Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02204 Тарих в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тарих әдіснамасының, тарих ғылымының әлеуметтік функцияларының рөлі мен маңызын түсіндіреді, антропологиялық зерттеулер, тарихи деректерге ішкі және сыртқы талдау, деректану және тарихнамалық зерттеулер жүргізеді.
  • Әлем халықтары өмірінің түрлі салаларын, олардың тұрмысы мен мәдениетін біледі. Тарихи өлкетану мен зерттеулерге қатысты мәселелер бойынша өз ұстанымын бекітеді және негіздейді.
  • Теориялық білімді ғылыми зерттеулер жүргізуде, тәжірибе барысында тарихи-мәдени, статистикалық материалдарды жинау және интерпретациялауда, тілді меңгеруде қолданады.
  • XX ғасырдағы қоғамдық-саяси қозғалыстардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың қалыптасу процесін талдайды; жаңа және қазіргі уақыттағы тарихи ақиқаттың жалпы көрінісін қайта жаңғыртады; дүниежүзілік және отандық тарихтың бүкіл кезеңдерін зерделеу барысында тарихи пәндер бойынша білімін пайдаланады.
  • Демографиялық болжаудың теориялық негіздерін ажыратады; демографиялық зерттеудің заманауи формалары мен әдістерін меңгереді.
  • Деректермен, ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемелерімен, академиялық жазумен, ғылыми зерттеулердің негіздері мен этикасымен, жасанды интеллектпен жұмыс істеудің әдіснамалық принциптері мен кезеңдерін меңгереді және қолданады.
  • Өзінің кәсіби қызметінде қазіргі қоғамның бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, өзара түсіністік, төзімділік және демократиялық құндылықтарының басымдықтары негізінде өзінің азаматтық ұстанымын бекітеді.
  • Қоғам мен адам туралы білімді, қазіргі қоғамдағы рухани үдерістердің рөлін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделерін қолданады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған экономикалық және әлеуметтік жағдайларды, қаржылық сауаттылықты талдайды. Инклюзия қағидаттары мен құндылықтарын, адам мен табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсерін түсінеді.
  • Қосалқы тарихи пәндерді, Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының мәдениетін біледі, түркі халықтарының тарихын өркениеттік көзқарас тұрғысынан бағалайды.
  • Деректік және оқу материалдары негізінде ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи оқиғалардың барысын, себеп-салдарын, өзара байланысын біледі және бағалай алады.
  • Білім беру ұйымдарында педагогикалық үдерісті жүзеге асыру әдістемесінің заңдылықтары мен қағидаттары, тәрбие механизмдері, формалары, әдістері мен құралдары туралы білімдерін, жаңартылған бағдарламаларды, тұлғалық-бағдарлы және технологиялық тәсілдерді қолданады.
  • Архивтік құжаттардың, музей экспонаттарының түрлерін, мерзімін және мәдени құндылығын, функционалдық мақсатын анықтау бойынша типтік міндеттерді шешудің негізгі әдістерін біледі және оларды практикалық қызметінде қолданады. Қазақстанның архив ісі саласындағы қолданыстағы нормативтік актілерді басшылыққа алады.
Top