Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07170 Органикалық заттардың химиялық технологиясы в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Шет тілін білу арқылы ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, ғылыми-техникалық ақпаратты талдайды және жинақтайды; ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін ғылыми мақала, баяндама түрінде қорытады.
  • Ғылым тарихы мен философиясы саласындағы білімді пайдалана отырып, тұтас жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде кешенді және пәнаралық зерттеулерді жобалау және жүргізу.
  • Жоғары мектепте педагогикалық қызметті ғылыми ұйымдастыруды, оқытудың инновациялық және цифрлық технологияларын, органикалық заттардың химиялық технологиясы саласында оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып, ғылыми және педагогикалық қызметті орындау.
  • Стандартты емес өндіріс жағдайларында шығармашылық көзқарас пен логикалық ойлауды көрсете отырып, басқару психологиясының ұстанымдары мен әдістерін қолданып мамандар тобына жетекшілік етеді.
  • Көмірсутек шикізатын өңдеудің, органикалық заттарды өндірудің технологиялық процестерін үйлестіру, тіршілік қауіпсіздігі мен экологиялық тазалықты сақтау мақсатында технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін және олардың экологиялық қауіпсіздігін бағалайды.
  • Экологиялық сапа стандарттарына сәйкес келетін өнім шығаруды қамтамасыз ететін қолданыстағы қондырғыларды жаңғырту және реконструкциялау жөнінде ұсыныс әзірлейді.
  • Өндіріске дербес ғылыми әзірлемелерді іске асыру; ғылымды қажетсінетін технологиялардың маркетингін жүргізеді.
  • Қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалана отырып, көмірсутек шикізатын терең өңдеуге, табиғи газдан күкірт, синтетикалық талшықтарды өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтар мен оның элементтерін құрастырады.
  • Нейрондық желілерді қолдана отырып мұнай шикізатын терең өңдеу процестері арнайы өнімдері, үстемелер, техникалық сұйықтықтарды іріктеу және қасиеттерін реттеу, полимерлі композициялардың рецептураларын құрастыру дағдыларын меңгереді.
  • Білім алудың пәнаралық туыс салаларындағы міндеттерді шешу; алынған білімдер мен дағдыларды докторантурады оқуға мүмкіндік беретіндей деңгейге жеткізу, өмір бойы біліктілігін жоғарылатады.
Top