Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01704 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қазақстан-Американдық еркін университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Өзінің тұлғалық дамуына негіз болған әрі мүмкіндік берген, ғылыми зерттеулер жасау барысында идеяларды пайдалануға жол ашқан жоғары білім алу деңгейінде өз білімінің дамуы мен оны түсінуін көрсете алу.
  • Тілдік нормаларға сәйкес дұрыс грамматикалық формаларды қолдану және сөйлеуді синтаксистік құру дағдыларына сүйене отырып, сөйлеу тәсілін таңдауды жүзеге асыру, сөйлеу тәртібін жоспарлау, және күнделікті кәсіби қарым-қатынас жағдайларына қажетті ақпараттар, идеялар, проблемалар мен шешімдер туралы хабарлау.
  • Өзінің зерттейтін саласына байланысты неғұрлым күрделі (пәнаралық), жаңа немесе бейтаныс жағдаяттарда кездесетін проблемаларды түсінуі және оны шешу барысында өз білімін қолдана алу.
  • Толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып тұжырым жасау және қиындықтарды жеңе білу, білімді интеграциялау (кіріктіру).
  • Әдеби материалдарды құрайтын ұғымдар мен категорияларды саралау, білімі және түсінігін кәсіби деңгейде қолдану, осы саладағы проблемаларды шешу.
  • Теориялық білімді практикада қолдана білудің, оқу ақпаратын іздеу, талдау және өңдеу тәсілдерін меңгеру бойынша икем, дағдыларын, тәсілдер мен дағдыларды дербес анықтау, жалпы оқу іскерліктерін, зерттелетін салада қосымша білім алуды жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын қалыптастыру.
  • Жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық, рухани және мәдени құндылықтарын қалыптастыру, отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу мақсатында ақпаратты жинау және түсіндіру.
  • Кәсіби қарым-қатынас, экологиялық, дене, этикалық, құқықтық, ақпараттық, экономикалық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыруға, сондай- ақ кәсіби қызметте ары қарай білім алуды өзіндік жалғастыру үшін қажетті оқу дағдылары мен іскерлігін қалыптастыру.
  • Өзінің білімі мен тұжырымдарын маман және маман емес адамдарға негіздей алу, оны анық және нақты хабарлау.
  • Дағдыларды меңгеру: білім алушылардың зерттеу қабілеттерін диагностикалау; академиялық және кәсіби ортада коммуникация стратегиялары мен тетіктерін білуді көрсету.
  • Білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізу бойынша терең дағдыларды меңгеру; педагогикалық ғылымның өзекті мәселелерін шешуде ғылыми ізденіс пен эксперимент жүргізудің әдіснамасын игеру, соның ішінде жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы; білім алушылардың ғылыми-зерттеу және ғылыми-шығармашылық қызметін, сондай-ақ олардың жарияланымдық белсенділігін дамыту және қолдау стратегияларын қолдану.
Top