Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01560 География в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін ескере отырып, ғылыми зерттеу, академиялық жазу әдістерін қолдана отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін қарым-қатынас жасау.
  • Дүниетанымды, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде жаратылыстану, қоғамдық, әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету.
  • Ақпараттық және есептеу сауаттылығын, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілеттерін меңгеру.
  • Тәрбие жұмысының әдістемесінің негіздері, заманауи тәрбие тұжырымдамалары негізінде білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру арқылы олардың мінез-құлқын басқару; білім алушыларда салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу.
  • Оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың тиісті әдістері мен оқу жетістіктерін бағалау құралдарын қолдану негізінде сабақтар өткізу.
  • Әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты және ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың, олардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің заңдылықтарын ескере отырып оқу процесін ұйымдастыру.
  • Картометриялық, геологиялық, климаттық, гидрологиялық және экономикалық-географиялық мәселелерді шешуде гидрологиялық, метеорологиялық, геодезиялық құралдарды қолдану негізінде физикалық және әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін, заңдар мен заңдылықтарын түсіндіру.
  • Оқу процесін географияны оқыту мен бағалаудың заманауи технологияларын, жасанды интеллектті және интерактивті әдістерді меңгере отырып жүзеге асыру.
  • Физикалық және әлеуметтік-экономикалық, саяси география, туризм, өлкетану және геоэкология негіздерін талдау, жасанды интеллект көмегі арқылы географиялық ақпараттық жүйелер және картографиялық материалдармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.
  • Оқу процесінде зерттеулер жүргізу үшін физика-географиялық және экономикалық-географиялық әдістерді және практикалық міндеттерді шешуде далалық, геоақпараттық, статистикалық әдістерді қолдану.
  • Жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өмір бойы өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін жеке білім беру траекториясын құру, салауатты өмір салтына назар аудару.
  • Белгісіздік жағдайында зерттеушілік және кәсіпкерлік дағдыларын қолдану.
Top