Жаңа білім беру бағдарламасы

7M05111 Жалпы биология в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Заманауи биологияның негізгі жетістіктері мен даму тенденцияларын білу; заманауи зертханалық және өндірістік жабдықтардың жұмыс істеу принциптері мен құрылғыларын білу. Мамандану шеңберінде іргелі ғылымдар негіздерін; тірі организмдердің маңызды қосылыстарын талдау әдістерін және олардың тіршілік әрекетін зерттеу; биологтың кәсіби және ғылыми қызметінің технологиясын меңгеру.
  • Жасанды интеллектті қолдана отырып, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін меңгеру, молекулалық және жасушалық биология, биологиялық модельдер, ғылыми әдіснама және өсімдік тектес метаболиттер саласында білімі бар, сондай-ақ осы білімді биологиялық ғылымдар саласындағы өзекті мәселелерді талдау, модельдеу және шешу үшін қолдануға қабілетті.
  • Кәсіби қызметте тілді меңгеру дағдысы мен іскерлігін дамыту, ғылыми мақалалар дайындау және еркін ауызша қарым-қатынас жасау үшін шет тілінде білім берудің коммуникативтік құзыреттілігін көрсету; ғылыми білімнің генезисі, философиялық мәні және дамуы, ғылымның дамуы мен заңдылықтарының ұйымдастырылуы.
  • Стресс жағдайында эмоционалды және танымдық өзін-өзі реттеу туралы білімдерін көрсету, педагогикалық жүйелерді қолдана білу, психологиялық проблемалардың аспектілерін бөліп көрсету, нақты практикалық мәселені шешуде жеке ерекшеліктерді ескеру, психоанализдегі ұғымдар мен бағыттар арасындағы байланысты орнату.
  • Бар ақпаратты талдау, популяциялық полиморфизмнің іргелі мәселелерін анықтау, нақты экологиялық міндеттерді шешу кезінде далалық, зертханалық биологиялық зерттеулерді орындау және міндет қою, іргелі кәсіби міндеттерді шешу үшін биология ғылымдарының тарихы мен әдіснамасын білу; Биосфера туралы оқу негіздерін білу, геосаяси құбылыстарды жүйелі бағалау және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру салдарын болжау үшін қазіргі заманғы биосфералық, экологиялық, ауылшаруашылық процестерін түсіну.
  • Іргелі негіздерді, биоэнергетика, нейробиология, микробиология, генетика және иммунология мәселелерін, микроағзаларды алу, өсіру және пайдалану әдістерін меңгеру. Биологиялық ғылымдарды оқытудың әртүрлі деңгейлерінде білім мазмұнын жоспарлау; оқу-білім беру процесін ұйымдастыру және өткізу тәсілдерін анықтау; білім алушыларда биология бойынша құзыреттілікке мониторинг жүргізу.
  • Кешенді зерттеу міндеттерін шешу және жарияланымдарды ресімдеу үшін қазіргі заманғы жетістіктерді ескере отырып, жасушалық биология, цитология, биологиялық объектілердің молекулалық-генетикалық және жасушалық ұйымдастырылуы принциптерін білу жасушалық және молекулалық биология, цитология және гистология саласындағы зерттеудің өзіндік тақырыбын қалыптастыру үшін алынған ғылыми-зерттеунәтижелерін кешенді, жүйелі және оңтайлы талдауда биологиялық объектілермен тәжірибелік жұмыстың заманауи әдістерін қолдану.
Top