Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01506 География мұғалімдерін даярлау в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Географияны инновациялық деңгейде және орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес оқытуға, қызметін үнемі өзгеріп отыратын жағдайларда жүзеге асыруға қабілетті, әлеуметтік бейімделген, мәдени тұрғыдан дамыған, кәсіби құзыретті география мұғалімін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B014 География мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
2 Оқу жылы
Минералогия және петрография негіздері
Өлкетану және туризм негіздері
Географиялық қабықтың жалпы заңдылықтары
Метеорология және климатология
Жасанды интеллект: принциптері мен қолданылуы
Жер қыртысының даму тарихы
Геология
ҚР және ТМД туристтік географиясы
Тұрғындар географиясы
Геоморфология
Алыс және жақын шетелдер географиясы
Қалалар географиясы
Елтану
-
3 Оқу жылы
Географияны оқытуда инновациялық технологияларды қолдану
Сандық география және туризм
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Географияны оқыту әдістемесі
Туризмдегі геоақпаратттық жүйелер
Тіршілік қауіпсіздігі, Экология және тұрақты даму
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері, Қаржылық сауаттылық
Ландшафттану және физика-географиялық аудандастыру
Топырақтану
Топонимика
Жамбыл облысының физикалық географиясы
ТМД-ң физикалық географиясы
Қазақстанның физикалық географиясы
-
4 Оқу жылы
Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы
Жалпы білім беретін мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс негіздері
Оқушылардың сыни ойлауын дамыту және функционалдық сауаттылық
ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат
Қазіргі дүние географиясы
Халықаралық қатынастар географиясы
Геоэкология және табиғатты қорғау
Инклюзивті білім беру ортасы
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Құқықтық және экономикалық білімді пайдалана отырып бизнесте және күнделікті өмірде сауатты шешімдер қабылдау мақсатында, негізделген қаржылық шешімдер қабылдау, жеке және корпоративтік қаржыны тиімді басқару.
- Деректерді жинау, өңдеу және талдау, сонымен қатар кәсіби қызметтегі қолданбалы мәселелерді шешумақсатында жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізеді, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру идеяларын тұжырымдау және негіздеу кезінде академиялық мәтіндерді сауатты пішімдейді. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың барлық талаптарын сақтай отырып, қызмет пен технологиялық қызмет өнімдерінің, ғылыми жаңалықтардың қоршаған ортаға әсерін ескереді.
- Педагогика мен білім беру психологиясының теориялық негіздеріне сәйкес инклюзивті білім беру ортасын, сондай-ақ психологиялық жайлылық пен білім алуға тең қолжетімділікті ескере отырып, оқу жетістіктерін объективті және ашық бағалаудың тиісті технологияларын қолдану.
- Географиялық ақпаратты өңдеудің картографиялық әдістерін түсіну және қолдану, жалпы жертану мен геологияның негізгі ұғымдары мен әдістерін тұжырымдау, картографиялық материалды пайдалана отырып геологиялық жағдайды теориялық талдау дағдыларын көрсету және климаттық процестер мен атмосфералық құбылыстардың қалыптасу заңдылықтарын білу. Оқытылатын пәніндегі оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану.
- Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау негіздерін түсінеді, топонимдердің мағыналық шығу тегін және негізгі географиялық терминдерді, сонымен қатар әртүрлі мемлекеттердің мәдениеті, экономикасы мен саясаты, халықтың орналасуына және қала құрылысына әсер ететін процестер туралы негізгі фактілерді біледі.
- География сабақтарында мультимедиялық ресурстарды қолдану, оқушылар арасында өлкетану жұмыстарын жүргізу қабілетін көрсету, Қазақстанның туристік әлеуетімен танысу арқылы олардың білім және мәдени деңгейін арттыру.
- Физикалық география пәнінен теориялық және практикалық білімдерін көрсету, жер бедерінің, климатының, су ресурстары мен өсімдіктерінің ерекшеліктерін, топырақ типтерінің таралуын, табиғи аумақтық кешендерін және олардың орналасу ерекшеліктерін білу. Теориялық білімдерін практикада қолдану, далалық зерттеулерді жүргізуді білу, алынған ақпарат негізінде талдау және қорытынды жасау.
- Дүние жүзі елдерінің негізгі географиялық сипаттамалары мен көрсеткіштерін түсіндіру, жекелеген этностар мен мемлекеттердің демографиялық деректерін жүйелеу және жалпылау, қазіргі жаһандық қызметтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен сапасын салыстыру және бағалау қабілетін көрсету.
- Географиялық зерттеулердің заманауи инновациялық әдістерін және географияны оқыту технологияларын жетік меңгерген. Географияны оқытудың инновациялық әдістерін және практикалық іс-әрекеттерін қолдана алады. Педагогикалық және географиялық тәжірибесі бар, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кәсіби қызметінде пайдаланады.