жүргізу үшін ғылыми білімді пайдалану, сондай-ақ ғылыми және кәсіби қызметке заманауи технологиялар мен инновацияларды тиімді енгізуге мүмкіндік беретін іргелі және практикалық дағдыларды меңгеру.
  • Лингвистикалық ғылым мен әдебиеттану терминологиясын біледі, тілдік және әдеби процестердің даму заңдылықтарын ажырата алады, әлемдік тарихи-мәдени, тарихи-әдеби тенденцияларды ескере отырып, теориялық лингвистика мен әдебиеттану бағыттарын айқындайды, фонетиканың қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын талдайды.
  • Шешендік сөздерді тиімді құрастырады, кез келген аудиториямен қарым-қатынас орнатады, шешендік өнердің техникаларын пайдаланады, балалар санасын қалаптастыратын, дүниетанымын кеңейтетін көркем шығармаларды талдай отырып, инклюзивтілік жағдайлар туралы шығармаларды сараптайды, инклюзивті әдебиет туралы зерттеу жұмыстарын жасайды, Б.Момышұлының тұлғалық ерекшеліктерін, шығармаларының идеологиялық, эстетикалық мәнін түсінеді, шығыс әдебиетінің қазіргі әдебиетке әсерін ықпалын сараптайды.
  • Қазақ әдебиетінің ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі даму ерекшеліктерін меңгереді, әлемнің әдеби, мәдени мұрасын қарастырады, Жамбыл өңірі ақындары мен жазушыларының, сондай-ақ тәуелсіздік кезеңіндегі әдеби қайраткерлердің көркем шығармаларына негізделген жаңа идеяларды анықтайды, ғылыми мәселелерді бағалап, талдау барысында шығармашылық шешімдер қабылдайды.
  • Әдебиеттанудың теориялық негіздерін ескере отырып, шығармашылық қиял қабілеттілігін көрсетеді, шетел әдебиеті тарихы кезеңдерінің даму ерекшеліктерін салыстырады, әдебиет теориясының негізгі компоненттерін анықтай алу қабілетіне ие болады, әдеби терминдер мен мәтіннің прагматикасын ескере отырып, дереккөздерді зерттейді.
  • Қазақ тілінің морфологиясы мен синтаксисінің құрылымын, даму кезеңдерін және ерекшеліктерін анықтайды, әртүрлі ұйымдастыру кезеңдеріндегі күрделі мәтіндерге талдау жасайды, тіл білімінің іргелі принциптерін ескере отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді, лингвистикалық мәтіндерді құрастыра алатын қабілетке ие болады.
  • Тіл білімінің жаңа бағыттарының іргелі қағидалары мен даму ерекшеліктерін сипаттау, қоғамның әлеуметтік, технологиялық өзгерістерінің тілдің сөздік қоры, қоғамның тілдік санасы мен сөз қолданысына ықпал ету заңдылықтарын түсіну.
  • Қазіргі қазақ тілі терминологиясының ерекшеліктерін талдайды, тілдік қарым-қатынаста және мәтінмен жұмыс істеуде тілдік және стильдік нормаларды сақтайды, кәсіби және гуманитарлық мазмұндағы мәтіндерді редакциялайды, тілдің типологиялық зерттеулері мен функционалдық ерекшеліктері бойынша салыстырмалы жұмыс жүргізу қабілетіне ие болады..
  • Көркем шығармаларға сыни шолулар жасайды, мәтінмен жұмыс сапасын жақсарту мақсатында веб-сервистерді және басқа құралдарды тиімді пайдалана алады, әлемдік әдебиет тарихының даму және қалыптасу кезеңдерін біледі, әдеби теория мен тұжырымдамалар мәселелерін анықтау қабілетіне ие болады, аударылған материалды редакциялайды және түзете алады
  • Педагогикалық қызметте инновациялық педагогикалық технологияларды тиімді пайдалана отырып, ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу, кәсіптік-қолданбалы құралдар арқылы филологиялық ақпаратты өңдей алу қабилетіне ие болады.
Top