Жаңа білім беру бағдарламасы

8D01511 Физика пәні мұғалімдерін даярлау в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Оқыту нәтижелері

  • Эмпирикалық және теориялық әдістерді қолдана отырып ғылыми зерттеуді жүзеге асырады; зерттеуде тұжырымдамалық идеяларды жүзеге асырады; зерттеу деректерін өңдеудің заманауи әдістерін қолданады; ғылыми зерттеу нәтижелерін ресімдейді, алынған нәтижелердің нақтылығы мен шынайылығын бағалайды
  • Ғылыми зерттеулер тақырыбы бойынша әртүрлі дереккөздерді оларды мазмұны бойынша салыстыра отырып, сыни бағалауға талдау жасайды; өз пікірін негіздейді; оларды жазбаша түрде сауатты баяндайды
  • Қазіргі заманғы ғылымда қолданатын физиканың зерттеу әдістерін, олардың мүмкіндіктерін, теория мен практиканың байланысын біледі
  • Ғылыми - зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістерін, зерттеу жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін әзірлейді, өзекті зерттеу міндеттерін салыстырады және тиісті бақылауды орындайды, білім беру процесінің сапасына мониторингті жүзеге асырады, ғылыми физика-математикалық зерттеулердің теориялық және эксперименттік нәтижелерін талдайды және оларды одан әрі ғылыми-зерттеу жұмысында қолданады
  • Физиканың теориялық және концептуалдық негіздерін, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құңдылықтарын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі
  • Білім беру ортасын қалыптастырады және инновациялық білім беру саясатының міндеттерін іске асыруда өз қабілеттерін пайдаланады; физика-математикалық білім беру саласындағы инновациялық білім беру саясатының міндеттерін іске асырады
  • Заманауи жаратылыстану-ғылыми заңдылықтар мен модельдерді түсінеді, теориялық білімдерін практикалық тапсырмаларда қолдана алады; деректерді талдауда, модельдеуде және шешім қабылдауда жаратылыстану ғылымдарының әдістерін жасанды интеллект жүйелерінде тиімді пайдаланады.
Top