Жаңа білім беру бағдарламасы

6B07215 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Құқықтық және экономикалық білімді пайдалана отырып бизнесте және күнделікті өмірде сауатты шешімдер қабылдау мақсатында, негізделген қаржылық шешімдер қабылдау, жеке және корпоративтік қаржыны тиімді басқару.
  • Өнеркәсіптік нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен тексеру жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасау.
  • Деректерді жинау, өңдеу және талдау, сонымен қатар кәсіби қызметтегі қолданбалы мәселелерді шешумақсатында жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізеді, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру идеяларын тұжырымдау және негіздеу кезінде академиялық мәтіндерді сауатты пішімдейді.
  • Кәсіби мәселелерді визуализациялау, жобалау және шешу, сондай-ақ алынған нәтижелерді практикалық қызметке енжіру үшін қолданбалы цифрлық технологияларды пайдалана отырып, графикалық материалдарды жасайды және өңдейді.
  • Математикалық талдау және теориялық пен эксперименталды зерттеулерді моделдеу әдістерін қолдана отырып, кәсіби қызметінде жаратылыстану-ғылыми пәндердің негізгі заңдарын қолданады. Математикалық талдау және теориялық пен эксперименталды зерттеулерді моделдеу әдістерін қолдана отырып, кәсіби қызметінде жаратылыстану-ғылыми пәндердің негізгі заңдарын қолданады.
  • Тағам өндірісінде пайдаланылатын шикізат түрлерін, оларды азық-түлік өнеркәсібінің түрлі бағыттарында қолдану жолдарын, дайын өнімнің әр алуандығын, өңдеу тәсілдерінің негізгі қағидаларын, сондай-ақ шикізатты өңдеу мен дайын өнім алу, олардың сапасын анықтау әдістерін меңгеру. Сонымен қатар, өндірістік үдерістерде инклюзивті технологиялар мен тәжірибелерді тиімді енгізу жөнінде бастапқы білім мен түсінігін қалыптастыру.
  • Кәсіптік қызметінде тамақ өнеркәсібі саласындағы технологиялық процесті ұйымдастырудың жалпы принциптері туралы білімдерін қолданады.
  • Технологиялық-химиялық бақылау әдістерін, микробиологияның теориялық және әдіснамалық негіздерін пайдалана отырып, шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, дайын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін ластаудың ықтимал жолдарын анықтайды.
  • Нормативтік құжаттарды ескере отырып, жабдықтарды, аппараттарды, машиналарды таңдау әдістерін, технологиялық есептеу әдістерін іс тәжірибесінде пайдаланады. Сонымен қатар технологиялық жабдықтарды орналастыра отырып, техникалық жарақтандырылған жұмыс орындарын жобалауды және соған сәйкес жаңартылған технологиялық жабдықтарды пайдаланады.
  • Тағам өнімдерін өндіруде мал және өсімдік шикізаттарын қайта өңдеу әдістері мен тәсілдері негізінде технологиялық схемаларды жасаудың ғылыми-негізделген принциптерін кәсіптік практикада қолданады.
  • Азық-түлік шикізаты мен өнімдерін өндіру, сақтау және өткізу тәжірибесінде теориялық білімді пайдалана отырып, өсімдік шикізатын өңдеудің технологиялық процесін жүзеге асырады
  • Прогрессивті технологияларды, тамақ шикізатын буып-түю тәсілдері мен әдістерін пайдалана отырып, қоғамдық тамақтандыру өнімдері мен алкогольсіз сусындарды өндірудің технологиялық процесін ұйымдастырады.
  • Қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес тамақ кәсіпорындарының технологиялық жабдықтарының түрлерін пайдалану.
Top