Жаңа білім беру бағдарламасы

6B07330 Сумен қамтамасыз ету, суды бұру және су ресурстарын қорғау в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Академиялық жазу және академиялық адалдық мәдениеті қағидаттарын ескере отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.
  • Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету.
  • Ақпараттық және есептеу сауаттылығына, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілетіне ие болу.
  • Гидрогеологиялық, гидрометриялық, геодезиялық ізденістер жүргізу; ізденістердің нәтижелерін өңдеу және пайдалану.
  • Қалалық және елді-мекендердегі сарқынды сулар мен бұрғылау ұңғымаларын тазарту бойынша ғимараттар мен құрылыстардың, технологиялық және қосалқы жабдықтардың техникалық жай-күйін диагностикалау;
  • Нормативтік-құқықтық құжаттаманы ескере отырып, су шаруашылығы және гидроэнергетикалық объектілерді, кешенді су тораптарын, өнеркәсіптік ғимараттардың ішкі жүйелерін пайдалану және күтіп-ұстау.
  • Жасанды интеллект пен жобалау құралдарын пайдалана отырып, сумен жабдықтау, су бұру және суды тазарту жүйелерінің құрылыстары бойынша жобалау құжаттамасын әзірлеу;
  • Су шаруашылығы объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және суды пайдалану жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін талдау.
  • Жобалау, зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу; гидротехникалық құрылыстар мен сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаларды жоспарлау.
  • Құрылыс және жөндеу жұмыстарын басқару, сондай-ақ сумен жабдықтау, су бұру және суды тазарту объектілерінде олардың орындалу сапасын бақылау.
  • Жүргізілетін зерттеулер және(немесе) әзірлемелер тақырыбы бойынша ақпараттық ресурстарды, ғылыми, тәжірибелік эксперименттік және аспаптық базаларды пайдалану.
  • Жеке және топ құрамында тиімді жұмыс жасау, өзін-өзі тәрбиелеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын игереді және бағалай алады.
Top