Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M03204 Журналистика в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады.
  • Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру білу.
  • Ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті, бұқаралық ақпарат құралдарын мен масс-медианың қалыптасу, даму заңдылығын анықтайтын зерттеу әдістерін білу. Публицистердің шығармашылығын, тақырыптарын, өзекті мәселелерін талдау.
  • Журналистикадағы жасанды интеллект қызметін қолдана білу, бұқаралық коммуникация құралдарының қызметіне мониторинг жасайтын платформалармен жұмыс істей алу, үлкен деректерді талдауға, әлеуметтік медиа мен мерзімді баспасөз, телевизия мен радио тұтынушысының түрлі саладағы көңіл толмаушылық, сыни пікірлерін анықтау, сондай-ақ тілдік, этносаралық қарым-қатынас мәселелеріне қатысты пікірлерді сараптау. Акпараттық нарық, газеттер мен электронды БАҚ аудиториясының демографиялық сипаттамаларын зерттеу және өлшеу, айналымды ұлғайту жолдары, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша аудиторияның көзқарастарын анықтау, жариялаудың «ішіндегі» аудиторлық преференциялар, ұсынылған ақпарат мазмұнына қатысты аудиторияның сұраныстарын қанағаттандыру деңгейін әлеуметтік бағалау, бұқаралық коммуникация құралдарының қызметіне мониторинг жасайтын платформалармен жұмыс.
  • Бұқаралық коммуникацияның негізгі концепциялары, шектеулі ықпал ету идеясы және жаңа СМЖ концептуализациясын, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жаһандық ақпараттық салаға кіру үшін әлеуетін, жаһандану жағдайында ғаламдық ақпараттық кеңістікке шығудың жолдары мен формаларын білу, геосаясаттың қазақстандық және әлемдік тәжірибелерін меңгеру.
  • Оқу-педагогикалық қызметпен таныс, журналистік піндерді оқытудың қазіргі заманғы әдістерін және практикасын білетін маман.
  • Белгілі зерттеуші-журналистердің ғылыми-педагогикалық және шығармашылық лабораториясын зерттеу, тарих, теория және практика саласындағы, журналистік ғылым саласындағы еңбектерін жинау және талдау.
  • Арт-журналистика жөнінде алынған білімді қолдана алу, БАҚ пен көркем публицистика саласында деректер мен образдарды берудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, әдебиет пен журналистиканың, кино мен масс-медианың өзара байланысын ұғыну, театр және кино рецензияларды жазу дағыдысын меңгеру, мәдениет пен әдебиет мәселелері төңірегінде медимәтін дайындау.
  • Бұқаралық ақпарат құралдарының медиа менеджментін білу, іс жүзінде басқару туралы білімін көрсетіп, медиа бизнесін дамыту әдістерін жетілдіру арқылы қолдану.
  • Конвергентті редакцияда, жаңа «онлайндық» БАҚ-да, мультимедиалық ақпараттық өнімдерді өндіру ерекшеліктерін білу, WEB-ге бейнелерді оңтайландыру және жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.
Top