7M05126 Ветеринарлық биотехнология в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Отандық және шетелдік жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыратын ветеринария және биотехнология саласында басқарымдық-ұйымдастырушылық машықтары бар сұранысқа ие ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M082 Биотехнология
-
Білім беру саласы 7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 7M051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Пәндер
-
Жоғары мектеп педагогикасы және психологиясы
Мақсаты: Жоғары білім берудің заманауи парадигмаларын анықтайды. Қазақстандағы жоғары кәсіптік білім беру жүйесі. Педагогика ғылымының әдістемесі. Мазмұны: Жоғары мектеп мұғалімінің оқу-тәрбие процесін басқарудың кәсіби шеберлігі. Заманауи, ғылыми-зерттеу, инновациялық оқыту технологиялары. Болашақ мамандарды мамандық ерекшеліктеріне дайындауда оқытудың әдістері мен формалары. Жоғары оқу орындарындағы жаңа білім беру технологиялары. Әлеуметтік тәрбие, маман тұлғасын қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу этикасы
Мақсаты: Жеке оқыту, интеграцияланған, блоктық және парацентрлік оқыту технологиясын қолданады. Жоғары мектепте оқу процесін ұйымдастыру, жоспарлау дағдыларын игереді. Мазмұны: Мультимедиялық оқыту технологиясы. Проблемалық жағдайлар мен кейстерді талдау және шешу арқылы бейіндік пәндерді оқыту. Білім алушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыру. «Ветеринарлық биотехнология» мамандығының бейіндік пәндерін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері. Оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу және өзектендіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биотехнологиядағы генетикалық инженерияның заманауи әдістері
Мақсаты: Генетикалық аурулардың молекулярлық диагностикасын, нуклеин қышқылдарының бөлінуін зерттеу әдістерін салыстырады. Гендерді өсімдік жасушаларына тасымалданып жеткізілуінің физикалық әдістерін және антиген-антидененің өзара әрекеттесуін зерттеудің иммуногистохимиялық әдістерін зерттейді. Мазмұны: Клондау технологиясын молекулалық және жасушалық деңгейде талдау. Практикалық селекция мақсатында трансгенді өсімдіктер, жануарлар мәселелерін шешуде гендік инженерияның негізгі әдістерін қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шет тілі (кәсіби)
Мақсаты: Түпнұсқа жазбалардың жалпы мазмұнын түсіну. Мамандығы бойынша ғылыми тақырыптарға жазбаша хабарламалар дайындау дағдыларын меңгереді. Мазмұны: Көптілді қарым-қатынасты дамыту, ғылыми баяндама жасау. Ғылыми баяндама, ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша тезистер, шет тіліндегі түпнұсқа дереккөздерге реферат, ғылыми мәтінге аннотация, түйіндеме. Кәсіби ақпаратты қамтитын дәрістерді, хабарламаларды есту арқылы қабылдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Мақсаты: Жаратылыстану және техникалық ғылымдардың тарихы мен философиясын біріктіреді. Қазіргі заманғы ветеринарлық биотехнологияны дамытуда философиялық ойлау дағдыларын игереді. Мазмұны: Жаратылыстану ғылымдарының заманауи өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелері. Мәдениет пен өркениеттегі жаңа еуропалық ғылым, ғылымның пайда болуы, оның тарихи динамикасы, ғылыми танымы, биотехнологияның философиялық мәселелері. ХХІ ғасырдың коммуникативтік технологияларының қазіргі ғылымдағы рөлі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Мақсаты: Басқару процестерін, құбылыстарын психологиялық талдаудың әдіснамалық мәселелерін меңгереді. Мазмұны: Әр түрлі басқару мәдениеттерімен байланыс жағдайында іскерлік, тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Басқару жүйелерінің өмірі мен динамикасының теориялық заңдылықтары туралы дағдыларды игеру; басқарушылық-психологиялық кеңес беру әдістері туралы идеяларды қалыптастыру, ұжымның құрылымын және ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климатты сыни талдау; ұйымды басқаруда көшбасшылық стильдерді қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ветеринарлық медицинадағы заманауи биотехнологиялық әдістер
Мақсаты: Вакциналардың, антибиотиктердің, биологиялық белсенді қосылыстардың, дәрумендердің, микроорганизмдер мен вирустардың ветеринариялық медицинада қолданылу келешегін бағалайды. Мазмұны: Зерттеу жұмыстары мал шаруашылығы өнімдерін, жануарлардың денсаулығын жақсарту, биологиялық алуан түрлілікті сақтау. Ветеринарияда қазіргі заманғы биотехнология ғылымының ғылыми жетістіктерін пайдалану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Биотехнологияның жетістіктері және келешегі
Мақсаты: Салалар бойынша биотехнологияның теориялық негіздерін синтездейді. Мазмұны: Биотехнологияда қолданылатын физикалық және биофизикалық әдістерді салыстыру, сондай-ақ мембраналық құрылымдарды, биополимерлерді, нуклеин қышқылдарын зерттеу және пайдалану әдістерін анықтау. Ферменттік препараттарды әзірлеу және оларды өнеркәсіпте қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Биотехнология салаларының заманауи мәселелері
Мақсаты: Ауыл шаруашылығындағы, азық өндіру индустриясындағы азық сапасын бақылау әдістері, ақуыз тапшылығына, микроорганизмдерді өсінділеу мен селекциялауға қатысты биотехнологиялық мәселелерді талдауды ұйымдастыру. Мазмұны: Ақуыз тапшылығы. Микроорганизмдерді өсінділеу мен селекциялау. Жасуша ішілік реттеудің молекулалық механизмдерін айқындау. Салалық өнеркәсіптегі ветеринариялық медицина мәселелерін шешу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Агроөнеркәсіптік және индустриялық аймақтағы экобиоқауіпсіздік
Мақсаты: Агроөнеркәсіптік өндірістегі қоршаған ортаның ластану проблемалары, оның қазіргі қоғамдағы маңызы туралы білімді тереңдетеді. Мазмұны: Түрлі өндірістердің өнеркәсіптік қалдықтарын биологиялық қайта өңдеу. Ластанған топырақты тазарту. Деструкторлы-микроорганизмдерді пайдалану. Ағынды сулар мен топырақты тазарту. Зерттеулердің қазіргі заманғы әдістері кешенін практикада қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздері
Мақсаты: Ветеринарлық-биотехнологиялық өндірістің белгілі бір саласындағы ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін бағалауды меңгереді. Мазмұны: Таңдалған тақырыптың өзектілігін, зерттеу мақсаты мен міндеттерін тұжырымдауды негіздеу. Теориялық, эксперименттік зерттеу әдістемесін әзірлеуді пайдалана отырып, магистрлік диссертация тақырыбы бойынша инновациялық технологияларды қолдану, ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есепті ресімдеу және қорғау дағдыларын меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Биотехнологиялық өндірістің генетикалық қауіпсіздігін қамтамассыз ету
Мақсаты: Биотехнологиялық кәсіпорындардағы гендік-инженерлік қызметтің биоқауіпсіздік мәселелерін түсіндіреді. Мазмұны: Гендік-инженерлік организмдердің қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал қолайсыз әсері. Тамақ өнімдерін өндіру кезінде гендік түрлендірілген көздердің биологиялық қауіпсіздігін анықтау. Тағамдық токсикологиялық-гигиеналық бағалау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Биотехнологиялық процестердің экологиялық аспектілері
Мақсаты: Сілтісіздендірудің, қатты қалдықтарды кәдеге жаратудың және дәстүрлі емес энергия көздерін алудың биотехнологиялық тәсілдерін, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы қалдықтарын практикада қолдануды ұйымдастыру. Мазмұны: Қайта өңдеудің аэробты және анаэробты әдістері. Ауыр металдармен және радионуклидтермен ластанған нысандарды тазартудың биотехнологиялық әдістері. Қоршаған ортаның органикалық заттарының биодеградациясында микроорганизмдерді пайдалану. Токсиканттарды алу тиімділігінде микробиотаның өзара байланысы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ветеринарлық медицинадағы микроорганизмдердің биотехнологиясы
Мақсаты: Микроорганизмдер биотехнологиясының бағыттары мен әдістерін, өндіруші штаммдардың жіктелуі мен қасиеттерін анықтайды. Мазмұны: Микробиологиялық өндіріс негізінде өнімдерді дайындау әдістері мен технологиясын ретке келтіру. Микробиологиялық препараттарды алу технологиясын ұйымдастыру. Микроорганизмдерді культивациялау. Таза дақылдарды сәйкестендіру. Микроорганизмдерді өсінділеудің өндірістік механизмдерін қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Ветеринариядағы жасушалық биотехнологияның нанотехнология негіздерімен
Мақсаты: Жасуша биотехнологиясының теориялық негіздерін, жасуша биотехнологиясының объектілері мен әдістерін түсіндіреді. Мазмұны: In vitro, in vivo әдістерін пайдалану. Жануарлар жасушаларын өсіруге қажетті ортаны дайындау. Жасанды интеллект көмегімен жасушалық нанотехнологияларды алу және талдау әдістері. АӨК-де жасушалық технологиялар әдістері. Ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеуді жүзеге асыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Ветеринарлық медицинадағы жануарлардың биотехнологиясы
Мақсаты: Жануарлар биотехнологиясының жалпы биологиялық негіздерін, жасушалық инженерияға эксперименттік тәсілдерді, жануарлардың соматикалық және ұрық жасушаларын клондау және генетикалық өзгеру принциптерін түсіндіреді. Мазмұны: Мал шаруашылығы және ветеринария ғылымы мен тәжірибесінде биотехнологиялық әдістерді қолдану дағдылары. Жануарлар биотехнологиясы бойынша тәжірибелер жүргізуді жоспарлау. Асыл тұқымдық шаруашылықты және жасанды ұрықтандыруды басқару.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Биотехнологиядағы нанотехнологиялар
Мақсаты: Физикалық-химиялық биология, молекулярлық биология жетістіктерін практикада қолдануға негізделген нанобиотехнологияның заманауи бағыттары бойынша білімін тереңдетеді. Мазмұны: Нуклеин қышқылдарының, ақуыздар мен олардың кешендерінің өзара әрекеттесуінің құрылымдық функционалдық негіздері. Наномөлшерлі биологиялық құрылымдарды алу мен талдаудың заманауи әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Ветеринариялық биотехнологияға қойылатын халықаралық талаптар
Мақсаты: Ветеринарлық биотехнологияға қойылатын халықаралық талаптарды, заманауи ветеринарлық препараттарды өндірудің және сапасын бағалауды ұйымдастыру. Мазмұны: Ветеринарлық биологиялық препараттар өндірісіне талдау жасау. Ветеринария саласында пайдаланылатын антигендер, вакциналар, сарысулар, иммуноглобулиндер алу тәжірибесін зерттеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ветеринариядағы биологиялық қауіпсіздік
Мақсаты: Зертханалық жағдайларда биологиялық қауіпсіздік тұжырымдамаларын, биологиялық қауіпсіздік бокстарын қолдану. Мазмұны: Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жабдықтар. Зертханалық әдістер. Төтенше жағдайлардағы жоспарлар мен рәсімдер. Дезинфекция және стерильдеу. Инфекциялық материалдарды қауіпсіз тасымалдау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Ветеринарлық медицинадағы ғылыми зерттеулердің әдістемесі
Мақсаты: Табысты педагогикалық қызмет үшін білім мен іскерлікті, ветеринариялық медицинаның ғылыми білімін, теориялық білімді қамтамасыз ете отырып, пәнді оқыту әдістемесін тереңдетеді. Мазмұны: Ветеринариялық медицина мәселелерін жариялау. Әдіснамалық жұмыс үшін қажетті дағдыларды, сондай-ақ инновациялық әдістер мен жобалар тәсілдерін жасау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Импортталатын жануарлар мен тауарлардың биологиялық қауіпсіздігі
Мақсаты: Сертификаттау бойынша жалпы міндеттемелер мен сертификаттау рәсімдері туралы білімді тереңдетеді Мазмұны: Дүниежүзілік сауда ұйымының санитариялық шараларын қолдану. Келісім бойынша ХЭБ-тің ішкі рәсімдерімен танысу. Экспорттаушы елдегі жөнелту орны. Импорттаушы елдегі қабылдау орны. Транзит кезінде жөнелтуге дейін және жөнелту кезінде қабылданатын ветеринарлық санитарлық шаралар.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Ветеринарлық медицинаның заманауи мәселелері
Мақсаты: Қазақстанда және шетелде жұқпалы этиологиядағы аурулар бойынша эпизоотологиялық ахуалды диагностикалауды ұйымдастыру. Мал ауруларының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу Мазмұны: Аумақтарды эпизоотологиялық зерттелуін жүргізу, оларды талдау. Зерттеудің заманауи әдістері, болжау және технологиялық процестерді зерделеу диагностикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, жануарларды иммундау. Биопрепараттар дайындау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Биотехнологияның заманауи жетістіктері негізінде жануарлардың жұқпалы ауруларын емдеу және алдын алу
Мақсаты: Ветеринарияға арналған диагностикалық, емдік және профилактикалық препараттарды жасаудың жаңа биологиялық технологияларын әзірлеуде қолданылатын генетика ғылымының жетістіктерін бағалайды. Мазмұны: Жануарлардың жұқпалы ауруларының себептерін анықтау. Аурудың негізгі белгілерін тану, емдеу және диагностикалау кезінде заманауи препараттарды қолдану. Инновациялық зерттеу әдістері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Жануарлардың жұқпалы ауруларын диагностикалаудың іргелі негіздері
Мақсаты: Микроорганизмдерді диагностикалау мен сәйкестендірудің жоғары дәлдіктегі, генетикалық әдістерін, плазмалық профильді анықтауды, рестрикциялық талдауды, ДНҚ - будандастыруды, ПТР, секвенирлеуді қолданады. Мазмұны: Жануарлардың жұқпалы ауруларын диагностикалауда биочиптерді қолдану. Геномдық нуклеотидтер кезектігіне негізделген патогендік микроорганизмдердің изоляттарын филогенетикалық талдау. Биологиялық макромолекулаларды бөлу, тазарту және шоғырландыру принциптері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Эксперимент теориясы мен әдістері
Мақсаты: Микроорганизмдердің физиологиялық белсенді заттарын, жануарлардың жұқпалы ауруларының иммунодиагностикасын және ғылыми эксперименттерді қою әдістерін зерделейді. Мазмұны: Биоматериалдағы уытты заттарды анықтау әдістері. Химиотоксикологиялық мониторинг негіздері. Ғылыми зертханаларға, реактивтерге және зертханалық ыдыстарға қойылатын талаптар. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру. Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және олардың нәтижелерін өндіріске енгізу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Педагогикалық теорияға негізделген заманауи, ғылыми-зерттеу және инновациялық (оның ішінде цифрлық) оқыту технологияларын пайдалана отырып оқыту және оқу тәрбие шеберлігін басқаруды меңгеру.
- Жасанды интеллектіні және нновациялық ғылыми әдістерді қолдана отырып, заманауи микробиологиялық зерттеулерге негізделген оңтайлы шешімдерді қолдану.
- Заманауи ғылыми зерттеу, биотехнологиялық және генетикалық зерттеу әдістерін қолдана отырып, жасанды ұрықтандыру пункттерінің санитарлық-зоогигиеналық жағдайын бақылау.
- Қазіргі заманғы азық өндірісінің технологияларын пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған азық сапасын бақылауды ұйымдастыру.
- Аса қауіпті инфекциялар кезінде зертханалық-диагностикалық зерттеу әдістері және шығарылатын биологиялық препараттар мен дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау және ветеринариялық-санитариялық іс-шараларға арналған қызметті жоспарлау.
- Жасанды интеллекті пайдалану арқылы нанотехнология негіздері мен биотехнология жетістіктерін қолдану, патогендік биологиялық агенттермен жұмыс жүргізетін өнеркәсіптік, ғылыми-зерттеу және микробиологиялық зертханаларда биологиялық қауіпсіздікті жүйелеу.
- Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ақпараттық-талдау және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргізу; кәсіби қызмет саласында ақпараттық және цифрлық технологияларды пайдалану.