6B02305 Қазақ филологиясы в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бағдарлама бакалавр деңгейінде Қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық базасын меңгерген филолог-зерттеуші, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда мемлекеттік тілде іс-жүргізуші, бұқаралық ақпарат құралдарында корректор, редактор, копирайтер, PR-менеджер, интернеттік коммуникация, тіл үйрету орталықтарында қызмет істейтін маман қалыптастыруға бағытталған.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B037 Филология
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ/Орыс тілі және Қазақ/Орыс әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Қазіргі қазақ тілінің теориялық фонетикасы және фонологиясы
Пәннің мақсаты студенттерге қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы мәлімет беру, фонетикалық және фонологиялық жүйе түсінігін ашу, айтылым түрлерін заңдылықтарын нақты пайдалану арқылы дамытуда лингвистикалық цикл ретінде фонетиканың орнын анықтау, артикуляциялық сараптауды үйрету, фонетикалық және фонетикалық транскрипцияларды пайдалана отырып мәтінге талдаулар жүргізу, орфоэпиялық және орфографиялық варианттардың ерекшеліктерін айқындау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты – ғылым саласындағы танымдық іс-әрекетте дағдылар қалыптастыру. Ақпаратты түсіну және игеру үшін ғылыми зерттеу әдістерін қолдану. Зерттеу нысанын сипаттай білу. Ғылыми білімнің объективті мазмұнын алу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу әдістерін меңгеру. Негіздеу, бекіту, бағалау үшін зерттеудің аналитикалық және практикалық әдістері мен дәлелдеу жүйелерін қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Абай ілімі
Мақсаты – болашақ мамандардың бойында өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру, Абай ілімін қазіргі Қазақстанның руханилығы мен зиялылығының негізі ретінде пайдалану, ел бірлігін және қоғамның азаматтық ынтымағын нығайту мақсатында өзінің кәсіби білімін, түсінігі мен қабілеттерін гуманизм және білім беру призмасы арқылы қолдана білу. Оқытылатын болады: Абай ілімі туралы түсінік; оқыту қайнары; Абай ілімінің құрамдас бөліктері; Абай ілімінің категориялары; Абай бағалау құралдары; Абай ілімінің мәні мен мағынасы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржы сауаттылығының негіздері
Пәннің мақсаты: қаржылық ақпаратты түсіну мен олардың жеке қаржы мәселелеріне қатысты сауатты және негізделген шешімдер қабылдау үшін студенттерде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру, сонымен қатар сыни тұрғыдан бағалау қабілетін арттыру, қаржылық құралдарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы
Пәннің мақсаты: Пәннің мақсаты қазақ тілі жүйесінің негізгі заңдылығы ретінде қазақ тілінің лексика-фразеологиялық қабатының жалпы заңдылықтарын және оның қызмет ету ерекшеліктерін меңгеру, тілдегі сөздің қордың жүйелік категориясын айқындау, лексика мен фразеологиядағы парадигматикалық және синтагматикалық түсінік қалыптастыру, лексикалық бірліктің нормативті ақпарат қызмет етуінің өзара байланысы мен өзара ықпалдасуын ашу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тұрақты даму
Пән студенттерде экологиялық дүниетанымды қалыптастыруға, табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми тұрғыда түсіндіруге және тұрақты дамудың мақсаттары мен принциптері жөнінде кешенді білім беруге бағытталған. Пән аясында жаһандық және өңірлік экологиялық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдары қарастырылады. Студенттер тұрақты даму саласында ғылыми негізделген, жауапты шешімдер қабылдау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзияға кіріспе
Пәннің мақсаты: инклюзивті білім беру негіздерінің ғылыми-теориялық білімдер жүйесін меңгеру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалармен өзара әрекеттесуді ұйымдастырудың құндылық бағдарларын қалыптастыру, инклюзивті ортада кәсіби қызмет саласындағы құзыреттерді меңгерту
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Пән студенттердің экономикалық ойлауын қалыптастыруға және кәсіпкерлік құзыреттерін дамытуға бағытталған. Курстың аясында нарықтық экономиканың негізгі заңдылықтары мен кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың негіздері қарастырылады. Студенттер экономиканың жұмыс істеу механизмін, бизнестің әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлін, кәсіпкерлікті құру және жүргізу кезеңдерін зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әл-Фараби және қазіргі заман
Пәннің мақсаты – студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Адам тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері
Пән адамның өмір сүру ортасында туындайтын қауіпті және зиянды факторлардан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық және практикалық негіздерін, төтенше жағдайларда төнетін қауіп-қатерлерден қорғану ережелерін білуге студенттерді даярлау, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
Пәннің мақсаты: Мемлекеттік билік органдарының, саяси және қоғамдық ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін талдау қабілетін қалыптастыру. Қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мәселелері туралы объективті білім беру. Жасанды интеллектінің (ЖИ) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, алдын алу және талдау үдерістеріндегі рөлін көрсету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелерін түсіндіру. Қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен ЖИ-дің талдамалық құралдарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлықты еңсеру дағдыларын үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ диалектологиясы
Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді. Диалектілік құбылыстардың пайда болу себебін мен диалектілік құбылыстардың таралған аймағын қарастыру,қазақ тілі құрамындағы диалектілік ерекшеліктердің тілдік сипатын, фонетикалық ерекшеліктердің позицияларын, лексикалық ерекшеліктердің мағыналық, стильдік топтарын, грамматикалық ерекшеліктердің тұлғалық ерекшеліктерін ажырату басшылыққа алынады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы
Пәннің мақсаты - қазақ сөзжасамының теориялық қисындарын зерделеп, сөзжасамның негізгі тәсілдері арқылы жасалатын туынды сөздердің мағыналық құрылымын ғылыми тұрғыдан талдап, сөзжасамның атау теориясы және уәждеме теориясы арқылы айқындалу жолдарын қарастыру, қазақ тіліндегі сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдарын анықтау, қазақ тіліндегі туынды сөздердің жасалу ерекшеліктері мен тәсілдерін меңгеру, атау теориясы мен уәждеме теориясының негізгі заңдылықтарын туынды сөзге қатысты талдау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті
Пәннің мақсаты: қазақ әдебиетінің бастау бұлағы саналатын ежелгі әдеби мұралармен танысу және оларды ғылыми негізде сараптау қабілетін қалыптастыру. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірдегі және орта ғасырлардағы әдеби мұраларының қалыптасу, даму үдерісі, рухани, мәдени және көркемдік құндылықтар. Ежелгі әдеби мұралардың кейінгі қазақ әдебиетінің дамуына тигізген ықпалы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Пәннің мақсаты – қазақ халқының ауыз әдебиетін жеке пән ретінде оқыту арқылы халқымыздың ғасырлар бойына жасаған рухани мәдениеті – фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру, ауызша нысанда көрсетілген туындылардың идеялық-көркемдік мәнін, фольклордың тарихы мен теориясын, халық өнері, олардың ішінде фольклордың алатын орны мен табиғатын, ауыз әдебиетінің туу, таралу-сақталу ерекшеліктерін түсіндіру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Әдебиеттануға кіріспе
Пәннің мақсаты – көркем шығармашылықты зерттеу үшін қажетті әдебиеттанудың негізгі теориялық тұжырымдамаларын қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы көркем әдебиет шығармаларының құрылу ерекшеліктері мен идеялық-тақырыптық мазмұнын зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін құрайды. Пән көркем шығармаларды мазмұны мен құрылымының ерекшеліктерін, жазушылар шығармашылығын зерттеудің әдістерін зерттеуге, әдебиеттанушы мамандығының маңызын анықтауға бағытталған
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
Пәннің мақсаты – теориялық білімді тереңдету және морфологияны белгілі бір құбылыстармен шарттастырылған тұтас жүйе ретінде түсінік қалыптастыру, қазақ тілінің морфологиялық жүйесіне жалпы сипаттама беру, сөз топтары мен сөз таптарының негізгі белгілерін айыра білу, сөз таптарына тән грамматикалық категорияларға тоқталу, қазақ тіліндегі сөз таптарының лексика-грамматикалық, синтаксистік қызметтерін саралау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
Пәннің мақсаты – ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихын жоғары мектепке оқытатын маман әдебиетші дайындау, студентке қазақ әдебиеттану ғылымын жүйелі түрде меңгерту, XIX ғасыр әдебиетін қоғамдық-әлеуметтік болмыс, тарихи жағдайын, негізгі даму бағыттары мен заңдылықтарын, көркемдік табиғатын жүйелеу, Зар заман ағымы; Қоқан хандығы билеген өңірде туған әдебиет; Айтыс өнері; Сал-серілер поэзиясы; Қисса-дастандар; Европалық үлгідегі жаңа жазба әдебиет түрінен қарастырып, өзіндік сипаттарын ажырату.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
Курс студенттерге сөйлем туралы дәстүрлі және заманауи көзқарастарды көп салалы, әрі тілдің негізгі функцияларын орындай алатын тілдік бірлік ретінде үйрету, жай сөйлем синтаксисі заңдылықтарын білу, филолог-мамандардың болашақ кәсіби жұмысына қажетті жай сөйлемнің құрылымдық семантикалық түрлерін, олардың ерекшеліктерін меңгеру, сөйлеушінің коммуниктивтік мақсатына сәйкес түрлі құрылымдағы жай сөйлемді құрастыра дәлелдеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
XIV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
Пәннің мақсаты – ХV-XVIІІ ғасырлардағы ақын-жыраулар шығармашылығының қазақ қауымының мақсат мүддесіне қызмет еткендігін терең игеру, ХVІІ ғасырда қазақ халқы бастан кешкен елеулі оқиғалардың Тәтіғара, Ақтамберді, Бұқар, Үмбетей шығармаларында өрнектелуін және М.Әуезов, С.Сейфуллин, Х. Досмұхамедов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Х.Сүйіншәлиев, Ә.Дербісәлин, Б.Кенжебаев, Ш.Сәтбаева, Ы.Дүйсенбаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, М.Жармұхамедов,т.б. әдебиет тарихына байланысты еңбектерінің ғылыми құндылығын бағамдау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Абай және оның әдеби мектебі
Пәннің мақсаты - Абай және оның әдеби мектебін меңгеру, Абайдың шығармашылық мұрасы мен қазіргі әдеби шығармалардағы дәстүр мен жаңашылдықты талдау, бағалау, Абайтану мектебінің қалыптасу жолдарын меңгеру, қазақ мәдениеті мен әдебиеті тарихындағы орнын білу, Абайтану тарихының ғылыми құнды нәтижелерін тереңінен тану, талдау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Шығыстық қисса-дастандар: генезисі, нұсқалары, құрылымы
Пәннің мақсаты - қазақ әдебиеті мен шығыс әдебиетінің арасындағы әдеби байланысты зерделеу, «Мың бір түн», «Тотынама», «Шаһнама» және қазақ қисса-дастандарының желісін зерделеу, дастандардың желілік ерекшеліктер, қисса-дастандардың құрылу қағидаларын талдау, қисса-дастандардағы сюжет пен образдарға текстологиялық талдау жүргізу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазақ фольклорындағы ұлттық кодтардың семиотикасы
Пәннің мақсаты – фольклордағы ұлттық кодтардың мағынасы мен қызметін семиотикалық әдістер арқылы талдау. Студенттер қазақтың мифологиялық, ритуалдық және салт-дәстүрлік элементтерін символдық жүйе ретінде қарастырады. Пән қазақ мәдениетіндегі рухани құндылықтарды және ұлттың бірегейлігін айқындайтын белгілерді терең түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, фольклорлық мәтіндердегі тілдік және көркемдік белгілердің құрылымы мен функциясы зерттеледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің функционалды-коммуникативтік синтаксисі
Пәннің мақсаты - синтаксистік жүйенің коммуникативтік мақсаттарға бейімделу жолдары мен жұмсалу ерекшеліктерін меңгерту, сөйлемді коммуникативтік мақсатқа сай топтау, сөйлемді эмоцияның қатысына қарай топтау; базистік сөйлем және актуальданған орын тәртіпті сөйлемдер, актуальдану, актуальсыздану құбылыстары, сөйлемнің контекске тәуелдігі, синсемантика ұғымы, синсемантиканың белгілері, үстеме құрылым және парцелляция, мәтіннің коммуникативтік құрылымын қарастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Көркем сөйлеу теориясы
Пәннің мақсаты: Дискурсты сөйлеуші мен тыңдаушының қарым-қатынасын жүзеге асыратын айтылым деңгейінде анықтау, лебіздің коммуникативтік бағытына байланысты интонацияның типтерін, интонация деңгейлеріне байланысты интонема жасаушы факторларды меңгерту, көркем сөйлеудің прагматикалық, когнитивтік, этнолингвистикалық, мәдениеттанымдық т.б. сипаттарын түсіндіру және дәлелдеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Digital-әдебиет: блогтан интерактивті романға дейін
Пәннің мақсаты – цифрлық әдеби шығармашылықтың негізгі формаларын, мультимедиялық мәтіндерді талдау және құру дағдыларын түсіну қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы цифрлық ортаның әдеби жанрларға, стильдерге, әңгімелеу технологияларына, оқырманмен өзара әрекеттесуіне әсер ету ерекшеліктерін түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән цифрлық әдебиеттің формаларын зерттеуге бағытталған: блогтар, фанфиктер, визуалды романдар, гипермәтіндік, интерактивті шығармалар.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазақ әдеби сынының тарихы
Пәннің мақсаты әдеби даму жолдарының қыр-сырын аңғару, түсіну, талдау процесімен тікелей байланысты болғандықтан сынның туу және қалыптасу кезеңдерін әдебиет тарихына жанастыра көрсету, сыншылық ой-пікірдің өрістеу жолдарын меңгеру, әдебиеттің дамуы сыншыл ой-пікірлердің дамуына қатыстылығын меңгеру арқылы бүгінгі әдеби процестегі сынның рөлін, болып жатқан көркемдік құбылыстарды тану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Масс-медиа тілінің прагматикасы
Пәннің мақсаты – медиамәтіннің ғаламның ақпараттық бейнесін құраушы негізгі ұғым екендігін, оның қазіргі тіл ғылымындағы орны мен өзге салалармен байланысын, прагматикалық ерекшеліктерін, медиамәтіннің ғаламның ақпараттық бейнесін құраушы негізгі ұғым екендігін, оның қазіргі тіл ғылымындағы орны мен өзге салалармен байланысын, прагматикалық ерекшеліктерін зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің семантикасы
Пәннің мақсаты - семантика ілімінің негізгі ғылыми-теориялық жүйесі талданып беріледі және қазақ тілінің деректері негізінде сөз мағынасын талдау, семантика гносеологиялық, онтологиялық аспектіде зерттеу, сөздің терең мағыналық құрылымының қалыптасуының онтологиялық негізі бар болғандықтан, сөз мағынасы оның қалыптасу тарихымен сабақтастыра қарастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Тіл және дискурс
Пәннің мақсаты - қазіргі тіл мен дискурсты лингвистиканың жаңа зерттеу бағытында қалыптастыру, тілдік қатынасты жүзеге асыру принциптері, мәтін және дискурс, мәтіннің параметрлері, мәтін мен дискурстың дефинициялары, дискурсивтік-когнитивтік бағыт, дискурстың типтері мен жанрлары, дискурстың тақырыптық түрлері жанрлары, дискурстың лингвомәдени және идиоэтникалық сипаттары, дискурстың экстралингвистикалық сипатын қарастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетіндегі этнографиялық дискурс
Пәннің мақсаты – әдебиет пен этнографияның тоғысында қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетінің көріністерін зерттеу. Әдеби мәтіндерде салт-дәстүрдің, ұлттық дүниетаным мен мәдени кодтардың, этникалық белгілердің көркемдік бейнеленуін ашып көрсетеді. Әдеби шығармалар арқылы қазақ халқының әлеуметтік-мәдени өмір салтын, наным-сенімдері мен этикалық нормаларын, ырым-тыйымдарын, тілдік ерекшеліктерін кешенді талдауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Рухани және материалдық лексика
Пәннің мақсаты - тіл мен мәдениет сабақтастығы, тіл мен мәдениет қатынасындағы іргелі ұғымдар жүйесі, туыстық атаулардың рухани мәдени ерекшеліктері, салт-дәстүр мен ырым-жоралғыға байланысты рухани мәдени лексиканың этносимволдық сипаты мен ұлттық этномәдени сипатын, түр-түс атауларының лингвомәдени және этнолингвистикалық табиғатын қарастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
Пәннің мақсаты – ұлттық әдебиеттегі тарихи сабақтастықты, шығармаларының басты идеялық бағытын, тақырыптық, мазмұндық мақсатын ұғындыру, тиянақталған зерттеу проблемаларын меңгерте отырып, әдеби, тарихи мәселелерін терең қарастыру, соның нәтижесінде, мамандықтың біліктілік талаптары контекстінде құзіреттілік жүйесін қалыптастыру, сол кезеңдегі қазақ қаламгерлерінің шығармаларының жанрларлық- көркемдік ерекшеліктерін, тақырыптық-идеялық мазмұнын, мәселелерін зерттеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Цифрлық филология негіздері
Пәннің мақсаты – цифрлық кеңістіктегі қазақ тілді ақпаратты, мәтін деректерін талдау мен өңдеу саласындағы әдіс-тәсілдерді меңгерту, цифрлық индустриясын құру аясында лингвистикалық білім беру кластерінің даму мүмкіндіктері және классикалық филологияның цифрлық трансформациялану жолдары талдау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
Пәннің мақсаты - тілдің барлық салаларының даму заңдылықтары мен өзгеру бағыттарын айқындау, қазақ тілінің тарихы пәні негізінде қазақ тілінің фонетикалық, морфологиялық жүйесі, өзіне тән жүйелік ерекшеліктері, қазақ тілі тарихы пәнінің зерттеу нысанын, қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері мен тәсілдері және тарихи өзгерістер мен теориялық құбылыстарының тіл тарихына тигізген әсерін қарастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Ахметтану: теориялық негіздері
Қазақ тіл білімінің көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұраларын зерделеп, фонетикалық, лексикологиялық, грамматикалық қағидалары мен ондағы танымдық мәнді анықтау. А. Байтұрсынұлының «Тіл-құрал» еңбегіндегі сингармологиялық және грамматикалық, грамматологииялық қағидаларға қазіргі ғылыми-теориялық деңгейден баға беріп, қазақ тіл білімінде кейін жасалған теориялармен салыстырып, сыни тұрғыдан бағалау, зерделеу, тану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетіндегі мифопоэтика
Пәннің мақсаты – қазақ әдебиетінің терең мағыналары мен мәдени кодтарын түсіну және сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы мифопоэтикалық ойлау үлгілерін, қасиетті кеңістіктің рөлін, батыр бейнесін, құрбандықты, сиқыр мен табиғатты талдаудың теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән қазақ әдебиетінде ауызша эпостан қазіргі прозаға дейінгі мифологиялық архетиптерді, символдар мен құрылымдарды зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Филологиялық білім берудегі тілдік талдау технологиясы
Пәннің мақсаты – қазақ тілі ғылымының бірыңғай мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын кешенді-сатылы талдау технологиясы бойынша меңгерту, әдеби тіл нормасын үйрету, сауатты да көркем жазуға дағдыландыру, жүйелі ойлау мен мәдениетті сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Цифрландыру дәуіріндегі әдеби зертханалар
Пәннің мақсаты – креативтік жазудың принциптері мен әдістерін түсіну және әдеби өрнектің цифрлық формаларын талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы цифрлық контексте әдеби жанрларды практикалық игерудің теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән классикалық әңгімелер мен эсселерден бастап мультимедиялық әңгімелерге дейін авторлық жобаларды құру принциптерін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазақ баспасөзінің термин қалыптастырудағы рөлі
Баспасөздің ғылым мен техника және өнеркәсіп саласындағы арнаулы сөздерді, терминдерді қалыптастырудағы рөлі, терминологиялық жүйенің толығуы мен бір ізге түсуіндегі атқарған еңбегінің маңыздылығы, терминдердің жасалу жолдары, баспасөзде термин қалыптастыруда кемшіліктердің туындау себептері жөніндегі түсінігі қарастырылады
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Сахна тілінің лингвистикалық поэтикасы
Пәннің мақсаты: сахна тілі – дыбыс, дикция, тыныс, дауыс ырғағы, кейіпкер үні, пауза, интонация сияқты элементтердің жиынтығын жетік меңгеру дағдысын қалыптастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Просодикалық тәсілдердің сахна тіліндегі дискурстық сипатын анықтау, актерлердің сөйлеу әрекетіндегі сөйлесім жағдаятын қазіргі тіл біліміндегі интонология тұрғысынан талқылап, интонациясының ерекшелігіне лингвистикалық тұрғыдан сипаттама беру басшылыққа алынады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазақтың импровизаторлық өнері
Пәннің мақсаты - қазақ халқының суырып-салма өнерінің тарихи құрылымы мен дамуын, рөлін білу, қазіргі қоғамдағы айтыстың рөлін білу, қазіргі айтысқа жан-жақты және терең талдау жасау, айтыстың жанрлық-көркемдік ерекшелігін, жазба әдебиетпен байланысын көрсету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Ұлттық корпус терминологиясы
Пәннің мақсаты – мемлекеттік тілдегі терминдерді жинақтау, жүйелеу және стандарттау арқылы ғылыми, техникалық және кәсіби салалардағы тіл бірізділігін және қазақ тілінің заманауи талаптарға сай дамуын, ұғымдардың нақты әрі дәл берілуін және қоғамда дұрыс қолданысын қамтамасыз ету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Ақын-жыраулар поэзиясындағы эстетикалық категориялар
Пәннің мақсаты - ақын-жыраулар поэзиясындағы эстетикалық категорияларды қарастыру, фольклор жанрларындағы шариғат нормалары, батырлар жыры мен лиро-эпостардағы ислам негіздері, ортағасырлық әдеби жәдігерлердегі діни-философиялық категориялар, ғалам жаратылысы туралы тұжырымдар, Сыр және батыс өңірі ақын-жырауларының шығармашылығындағы дүние жаратылысы туралы тұжырымдар.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазақ тіліндегі аналитизм
Аналитикалық құрылымдардың қазақ тілінің грамматикалық құрылысындағы орнын, функционалдық жүйесіндегі қызметін тану, талдай алу; білім, білік дағдыларын қалыптастыру пән мақсатын айқындайды. Көмекші сөздер тобының аналитизмге қатыстылығы; есім, етістіктердегі аналитикалық формалар, форманттар, аналитикалық құрылымдардың тіл деңгейлеріндегі қызметі сараланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Әдеби үдеріс және сын
Пәннің мақсаты - әдеби үдеріс және сын жанрдың ерекшеліктері туралы түсіндіру, қазақ әдеби сынының кезеңдері, сынның өмірмен байланыстылығы, әдеби сынның халықтылығы, әлемдік әдеби сын тарихы, әдеби сынның ғылымилығы және тарихшылдығы, қазақ әдеби сынының қоғамдық ой-пікірде алатын орны, сыни мақаларды меңгеру, жазу стилін қалыптастыру, қазіргі қазақ әдеби сыны және әдебиеттану, қазақ драматургиясына сыни-көзқарас, әлеуметтік сындарды қарастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазіргі әдебиет: тенденциялар мен бағыттар
Пәннің мақсаты – қазіргі әдебиеттегі тенденциялар мен бағыттарды анықтау, түсіну қабілеттерін қалыптастыру. Пән мазмұны көркем шығармаларды оқу және түсіндіру процесінде қазіргі әдебиеттанудың тұжырымдамалық аппаратын ұғыну және мағыналы пайдалану, көркем әдебиет тілі стильдерінің жүйесі туралы идеяларды қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазақ әдеби тілінің тарихы
Пәннің мақсаты – қазақ әдеби тілі тарихының қалыптасу және даму кезеңдері жөнінде ғылыми тұрғыдан жүйелі білім беру, ұлттық қазақ тілінің беку кезеңдерімен, осы заманғы әдеби тілдің қалыптасуымен таныстыру, қазақ әдеби тілінің қалыптасуына негіз болған тарихи арналарды, тілдік дәстүр жалғастығын ажырату, қалыптасу тарихы туралы пікірлер қарастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің стилистикасы
Пәннің мақсаты – стилистиканың теориялық негізін оқу, заманауи стилистиканың жаңа зерттеулерін қарастыру арқылы болашақ филолог-маманның стильдік дағдылары қалыптастыру. Стилистиканың теориялық негіздерін түсіндіріп беру; қазіргі заманғы стилистиканың соңғы тәсілдерін сипаттау; осы саладағы теориялық білімдерді қолдану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 6
-
Мәтінтану негіздері
Мәтін тілтануда өз ішіне барлық тілдік құбылыстарды қамтыған ең ірі сөйлеу бірлігі, сондықтан оны таным білу құрылымы, мазмұндық жағы білім алушының тілдік білімін тереңдетіп кеңейтеді, мәтінтанудың негізгі бағыттары, мәтіннің негізгі белгілері мен ұғымдары, категориялары мен түрлері мәтін түзудің заңдылықтары туралы білім беріледі
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм
Пәннің мақсаты - қазақ әдебиетінде модернизм мен постмодернизм үрдісінің ерекшеліктерін, әлемдік модернизм бастауларын, қазақ әдебиетіндегі модернизмнің қалыптасуын, қазақ прозасындағы жаңашыл ізденістер, қазақ прозасындағы модернистік және постмодернистік ұстаным, қазақ әдебиетші-ғалымдарының көзқарасын, қазіргі қазақ поэзиясындағы постмодернизмді қарастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Әдебиеттерді салыстыра зерттеу принциптері
Пәннің мақсаты әдебиеттерді салыстырмалы зерттеу, салыстырмалы әдебиеттану: ғылымдағы бағыт, филологиялық зерттеулердің әдісі; Шығыс пен Батыстың әдеби қатынастары, Әлемдік әдеби үдеріс, типологиялық түйісулер, мәтін, мәнмәтін, интермәтін, әдеби шығармадағы «бөгде» сөз, стилизация және еліктеу, мотив – тарихи және теориялық поэтиканың әмбебап категориясы ретінде, портрет, пейзаж поэтикасының ұлттық өзгешелігін қарастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Абай сөзінің лингвопоэтикасы
Абай сөзіндегі лингвопоэтикалық ерекшеліктер мен Абайдың сөз қолданысы арқылы қазақ әдеби тілінің даму заңдылықтарын, Абай сөзіндегі мән мен мағынаның ерекшелігін, мәтіндегі сөз қолданыстарын, мағыналық құрылымын, мәтін ішіндегі поэтикалық қолданыстардың когнитивтік негізділігін қарастыру
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Жанр типологиясы
Пәннің мақсаты - қазақ әдебиетінің өзіндік типологиясы мен жанрларын оқыту, әдебиеттің текке бөлінуі, әдеби тектердің шығу тарихы, эпос: баяндау және оның субъекті, лирика заңдылықтары, текаралық формалар «Сана ағыны» әдебиеті, «Жанр» туралы түсінік, әдеби жанрлардың фольклорлық негізі, «Мазмұндық форма» ұғымы, роман: жанрлық мәні, жанрлық жүйе, жанр канонизациясы, жанр қайшылықтары мен дәстүрлер, қазақ повесінің тарихы, фольклор және эпос, батыс әдебиеттануындағы жанр мәселесін қарастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қазақ тіліндегі ЖИ технологиялары
Пәннің мақсаты – Duolingo, LingQ қазақ тілін үйрену платформаларымен жұмыс жасау, Grammarly грамматикалық қателерді түзету құралдарын пайдалану, автоматты редакторлар, ЖИ-дің аударма, синонимдер табу, мәтін құру сияқты мүмкіндіктерін және интерактивті тапсырмалар жасау ерекшеліктерін меңгерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Копирайтинг негіздері
Пәннің мақсаты - студенттерге жарнамалық мәтіндерді, материалдардың мазмұндық және құрылымдық-композициялық ерекшеліктерін білуге, оларды жасау технологияларын, мультимедиялық орта жағдайындағы жұмыстың ерекшелігін түсінуге, қабілеттілік пен медиатекстерді құру кезінде инновациялық тәсілдерді, әртүрлі таңбалы жүйелерде медиаөнімді дайындаудың әдістері мен технологияларын меңгерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Әдебиет теориясы және эстетика
Пәннің мақсаты қазіргі әдебиеттану мен эстетиканың концептуалды-категориялық және әдіснамалық аппаратын түсіну қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы көркем шығармашылықтың табиғатын, әдеби процестің даму тенденцияларын зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән көркем шығармашылықты, әдеби ағымдар мен бағыттарды, жанрлық-стильдік ерекшелікті, жазушылар шығармаларының құрылымдық-тілдік ұйымдастырылуын зерттеудің әдістері мен тәсілдерін терең зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің функционалды грамматикасы
Пәннің мақсаты: антропоцентриалық фактормен тығыз байланыста болатын көп жүйемен негізделген қазақ ұлттық әдеби тілінің функционалдық ерекшеліктерін қарастыру; әлемдік мәдени кеңістіктегі ұлттық тіл функцияларының коммуникативтік, прагматикалық, когнитивтік-ассоциативті және эстетикалық байлығын анықтау және оның когнитивті маңыздылығын анықтау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Әдебиетті зерттеуде ЖИ технологияларын қолдану
Пәннің мақсаты – заманауи жасанды интеллект (AI) технологияларын әдеби мәтіндерді талдауға, түсіндіруге және оқытуға біріктіру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы поэтикалық және прозалық шығармаларды автоматты түрде талдау әдістерін қолдану, оларды АИ-құралдарының көмегімен (ChatGPT және т.б.) өңдеу үшін теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән сыни ойлауды, цифрлық сауаттылық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
ХХІ ғасырдағы қазақ поэзиясының модификациялануы
Пәннің мақсаты: ХХІ ғасырдағы қазақ поэзиясының көркемдік-идеялық ерекшеліктері мен поэтикалық құрылымының трансформациясын саралай отырып, қазіргі заманғы ақындардың шығармашылығы негізінде модификация ұғымының әдеби процестегі рөлін түсіндіру, қазақ поэзиясының дамуындағы жаңашыл үрдістерді ғылыми тұрғыдан бағалау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиеті және кино
Пәннің мақсаты – әдеби және кинематографиялық шығарма арасындағы байланысты түсіну, мәтіннің визуалды бейнеге айналу ерекшеліктерін анықтау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы классикалық және заманауи прозаға негізделген көркем фильмдер мен сериалдарды зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әдеби мәтіндердің бейнелерін, символикасын және көрнекі интерпретацияларын талдау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қазақ терминологиясы
Пәннің мақсаты – тіл біліміндегі қазақ терминологиясының орны мен қызметін, терминге қойылатын талаптарды, қазақ терминологиясының ғылыми қағидаттарын, термин қалыптастыруға әсер етуші ішкі және сыртқы факторларды, қазақ терминологиясының қалыптасу кезеңдерін, терминжасам тәсілдерін қарастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ әдебиеті
Пәннің мақсаты - қазіргі қазақ әдебиетінің даму заңдылықтарын түсіну және сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ХХ ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы қазақ жазушылары шығармашылығын зерделеу үшін теориялық-әдіснамалық негіз қалыптастырады. Пән қазақ жазушылары шығармаларының жанрлық құрамын, көркемдік ізденістерін, қоғам интеграциясының жаһандануы жағдайында қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттарын зерделеуге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Спичрайтинг негіздері
Пәннің мақсаты - спичрайтинг қағидаттарының түсінігін,спичрайтинг ерекшеліктерін, лингвистикада зерттелуін, мәтіннен көрініс табатын негізгі құрылымдар – идеялар құрылымы ретіндегі лингвистикалық ауызша және жазбаша мәтін композициясын, сөйлеушінің ойлау процестерінің құрылымдарын, сөйлеу жағдаятының құрылымдарын қарастыру
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Ұлттық корпус және мәтін лингвистикасы
Пәннің мақсаты – ауқымды, үлкен көлемді репрезентативтілік мәтіндердің, деректердің түрлерін мен типтерін ажырату, мәтінді сақтау, жинау, талдау, салыстыра зерттеудің жаңа әдістерін қолдану, мәтіндердің автоматтандырылған сөздіктер мен грамматикалар сияқты жаңа түрлерін, жаңа формаларын игерту, ұлттық корпустарды толықтыру, оны жүзеге асырудың ғылыми-теориялық негіздемесін жасау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы жаңа бағыттар, жаңа ғылыми тұжырымдар, өзекті мәселелері туралы өзіндік пікірі қалыптасады.
- Қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуы, көне тілдер мен қазіргі тілдердің арасындағы байланыстар, сөздердің шығу тегі, грамматикалық және лингвистикалық өзгерістерді ажыратады.
- Қазақ тілінің фонетикалық және фонологиялық заңдылықтарын, сөз құрамын, сөзжасамдық ерекшеліктерін, сөйлемнің құрылымдық, логико-грамматикалық типтерінің коммуникативтік талаптар дәрежесіне сай түрленуін талдайды.
- Мәтіннің негізгі бірліктерін меңгеріп, мәтінді редакциялайды, филологиялық талдау түрлерін ажыратады.
- Қазақ ұлттық әдеби тілінің функционалдық, коммуникативтік, прагматикалық, когнитивтік ерекшеліктеріне зерттеу жүргізеді.
- Дискурсты, медиа-мәтінді лингвопрагматикалық тұрғыдан бағалайды.
- Қазіргі инновациялық идеяларды, тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынас қағидаларын меңгереді.
- Ғылыми зерттеу, академиялық институттарда және оқу орындарында тіл білімі саласы мен әдебиеттануға қатысты ғылыми еңбектер, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулықтар, сөздіктер даярлай алады.
- Ғылыми, техникалық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, көркем әдебиеттерді, шетелдік мекемелермен және кәсіпорындармен хат алмасудағы материалдарды редакциялайды.
- БАҚ саласында ақпарат алу, сақтау, өңдеу әдістері мен құралдарын тиімді пайдаланады.
- Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда рефераттар, филологиялық түсіндірмелер, аналитикалық эссе, шолу-рефераттар, ғылыми есептер, оқу-зерттеу жобаларын, ғылыми баяндамалар, мақалалардың тезистерін, филологиялық пікірлер жазуды меңгереді.
- Қазақ қоғамы дамуының кезеңдері, мәдениеті, тілі, әлеуметтік және тұлғааралық қарым-қатынастары туралы ғылыми тұрғыдан сараптама жасай алады.