Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02305 Филология (қазақ) в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

  • Алаш әдебиеттануы

    Алаштық әдебиеттану ғылымы тарихы бастаулары мен арналары туралы білім жүйесін біледі және меңгереді. Ғылыми зерттеушілік ой-пікірдің қалыптасу кезеңдері туралы тұжырымдарды қазіргі кездегі ғылыми көзқарастармен ұштастыру мақсатында оқытылады. Қазақ әдебиеттануының дәуірлерінің әр кезеңіндегі жетістіктері мен кемшіліктеріне ғылыми тұрғыда бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл ілімдерінің негіздері

    Оқу барысында студенттер тіл ілімінің негіздері, оның негізгі санаттары, талдау түрлері, ондағы тілдік бірліктердің ерекшеліктерін ажырата алады. Структуралық лингвистиканың немесе структуралық әдісінің дүниеге келушінің ішкі - сыртқы себептерін, ондағы тілдік құралдардың мазмұнды бейнелеуге қатысын анықтайды. Қолданылған тілдік құралдардың мағынасы, мәні, эстетикалық қызметін меңгереді. Шығарманы талдаудың жолдары мен әдістерін айқындайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттануға кіріспе

    Курс білім алушыларға көркем әдебиеттің мәні мен маңызын танытып, әдебиеттану ғылымының салалары бойынша білімін толықтыру мақсатында оқытылады. Білім алушылардың көркем әдебиет пен әдеби шығарманы тілдік, поэтикалық және мазмұндық талдау дағдысын қалыптастырады. Пәнді игеру келесі кезеңде оқытылатын пәндерге алғышарт болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл біліміне кіріспе және қалыпты грамматика

    Пән тіл және оның анықтамасы, тілдің шығу тарихы, тілдің басқа ғылым салаларымен байланысы, тілдің даму заңдылықтары, тілдің шығуы туралы теорияларды меңгерту мақсатында оқытылады. Тіл білімінің салаларын, тілдердің генеологиялық және типологиялық классификациясын, тіл біліміндегі әдіс-тәсілдерді және тілдердегі қалыптасқан грамматикалық нормаларды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері

    Пән білім алушыларда табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, тұрақты даму негіздері, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін құқықтық реттеу туралы білімді қалыптастыру, сондай-ақ жағымсыз әсерлерді болжау және төтенше жағдайлардың салдарын бағалау қабілеттерін қалыптастыру мақсатында зерделенеді. Курс шеңберінде білім алушылар қоршаған ортаны қорғауға және күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешудің жүйелі тәсілін меңгереді. Пән қоршаған ортаны қорғаудың практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, оны өмірдің әртүрлі салаларында қолдануға болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құқық және кәсіпкерлік негіздері

    Мемлекет және құқық, қазақстандық құқықтың негізгі салалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, Қазақстандағы мемлекеттік органдар жүйесі туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік сектордағы әртүрлі көріністері, кәсіпкерлік қызметті бәсекелестік жағдайда ұйымдастыру, тәуекелдерді бағалау, инвестиция тарту мәселелері, экономика ғылымының әдістері, нарықтық қатынастардың заңдылықтары, халық шаруашылығының негіздері, халық шаруашылығы жағдайындағы экономикалық өсу және тұрақтылық мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    «Қаржылық сауаттылық негіздері» пәні студенттердің жеке қаржылық шешімдер қабылдау кезінде қаржылық басқару дағдыларын дамыту мақсатында оқытылады. Курс аясында студенттер әртүрлі қаржылық құралдарды пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын меңгереді, салықтарды есептеу және төлеу және салық есептілігін дұрыс толтыру, жеке қаржыларын үнемдеу және ұлғайту, бюджетті жоспарлау қабілетін дамытады. Оңтайлы инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржылық ақпаратты талдауға және қаржылық өнімдерді бағалауға ерекше назар аударылады. Пән заманауи қаржылық технологияларды бағалау және тиімді қолдану үшін қажетті дағдыларды және қаржылық алаяқтықты тану қабілетін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы және емлесі

    Қазақ тілінің фонетика салаларына қатысты мәселелерді, орфография мен пунктуацияны оқытудағы қиындық келтіріп жүрген жайларды саралау, емле мен тыныс белгілердің ғылыми негіздерін сөз ете отырып, тыныс белгілерін жазу практикасында қолдануды бір ізге түсірудің тиімді жолдарын қарастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті

    Қазақ халық ауыз әдебиеті пәні фольклордың, фольклористика ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихының күрделі кезеңдерін қазақ әдебиетінің бастаулары ретінде оқытуды мақсат етеді. Курс халық ауыз әдебиетінің эстетикасын, поэтикасын, тарихи-әлеуметтік сипаттары, оның дәстүрлік стильдері, халық шығармашылығының көркемдік әдістері, ауыз әдебиетінің шындыққа эстетикалық қарым-қатынасын зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тәрбие жұмысының әдістемесі

    Курс болашақ мұғалімдердің білім алушылармен тәрбие жұмысының теориясы, әдістемесі және технологиясы бойынша білімдерін қалыптастыру мақсатында оқытылады. Мектептің тәрбие процесі туралы сұрақтар тұтас педагогикалық процестің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады, мұғалімдердің сыныпта және мектепте білім алушылармен тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогика

    Тұтас педагогикалық процестің мәні, оның мазмұны, ұйымдастыру принциптері, нысандары, әдістері, білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудағы субъектілік өзара әрекеттесу құралдары туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Курс педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруда студенттердің педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруға және кәсіби бағдарын дамытуға арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қабылдау стилистикасы

    Қабылдау стилистикасы пәнінде мәтін мен оқырман арасындағы қатынас оқытылады. Бұл пән мәтіннің құрылымын, мазмұнын және стилистикалық ерекшеліктерін оқырман қалай қабылдайтынын талдайды. Мәтінді оқырман тұрғысынан талдауды, мәтіннің түрлі қабылдану жолдарын, автор мен оқырманның өзара байланысын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы

    Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясында сөз және мағына, сөздің лексикалық мағынасының түрлері, сөздің көп мағыналылығы, фразеологизмдердің белгілері, сөз табына қатыстылығы, варианттылығы, сөздің көп мағыналылығы мен қолданылу аясы мен сөздіктерде берілу мүмкіншілігі қарастырылады. Лексикографияның мақсаты мен міндетін негізге ала отырып, ұлттық корпустағы сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылу мүмкіншілігін тәжірибемен байланыстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі және орта ғасырдағы казақ әдебиеті

    Ежелгі сақ, ғұн дәуіріндегі әдеби жәдігерлер және Көне Түркі қағанатындағы жазба ескерткіштердің тарихи мәні мен мәдени құндылықтарын біледі. Ұлттық әдебиет тарихының алғашқы бастаулары болып табылатын Қайта өрлеу және Алтын Орда дәуірлерінің әдеби жәдігерлері мен дастандардың көркемдік ерекшелігін айқындайды. Әдебиет тарихының туу, қалыптасу кезеңдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ әдебиетін интерактивті оқыту әдістемесі

    Курс білім алушыларға заманауи мектептің жұмыс жағдайында практикалық қызмет үшін қажетті білім, білік, кәсіби дағдылар жүйесін меңгертеді. Пәннің мазмұнын қазақ әдебиеті пәнін оқыту бойынша қолданылатын интерактивті әдістер құрайды. Білім алушылардың қазақ әдебиетін интерактивті оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • XV-XIХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы

    Курс білім алушыларға қазақ әдебиетінің дамуының тарихи кезеңдерін сатылай кешенді зерттеу мақсатында XIX ғасырдағы қазақ әдебиеттің көрнекті өкілдерінің әдеби мұрасымен таныстырып, тереңдетіліп оқытады. Пәнді оқыту барысында студенттер халық ақындарының өмірі мен шығармашылығынан қажетті деректерді біледі, әдебиеттану бойынша жүргізілген ғылыми ізденістерді меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    Курс білім алушылардың филологиялық-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруға, дамытуға, қазақ әдебиетін оқыту саласындағы болашақ кәсіби қызметке дайындауға бағытталған. Пәнді оқыту барысында студенттер әдебиетті оқытудың маңызды заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін қарастыра отырып, көркем шығармаларды мектеп жүйесінде оқыту дағдысын қалыптастырады. Сондай-ақ, әдебиетті оқыту теориясы мен әдістері саласындағы білімдерін, біліктері мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Абайтану

    Пән білім алушыларға Абай шығармалары мен философиялық ойларын өзіне дейінгі ойшылдардың мұраларымен байланыстыра отырып, тақырыптық және идеялық сабақтастығын талдай отырып оқытады. Курс ұлттық әдебиеттанудағы абайтану ілімінің қалыптасу жолдарының ғылыми өзекті мәселелерін жан-жақты игерген, ақынның адамгершілік мұратын ұлттық және адамзаттық гуманизм өнегесі тұрғысынан байыптай білетін мамандар қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Шығармашылық шеберханасы

    Әдеби шығармашылық психологиясы туралы теорияларды, әдеби шығармашылық үлгілері мен өзге өнер түрлері аясындағы жақындық пен даралықты, ортақ белгілерді меңгереді. Шығармашылық еңбек процесінің сатыларын айқындайды және талдайды. Өмір құбылыстарының көркем пішінге көшу процесін танытуда жазушының жеке психологиялық ерекшеліктері мен қағидаларын таниды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

    Қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруін, сөз және оның формаларын, оның құрастырудың жолдары мен тәсілі, амалы туралы және сөз атаулының әлденеше рет өзгеріске ұшыраған түрі мен олардың топтарға бөлінуін, әр топқа енген сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр-сипаты жөнінде студенттерге терең теориялық білім беруді қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Лингвистикалық сараптама

    Пән лингвистикалық сараптаманың табиғаты мен түрлері,сараптамалар мен зерттеулер жүргізудің заңнамалық базасы туралы теориялық білім беру, лингвистикалық сараптама жүргізу дағдыларын қалыптастыру, тілдің қоғамдағы коммуникативтік жəне функционалдық қызметіне құқық кеңістігін делингвистикалық бағаберу, сондай-ақ сараптамалық қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем мәтінді лингвистикалық талдау

    Пән білім алушыларды көркем мәтінге тілдік тұрғыда талдау жасауға үйретеді. Әдебиет стилистикасы және лингвостилистика, автор және оқырман стилистикасы, мәтін , оның типтері, байланысы, көркем мәтіннің санаттары, оның лексика-фразеологиялық қабаты, интертекстуалды байланыстар, тілдік тұлға құзіреті, мәтіндегі троптар мен фигуралар туралы түсінігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Этимология

    Этимология жайында түсінік бере отырып этимологиялық қолданыстардың лексикалық жүйеде берілу жолдары, сөздің түпкі мағынасы, шығу төркіні, ұлттық сипаты, сөз және мағына және оның шығу тегінің семантикалық қолданысы айқындалады. Этимологияның мақсаты мен міндетін негізге ала отырып, сөздер мен сөз тіркестерінің шығу төркінін және қолданылу мүмкіншілігін айқындау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әліпбиі, орфографиясы мен пунктуациясы

    Пән қазіргі заманның орфографиялық және пунктуациялық жүйесіндегі ең белсенді аймақты анықтау мақсатында оқытылады. Курс орфографияны тілдің лексика, фонетика, грамматика және сөзжасам жүйесімен байланысты сала ретінде танысуға арналған. Тыныс белгісін қою, сөздікпен және басқа да анықтамалық әдебиетпен жұмыс істей білу мәселесі қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың инновациялық технологиялары

    Пән білім берудегі топтық жұмыс, көшбасшылық және оқу үдерісін басқару ерекшеліктері, идеалды мұғалім туралы түсінік қалыптастыру, құндылықтар, идеялар, әсер ету әдістері арқылы оқушыларды ынталандыру, әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдыларын, сабақта, оқу процесін басқару барысында педагогикалық тиімді құралдарды қолдана білу, білім беру бағдарлама идеяларын оқыту тәжірибесіне енгізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы

    Курс жазба ескерткіштердің лингвистикалық және әдеби ерекшеліктерін талдау дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Әдеби тілдің табиғатын, оның ауызша және жазбаша түрлерін, қазақ әдеби тілінің зерттелу тарихын, даму кезеңдерін меңгереді. Қазақ әдеби тілінің ауызша тараған түрін танытатын нұсқалардың текстологиялық ортақ белгілерін анықтайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі

    Пән сөз формаларының синтаксистік қызметі, сөз тіркесінің түрлері, сөйлем мүшелері, жай сөйлемнің құрылымдық типтері, құрмалас сөйлемнің мағыналық топтары, олардың жасалу жолдары, бөгде сөз, тыныс белгілер жүйесі жайында студенттерді негізгі ақпараттармен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бұл білімін іс-тәжірибе жүзінде пайдалануға мүмкіндік жасайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы

    Курс XX ғасыр басындағы әдебиеттің тақырыптық-идеялық, көркемдік-эстетикалық даму үдерісінің ерекшеліктерін т талдау мақсатында оқытылады. Азаматтық мұрат-мақсаты отаншыл қасиеттерге негізделген Алаш қайраткерлерінің әдеби және қоғамдық істерінің тарихи маңызы, қалам қайраткерлерінің түрлі жанрдағы шығармашылық ізденістерінің эстетикалық әлемі, жаңашылдық қырлары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім беру мониторинг негіздері

    Білім алушылардың педагогикалық процесті ұйымдастыру және бақылау әдістері туралы білімдерін қалыптастыру мақсатында оқытылады Курс педагогикалық процесті оның қажетті нәтижеге сәйкестігін немесе білім беру жүйесінің жай-күйі туралы тұтас көзқарастық алыптастырудың бастапқы ұстанымымен ақпараттық шарттарын анықтау мен зерттеуге арналған. Білім беру ақпаратын интерпретациялау мен педагогикалық жүйедегі сапалық және сандық өзгерістер мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Контрастивтік лингвистика

    Пән қазақ және орыс (шетел) тілдеріндегі грамматикалық ерекшеліктерді меңгерту мақсатында оқытылады. Қазақ, орыс, шетел тілдері заңдылықтарын үйрену үшін қажетті мәтіндердің функционалды типтерінің вербалды құрылымындағы лексика-семантикалық құралдарды талдайды. Салғастырмалы грамматиканың теориясы мен практикасы, әр тілдің грамматикалық заңдылықтары туралы, қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі грамматикалық ерекшеліктерді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының тілдік мұрасы

    Пән ұлттық руханият әлеміндегі ерекше құбылыс ояну дәуіріндегі Алаш зиялыларының тілдік мұрасын, рухани құндылықтарын таныту мақсатында оқытылады. Алаш қайраткерлерінің әдеби және қоғамдық істерінің тарихи маңызын, еңбектерінің ұлт болашағы үшін құндылығын меңгереді. Алаш қайраткерлерінің түрлі жанрдағы шығармашылық ізденістерінің эстетикалық әлемі, жаңашылдық қырларын айқындайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті

    Курсты меңгеру барысында студенттер көркем әдебиеттің даму тенденцияларын анықтай алады. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әдеби туындылардың поэтикасына қатысты жазылған әдебиеттанушы ғалымдардың, сыншылардың еңбектеріндегі ой-пікірлер, тұжырымдарын біледі. Суреткер шығармаларындағы адам тұлғасының түрлі қарым-қатынастық жүйесін талдап, ұлттық және әлемдік көркемдік дамудың әсерін анықтайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдеби сынының тарихы

    Пәнді игере отырып, білім алушылар қазақ әдебиеттану ғылымының негізгі саласы болып табылатын әдеби сынның туу, қалыптасу, даму жолдары туралы ұғым-түсініктерді қалыптастырады. Курстың негізгі мақсаты – студенттердің филолог-маман, әдебиет сыншысы бола білу жолындағы қабілеті мен бейімділігін ұштау, ғылыми-зерттеу жұмыспен шұғылдануға деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері

    Курсты оқу барысында қазақ тілін жаңаша жаңғыртып оқытудағы әдіс-тәсілдерді, жаңа технологияны қолдануды және сын тұрғысынан ойлауды, оқуды бағалауды меңгереді, ғылыми тұжырымдарға сараптама жасайды. Оқыту әдістемесіндегі материалдарды меңгереді, алған білімдерін рефлексияда іске асырады. Әдіс–тәсілдерді меңгереді, алған білімдерін өзін-өзі жетілдіруде пайдалана алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Пән білім алушылардың оқу барысында алынған білімін практикалық іс-әрекетте қолдану дағдысын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Сонымен қатар, жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәлімет пен практикалық дағдылар туралы түсініктерді игереді. Қазақ тілін педагогика және психологиямен байланыста оқыта отырып, оқытудың мазмұнын, түрлі әдіс-тәсілдерін, формаларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақ библиографиясының тарихы

    Пән білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік, әдеби-теориялық, әдеби тарихи ой-пікірдің қалыптасу кезеңдеріндегі библиография туралы зерттеу еңбектердегі тұжырымдарды, қорытындыларды қазіргі кездегі ғылыми көзқарастармен ұштастыра отырып, қазақ библиографиясының бастаулары мен ғылыми арналарын меңгерту мақсатында оқытылады. Қазақ әдебиеттану тарихының әр дәуірлерінің кезеңдеріндегі библиографияның жетістіктері мен кемшіліктеріне ғылыми тұрғыда жеке баға беру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі халықтары әдебиеті

    Түркі халықтары әдебиетінің зерттелу тарихын, түркі әдебиетінің топтастастырылуы мен өзіндік ерекшеліктерін біледі. Түркі жазушылары мен ақындарының шығармаларын поэтикалық, мазмұндық және салыстырмалы және салғастырмалы талдау жасау арқылы ғылыми зерттеушілік дағдыларын қалыптастырады. Қазақ және түркі халықтарының мәдениеті мен әдебиетіндегі ортақ белгілері мен айырмашылықтарын айқындайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлем әдебиетінің тарихы

    Дүниежүзі халықтары әдебиетінің тарихы, даму кезеңдері, әдеби бағыттарына қатысты жазылған еңбектермен жан-жақты танысады. Әлем әдебиетіндегі классиктердің және жекелеген ақын-жазушылардың қазақ тіліне аударылған шығармалары, олардың көркемдік құндылығы, сапасы, аудармашының әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі саралайды. Шетел жазушыларының шығармаларын әдеби-теориялық тұрғыдан ауқымды талдау жасайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеу негіздері

    Ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындығы мақсатында зерттеледі. Курс шеңберінде қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ғылымның орны, ғылыми танымның әдістері мен деңгейлері, ғылыми зерттеуді іске асырудың негізгі кезеңдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жалпы тіл білімі

    Пән жалпы тіл теориясының өзекті мәселелері бойынша білімді қалыптастырады. Тіл білімі ғылымының қалыптасу және дамуын, лингвистикалық мектептердің қалыптасу жолдарын, лингвистикалық бағыттардың мәнін, сонымен қатар лингвистикалық талдаудың әдістерін меңгереді. Лингвистикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы методологиялық сипаттағы күрделі мәселелерді түсінеді,тілдердің классификациясын саралап талдай алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ әдебиеті

    Пәнді оқу барысында білім алушылар ұлттық әдебиеттегі адам мен табиғат, адам мен қоғам, адам мен адам сияқты күрделі қарым-қатынастық жүйелердің көркем шығармада берілу жолы мен ерекшеліктерін айқындайды. Кейіпкерге образдық талдау жасау арқылы адамның әлеуметтік және рухани психологиялық қырларына қатысты өз көзқарасын білдіре алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шығыс әдебиеті

    Пән білім алушыларға шығыс классиктерінің шығармашылық шеберлігін, көркемдік ізденістері мен өркениетке қосқан үлестерін айқындай отырып, маңызын түсіндіру мақсатында оқытылады. Шығыс әдебиетіндегі жанрлық ерекшеліктерін, әдеби ағымдары мен бағыттарын талдайды. Ақын-жазушылардың ұлттық әдебиетті дамытудағы рөлін айқындайды. Әдеби байланыстардың рухани мәдениетті жаңартудағы маңыздылығын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиет теориясы

    Курс әдебиет теориясы мен көркем әдебиет туралы ғылыми ұғымдар жүйесін дамытуды қамтиды. Білім алушылар әдебиет теориясы пәнінің мазмұны мен формасының ерекшеліктерін, шығармашылықтың басқа түрлерімен және басқа ғылымдармен байланысын анықтай отырып, көркем шығарманы талдау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби қызметтегі жасанды интеллект

    Пәнді игерудің мақсаты жекелендірілген оқыту үшін жасанды интеллект саласындағы зерттеулер туралы білімді жүйелеу арқылы болашақ педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға жәрдемдесу; мәтіндік, графикалық және мультимедиялық ақпаратпен, білім берудегі зияткерлік жүйелермен жұмыс істеу үшін нейрондық желілерді пайдаланудың практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдерінің тарихи және салыстырмалы грамматикасы

    Пән қазақ және басқа түркі тілдерінің жалпы сипатын, жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктері мен салыстырмалы грамматикасын жан-жақты меңгерту мақсатында оқытылады. Түркі тілдерінің классификациясы туралы мәлімет бере отырып, қазіргі түркі тілдерінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық сипатын айқындайды , қазіргі қазақ тілі мен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркітануға кіріспе

    Пән түркі тілдерінің зерттелу тарихын, түркі тілдерінің топтастастырылуы мен өзіндік ерекшеліктерін, түркі жазуы тарихының кезеңдерін меңгерту мақсатында оқытылады. Түркітанудың қалыптасу, даму тарихын, түркі тілдерінің классификациясын, , ертедегі және қазіргі түркі әдеби тілдерінің графикалық жүйелерін, жазба мәтіндерін салыстыра және салғастыра талдау әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Қазақ әдебиетінің тарихын, кезеңдері мен қалыптасу жолдарын, даму бағыттарын меңгереді. Әдеби кезеңдердің жетістіктері мен ерекшеліктерін талдайды, әр дәуір шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан анықтайды, көркем шығармадағы қаламгер позициясын, стилін бағамдайды.
  • Мәтіннің құрылымдық-семантикалық, синтаксистік, стилистикалық түзілу ерекшеліктерін анықтайды,мәтінге лингвистикалық сараптама, тілдік талдау жасайды. Сөз және оның этимологиясына, түркі халықтары тілі мен әдебиетінің тарихи дамуына байланысты ғылыми тұжырымдарды саралайды.
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері мен академиялық хатты біледі және оларды оқытылатын салада қолданады. Қолданбалы экономикалық, құқық, жаратылыстану пәндерінің тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік ерекшелігін терең түсінеді және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын көрсетеді. Жасанды интеллекті платформаларын меңгереді.
  • Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекеті мен тәрбиелік іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгереді. Оқытудың әдіс-тәсілдерін, жаңартылған білім мазмұнының тиімді тұстарын, инновациялық технологияларды жүйелеп талдайды, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктері қалыптасады. Қазақ әліпбиіне, орфография мен пунктуацияға қатысты ережелерді меңгереді.
  • Жалпы тілдік теориялар мен қазақ әдеби тілінің тарихын, қалыптасу жолдарын біледі. Қазіргі қазақ әдебиеті мен әдебиеттануындағы жаңашыл тенденцияларды, көкейкесті тақырып пен идеяны, стильді анықтайды. Абайтану мен қазақ халқының әдеби мұрасын,әдеби сын тарихындағы негізгі мәселелерді игереді. Контрастивтік лингвистика негіздері мен алаштың тілдік мұрасын терең меңгереді.
  • Қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психологияның базалық білімдер жүйесіндегі интеграциялық үдерістердің өнімі ретінде түсінеді және түрлі тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас салаларындағы жағдайларды объективті бағалайды.
  • Кәсіби қызметтің міндеттерін шешуде тілдік қарым-қатынас дағдыларын игереді. Тілдің қоғамдық қызметін саралайды, тілдің ішкі және сыртқы даму заңдылықтарын біледі. Қазіргі қазақ тілінің теориясын терең меңгереді, лингвистикалық талдау дағдылары толық қалыптасады.
  • Әдебиеттану ғылымына қатысты терминологияны, алаш әдебиеттануы мен қазақ библиографиясының тарихын, әлем әдебиетінің классик жазушыларының шығармашылығын, қазақ әдебиетіндегі шығыстық әдеби дәстүрлердің көрінісін жан-жақты меңгереді, көркем шығармаға әдеби талдау жасайды.
Top