Инновациялық білім беру бағдарламасы

7M01522 Физика және информатика STEM оқыту негіздерімен в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Білім берудегі заманауи трендтерді терең түсіну негізінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін STEM технологияларын қолдану.
  • Білімгерлерді, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін білімгерлерді, оқыту, дамыту және тәрбиелеу мақсатында кәсіби қызметінде психологиялық-педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану
  • Студенттердің өмірлік дағдыларын дамыту үшін STEM тәжірибелік-бағдарланған әдістері мен технологияларын белсенді пайдалана отырып, оқу процесін жүзеге асыру, студенттерге бағытталған оқыту және бағалау принциптерін ескере отырып, оқу сабақтарын кәсіби түрде өткізу.
  • Ақпаратты талдау, іріктеу және қайта құру дағдыларын көрсете отырып, ғылыми және инженерлік тәжірибелерді оқыту, оқу материалдары мен бағалауда біріктіру және қолдану.
  • Сыни ойлау негізінде мәселелерді шеше отырып, логикалық, жүйелі және дәйекті тәсілдерді пайдалана отырып, цифрлық технологияларды және ресурстарды қолдана отырып, өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде жобаларды нақты жоспарлау және басқару
  • Зерттеу нәтижелерін практикалық педагогикалық қызметке енгізе отырып, білім беру тәжірибесін жетілдіру мақсатында жаратылыстану-педагогикалық ғылымдар саласындағы зерттеу жұмыстарын әріптестермен бірлесіп жоспарлау және жүргізу.
  • Кәсіби мәселелерді, оның ішінде пәнаралық байланыс саласына қатысты мәселелерді, шешуде жаңа идеяларды генерациялау.
  • Нәтижеге жауапкершілікті сезініп, шешімдер қабылдай отырып, ғылыми, әлеуметтік-педагогикалық және коммуникациялық қызмет стратегиясын сыни тұрғыдан анықтау.
Top