Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B06118 Ақпараттық жүйелер және технологиялар в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ақпараттық жүйелерді өңдеу және жобалау саласының еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, ақпараттық технологияларды құру әдістері мен құралдарын және ақпараттық ағындарды басқаруды тиімді пайдалану дағдыларына ие болатын; түрлі салаларда, соның ішінде білім беру, өнеркәсібі және бизнес, жұмыс істеуге кәсіби бағдарланған бакалавр мамандарын дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B057 Ақпараттық технологиялар
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Информатика
-
Білім беру саласы 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
-
Дайындық бағыты 6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Математика
Физика
Алгоритмдер және бағдарламалық логиканың негіздері
Заманауи операциялық жүйелер
Бағдарламашыларға арналған дискретті математика
Бағдарламалау негіздері (С++)
-
2 Оқу жылы
UI/UX дизайны және визуализациясы
Компьютерлік жүйелердің сәулеті және ұйымдастырылуы
Желілік технологиялар негіздері
Компьютерлік графика
Java тілінде программалау-1
Бағдарламаларды әзірлеу технологиясы (инклюзивті компонентпен)
Java тілінде программалау-2
Жасанды интеллект: принциптері мен қолданылуы
Ақпараттық жүйелердің негізі
-
3 Оқу жылы
Деректер базалары жүйесін ұйымдастыру
Ақпаратты қорғаудың стандарттары
Сандық коммуникациялық жүйелер мен желілер
Микропроцессор жүйелерді және желілерді жобалау
Python деректерін өңдеуге кіріспе
Ақпарат пен технологияларды қорғау
Компьютерлік модельдеу
Математикалық және имитациялық модельдеу
Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері, Қаржылық сауаттылық
Еңбекті қорғау
Ақпараттық жүйелерінің деректер базасы
Үлкен деректерді басқару
Компьютерлік жүйелер интерфейстері
Заманауи деректер базаларын басқару жүйелері
Тіршілік қауіпсіздігі, Экология және тұрақты даму
Желілер мен жүйелерді әкімшіліктеу
Жетілдірілген Front-end технологиясы
Басқарудың ақпараттық жүйелері
Бағдарламаны әзірлеудің құрал-жабдықтары
Заттар интернеті
-
4 Оқу жылы
Машиналық оқыту негіздері
Корпоративті ақпараттық жүйелер
Кросс-платформалық қосымшаларды әзірлеу
ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат
Бұлтты және шектік есептеулер
Таратылған реестр технологиясының негіздері
Ақпараттық жүйелерді жобалау
Мультиплатформалы мобильді өңдеу технологиялары
Заманауи интеллектуалды платформалар
Интеллектуальды ақпараттық жүйелер
Деректер қорының қосымшаларын бағдарламалау
Блокчейн технологиясына кіріспе
Бұлтты платформа технологиясы
Web технологиялар
Бағдарламалық жасақтама жобаларын басқару
Корпоративті жүйелерде ақпаратты қорғау
Ақпаратты қорғау құралдары және әдістері
IT- инфрақұрылым
Wеб-қосымшалар қауіпсіздігі
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Құқықтық және экономикалық білімді пайдалана отырып бизнесте және күнделікті өмірде сауатты шешімдер қабылдау мақсатында, негізделген қаржылық шешімдер қабылдау, жеке және корпоративтік қаржыны тиімді басқару,
- Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы ықтимал тәуекелдерді азайту жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік талаптарға сәйкес кәсіби қызметте экологиялық қауіпсіз және тұрақты тәжірибені енгізу.
- Деректерді жинау, өңдеу және талдау, сонымен қатар кәсіби қызметтегі қолданбалы мәселелерді шешумақсатында жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізеді, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру идеяларын тұжырымдау және негіздеу кезінде академиялық мәтіндерді сауатты пішімдейді.
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі компоненттерін және компьютерлік графиканың түрлерін көрсету. Кескіндерді жасау және өңдеу үшін графикалық редакторларды пайдалану. Компьютерлік графика және мультимедия саласындағы қолданбалы мәселелерді шешу үшін бұлтты қызметтер мен АКТ құралдарын қолдану.
- Математика және физиканың базалық бөлімдерінің негізгі ұғымдарын білу. Әлемнің заманауи ғылыми көрінісі туралы түсінікке ие болу. Логикалық сипаттағы есептерді құрастыра білу; буль алгебрасының заңдарын қолдану; графиктар түрлерін анықта; қарапайым автоматтарды құрастыра білу.
- Қазіргі бағдарламалау тілдерін білетіндігін көрсету; бағдарламалық жасақтаманың өмірлік циклі; Дағды: бағдарламалық жасақтаманың өнімділігін жою және қалпына келтіру үшін талдау жүргізу. Білім беру және кәсіптік қызметке инклюзия принциптерін ескере отырып, пайдаланудан шығарылғанға дейін бағдарламалық қамтамасыз етуді жүйелі түрде қамтамасыз ету (жаңарту, қорғау, жаңғырту).
- Стратегиялық менеджмент принциптері; жобаларды басқару әдіснамасы; бизнес-ережелер түрлері; бизнес-модельдеу; CASE құралдары; деректерді гео өңдеу құралдары бар бағдарламалық құралдар туралы білімдерін көрсету. Іскерліктер мен дағдылар: ұйымның бизнес-процестерін және/немесе АКТ-жобаларын бизнес-жоспарлау тәсілдерін талдау; бизнес-процестерге қойылатын талаптар пакетін әзірлеу.
- Сенімді есептеу ортасын құру үшін заманауи операциялық жүйелерді, желілік архитектураларды және цифрлық коммуникациялық платформаларды талдау және жіктеу әдістерін меңгеру. АТ жобаларын басқару құралдарын пайдалана отырып, микропроцессорлық жүйелер мен желілік инфрақұрылымды жобалау, басқару және оңтайландыру әдістерін қолдану. Желілік және ақпараттық жүйелердегі қауіпсіздікті, ауқымдылықты және ашықтықты қамтамасыз ету үшін үлестірілген реестр және блокчейн технологияларын пайдалану.
- Сенімділік, масштабтау және қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, қазіргі заманғы дерекқорды басқару жүйелерін жобалау, конфигурациялау және біріктіру. Зияткерлік ақпараттық жүйелерді құру және шешім қабылдау үшін үлкен деректерді талдау әдістерін және машиналық оқыту алгоритмдерін пайдалану. Мобильді және интеллектуалды платформалармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ете отырып, деректер базасына қол жеткізе алатын кросс-платформалық қосымшаларды әзірлеу және бейімдеу.
- АЕЖ архитектурасын, құрылғыларын анықтау; желілік құрылғылардың ОС орнату. Жүйелер мен процестерді математикалық және имитациялық модельдеу әдістерін сипаттау. Бағдарламалық жасақтама архитектурасын жобалау, бағдарламалық жасақтама архитектурасын тексеру; модельдік экспериментті жоспарлау және оның нәтижелерін компьютерде өңдеу.
- Бағдарламалық жасақтама мен бағдарламалық интерфейстерді, заманауи гипермәтіндік бағдарламалау тілдерін жобалау әдістері мен құралдары туралы білімдерін көрсету. Қосымшалардың өзара іс-қимылының клиент-серверлік моделінің принциптерін, ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-аппараттық құралдарының жұмысы мен пайдалану ережелерін сипаттау.